Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+77005264146 (Серік Жұпар Думанқызы педагог-психолог)
Адрес: Павлодар қ., Ладожская көшесі, 15/1 ғимараты
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
СЕЙСЕНБІ: 16:00-18:00
Әкімшілік
Кульбекова Шынар Маулетовна
Кульбекова Шынар Маулетовна

Оқу ісі жұмысы жөніндегі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымының директорының орынбасары

Лауазымдық міндеттері:

  •  «Білім туралы»  заңын  жүзеге асыру жөніндегі құжаттарды, әдістемелік нұсқау хаттағы, ЖМББ стандартындағы нұсқауларды меңгереді  және орындайды;

  • Оқушыларды жаппай оқумен қамту сұрақтарын жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің орындалуын қадағалайды;

  • Оқушылардың жеке іс-қағаздарын, статистикалық есеп жылжуы бойынша есеп береді;

  •  Тоқсан сайын оқушылардың келіп - кету есебі, мектептегі білім сапасын бақылайды;

  •  Мектептегі формативті және суммативті бағалау процедурасын үйлестіреді және ұйымдастырады;    мектепте қойылатын бағалар мен балдарға мониторинг және есеп жүргізеді, «Күнделік»  электронды журналдың толтырылуын бақылайды;  

  •  PISA, TIMSS халықаралық зерттеуге  қатысты  оқушылар туралы деректер базасын жасайды, жұмысын ұйымдастырады, басқарады, бақылайды;

  •  Оқу жылының аяқтау туралы шараларды, 9,11-сынып мемлекеттік емтиханға дайындық жұмысын ұйымдастырады, басқарады, қорытындылайды;

  •  11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға қатысатын оқушылар туралы деректер базасын құрады;

  •  Қатаң есептегі құжаттардың (жалпы орта білім туралы аттестат, негізгі білім туралы куәлік, мақтау қағазы, мақтау грамотасы) жүргізілуін бақылайды;

  • Математика, физика, химия, биология, география пәндерінің ӘБ жұмысын басқарады, кабинеттердің дамуын қадағалайды;

  • Математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, курстық, озық педагогикалық тәжірибені жинақтайды және таратады;

  • Математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндері мұғалімдерінің апталық оқу жүктемелерін үйлестіруіне қатысады;

  • Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды;

  • Педагогикалық кеңестің тәртібі мен материалдарын әзірлейді,  анықтамалары мен хаттамаларын жүргізеді;

  • Пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және іске асырады, білімді шектеуді өткізеді, мектепшілік бақылаудың нәтижесі бойынша білім сапасын, бөлімді және тоқсанды суммативтивті бағалауды талдайды;

  • Белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;

  • Кері байланысты ұсына отырып педагогтердің сабағына қатысады және талдау жасайды;

  • Оқу процесін, оқушылардың білім сапасын жетілдіру бойынша тренингтер, оқыту семинарларын, оқу әдістемелік сағаттар өткізеді;

  • Өзі басқарған сұрақтар бойынша жиналыс, отырыстар өткізу, шешім қабылдау;

  • Өзі бақылайтын пәндер кабинеттерінің санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау, дамуын қамтамасыз ету;

  •  1-11- сынып бойынша мектептің оқу –жұмыс жоспарын жасайды;

  • 1-11- сынып мұғалімдерінің апталық жүктемесінің тарификациясын құрады, білім бөліміне тапсырады;

  • Мұғалімдердің еңбек күнін есептеу табелін жүргізеді, босатылған және ауыстырылған сабақтардың есебін қадағалайды;

  • 11-сыныптарының ӨОК бірлескен жұмысын  бақылайды;

  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау;

  • Үйде оқитын оқушылардың білім алуын ұйымдастыру, бақылау;

  • Педагогтердің кәсіби этика нормаларын сақтауын бақылау және қолдау, туындаған мәселелер бойынша кеңес беру;

  • 10,11 -сынып параллелінің жұмысын басқарады, бақылайды (сынып журналы, табель, «Күнделік» бағдарламасы,  оқушының жеке іс-қағазы);

  • «Білім туралы»  заңын  жүзеге асыру жөніндегі құжаттарды, әдістемелік нұсқау хаттағы, ЖМББ стандартындағы нұсқауларды меңгереді  және орындайды.

Венера Альфредовна Иванова
Венера Альфредовна Иванова

Бейіндік оқыту жөніндегі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымының директорының орынбасары

Лауазымдық міндеттері:

2.1.«Білім туралы» заңын жүзеге асыру жөніндегі құжаттарды, әдістемелік нұсқау хаттағы, ЖМББ стандартындағы нұсқауларды меңгеру және орындау;

2.2. Мектептің ғылыми- әдістемелік және инновациялық жұмысын ұйымдастыру  және басқару;

2.3. Мектептің әдістемелік кеңесінің  және мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысының тиімділігін бағалау, олардың жоспарларын сараптау және үйлестіру;

2.4. Мұғалімдердің кәсіби біліктілік арттыру курстарына қатысуын қадағалау, олардан кейінгі тәжірибені мектеп жұмысына енгізу бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізу;

2.5. Мектеп мұғалімдерінің ғылыми-ізденіс жұмысын бағыттау және басқару,  мұғалімдердің шығармашылық жұмысы үшін ынталандырушы және қолайлы жағдайлар жасау; 

2.6.Мұғалімдердің кәсіби жетістіктерін, инновациялық тәжірибесін анықтап, тарату мақсатында мектепішілік байқаулар ұйымдастыру;

2.7. Мектеп мұғалімдерінің дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдануына ғылыми-әдістемелік көмек көрсету және бақылау;

2.8. Ғылыми-әдістемелік құралдар мен оқулықтардың, жеке оқу жоспарларының әзірленуіне жәрдемдесу және бақылау, мұғалімдердің авторлық құқықтарын қорғауды ұйымдастыру;

2.9. ОҒҚ жұмысын ұйымдастырады: мектепішілік пәндер апталықтарын, пәндер олимпиадасын, мектепішілік ғылыми жобалар сайыстары мен оқуларын басқару, ұйымдастыру,  нәтижелеріне талдау жасау;

2.10. Мектептегі формативті және суммативті бағалау процедурасына қатысты мектеп мұғалімдеріне әдістемелік, нұсқаулық көмек көрсету, критериалды бағалау жүйесіне қатыста мұғалімдер арасында коучинг, тренинг және т.б. іс-шаралар өткізу;

2.11. «Павлодар дарыны», «Ертіс дарыны» орталығымен дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру, