|
Ссектор меңгерушісі: |
|
сектор мамандарының жұмысын үйлестіріп, бағыттауға; |
|
балалар құқығын қорғау, кәмелетке толмағандардың әлеуметтік, мүліктік, тұрғындық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етуге; |
|
жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтап, олардың есебін жүргізуге; |
|
балалар құқығының қоғамдық инспекторларымен, құқық қорғау органдарымен, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясымен бірлесе отырып балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша байланыс орнатуға; |
|
бала асырап алу, әкелік, аналық құқығын бекіту, еңбекке жарамсыздығын анықтау шараларын бақылап отыруға; |
|
жетекшілігіндегі мәселелер бойынша сот отырыстарында заңды өкіл болады, кәмелетке толмаған балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмыстарына қатысуға; |
|
қамқоршылық кеңесінің жұмысын жоспарлауға; |
|
жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындау шараларын жүзеге асыруға; |
|
бекітілген стандарт пен регламентке сәйкес «Қамқоршылық пен қорғаншылық жөніндегі анықтамалар беру», «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршы немесе қорғаншыны белгілеу», «Жетім баланың (жетім балалардың) және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) асырауына қамқоршыға немесе қорғаншыға жәрдемақы төлемін белгілеу», «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою», «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметтер көрсетуге. |
|
білім беру мекемелері мен сектор жұмыстары бойынша қорытынды сараптамалық ақпараттар бойынша дайындықтарды жүзеге асыруға; |
|
жетекшілік жасайтын мәселелері бойынша есептер беруге; |
|
мектептердің қызметіне жетекшілік жасауға; |
|
ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтауға. |
|
балалар құқығын қорғау, кәмелетке толмағандардың әлеуметтік, мүліктік, тұрғындық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді; |
|
мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың орындалуын бақылайды; |
|
ата – аналық құқықтан айыру және ата – аналық құқықтық шектеу жөніндегі мәселелерді қадағалайды; |
|
соцпедагогтер жұмыстарын басқарады; |
|
жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік мекемелерге орналасуын қамтасыз етеді; |
|
аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмыстарын қадағалайды, жалпы оқу қорының тиімді пайдалауын бақылайды; |
|
Павлодар қаласы қылмыстық – түзеу жүйесінде есепте тұрған сотталған әйелдердің балаларын күту мен олардың тұрмыс жағдайларын бақылап отырады; |
|
қамқоршылық Кеңес жұмысына қатысады; |
|
жетекшілік жасайтын мәселелері бойынша сот отырыстарына қатысады |


