Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182) 31-03-41
email: sad104pvl@mail.ru
Мекенжайы: Н.Наразбаев даңғылы, 97/1
8(7182) 31-03-41 - басшы 8(7182) 31-03-69- бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 09.00- 13.00сағ. Бейсенбі 14.00- 18.00сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мамандар
Тенизова Анель Тулегеновна - музыкальный руководитель
Тенизова Анель Тулегеновна - музыкальный руководитель

Образование высшее, вторая категория, стаж - 10 лет

Чурсина Арина Юрьевна - педагог-психолог
Чурсина Арина Юрьевна - педагог-психолог

Образование - высшее, стаж 3 года

Сәуле Қаирқызы Жұмабаева - музыка жетекшісі
Сәуле Қаирқызы Жұмабаева - музыка жетекшісі

Білімі - жоғары, 2 санат, жұмыс өтілі - 15 жыл

 

 

 

 

 

 

 

«Музыка сауаты»

Құлақтан кіріп бойды алар ,

                                                                        Әсем ән мен тәтті күй.

                                                                        Көңілге түрлі ой салар,

                                                                        Әнді сүйсең менше сүй.

                                                                                                                  Абай.

         Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл – ойы мен қиялын тәрбиелеуге болмайды. Баланың музыкалық мәдениетінің, әстетикалық талғамының, ұлттық сана – сезім, имандылық қасиетінің қалыптасуында сөздің шамасы келмеген жерде неғұрлым әдемі тіл – музыка құдірет алады.

         Балабақшамен қамтылмаған баланың музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, тану, ажырату; әнді жеке, қосылып, әннің сөзін анық дұрыс айту, музыка менсөз аралығындағы бірлестігін, музыка мен дене қимылының үйлесілімділігін бере білу, музыкаға деген сүйіспеншілігін, әсерлену, қызығушылығын қалыптастыру, дамыту музыка жетекшісінің шеберлігіне байланысты.

         Музыкалық тәрбиенің негізгі мақсат – міндеттерін баланың жас ерекшелігін, шама – шарқын ескеріп, жеңіл музыкалық репертуарлардан бастап, біртіндей күрделендіре отырып жүзеге асырылады.

         Музыкалық тәрбие беру дегеніміз – баланы әсемдік әлеміне дыбыс арқылы жетелей отырып, сұлулық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру, қоршаған әлемнің шындығын көркем дүниелер арқылы түйсіндіру.

         Музыка сабағының міндеттері төменгідей:

музыкалық шығармалардың мазмұнын талдай білу;

орындаушылық машығын кеңейту;

сауаттылығын дамыту;

вокальді – хор дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау.

Музыка сабағы өзара бір – бірімен өте тығыз байланысты бөлімдерден тұрады. Олар – музыка тыңдау, ән орындау, музыкалық сауаттылық және шығармашылық тапсырмалар.

Баланың  5-6 жас шамасы – музыка өнеріне баулу кезеңінің ең қолайлы сәті. Осы жастағы балдырған музыка тыңдау, ән айту, есте сақтау, ажырату, жеке немесе ұжыммен орындау тәрізді әрекеттерді толық меңгеруге даяр болады. Сабақ үстіндегі іс - әрекеттер (тыңдау, сауатын ашу, орындату, ырғақты қимылдар жасату, шығармашылық тапсырмалар орындау т.б.) баланың ой – қиялын шыңдайды, логигалық ойлау жүйесін дамытады, әсемдікті сезуге, сұлулықты түсіне білуге баулиды.

Балалар жеке ән дауысын естіп – ажыратуға, музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын біліп, талдауға қатысады. Бұл - баланың музыкалық талдау жасауға алғашқы аяқ басуы. 5-6 жастағы бала сабақ барысында жалпы музыкалық шығармалар жөнінде мағлумат алады: олар музыкалық ойды түсіне бастайды, авторлары мен шығарманың шығу тарихы туралы т.б. мәліметтермен танысады.Тек мағлұмат алып қана қоймай, оны орындай отырып, белгілі бір дағдыны меңгереді. Әннің негізгі мазмұнын түсініп орындаудын маңызы зор. Дыбыс биіктігін сезініп, ырғағын дұрыс келтіріп, жылдымдығын орындауға машықтанады. Ән айту  – балаға өте ұнайтын іс - әректтердің бірі.

Ән айтубаланың әсемдік атаулының бәріне, ізгілікке деген дұрыс көзқарасын туғызады. Ән айту бала организіміне жайлы тиіп сөйлеу қабілетін жетілдіруіне тынысын терендетуіне дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі.

Ән айтуғапроцессінде баланың негізгі музыкалық қабілеттері: эмоциялық әсер алғыштығы, музыкалық есту қабілеті, ырғақты сезунуі айрықша тез дамиды.

Хормен ән айтудың тағы бір ерекшелігі – бұқаралылығымен оңайлығы. Өнердің бұл түріне балалар бақшасында, үйірмелерде хорлармен, ансамбілерде үйретіледі.

Балалардың ән айтуын, қимылы мен тілдік қабілеттерің дамуын синтездейтін ойындар балалардың музыкалық – ойын қызметінің күрделі түрін білдіреді. Олар қабылдауды, жадысын, ойын, қиялын жетілдіреді, ақыл – ой және музыкалық қабілеттерін белсендендіреді. Әрбір музыкалық ойынның нақты мазмұны мен ерекшеліктерін қимылдарымен жеткізу арқылы баланы музыканы қабылдауға баулитын педагог құралы болып табылады, бұл музыкалық ойындармен жұмыс барысындағы басты мақсаты болып табылады.

Музыканың мазмұны қимылдармен және музыканың ритмімен жеткізілетін оның ерекшелігінде көрініс табады.

Балаларды музыканың сүйемелдеуімен қимылдармен таныстыра отырып, мен әрбір музыкалық тапсырмаларды анықтаймын. Музыкалық ойындардың әртүрлілігі кешенді музыкалық тәрбиелеу міндеттерін  шешуге мүмкіндік береді. Ән айту, қимылдар мен тілдік қаблеттер синтезі балалардын ауқымды күштерді, назар аударулары мен зейінін талап ететіндігіне қарамастан, олар осы ойындарға үнемі қуана-қуана қатысады. Біз қазақ және ағылшын тілдерінің мұғалімдерімен бірге балалардың музыкалық, тілдік қабілеттерін дамытуға көмектесетін жаңа қызықты ойындарды ойлап табуға тырысамыз.

Жан – жақтылық және ойын қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру үшін балалармен жұмыс барысында мен өз қолыммен пластик бөтелкелер мен ертегі картиналарынан дайындаған саусақ театрын, үстел татрын қолданамын, сонымен қатар пайдалы логоритмикалық жаттығуларды қолдана отырып таныс ертегілерді стандарттан тыс «оқуды» қолданамын.

Ойынды меңгеру барысында әр бала өзін жас әртіс ретінде сезіну, өзінің шығармашылық және жеке қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне  ие болады. Ал осы музыкалық ойындарды ересек жастағы балалар жақсы меңгергенде, оларды  кіші топтағы балаларға музыкалық ойын – сауық ретінде, сонымен қатар ата-аналар жиналысында музыкалық жетекшінің, топ тәрбиешілерінің және қазақ және ағылшын тілдері мұғалімдерінің бірлескен жұмысының нәтижесі ретінде көрсетеміз. Мұндай шағын концерттер балалар үшін ғана емес, сонымен қатар ата-аналар үшін де өте қызықты және танымдық.

         Ән айту музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы болып табылады және баланы жан – жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде ілеулі роль атқарады.

 

 

№ 104 балабақшасы.                                      Ән – күй жетекшісі:

                                                                            Жұмабаева Сауле Қайырқызы.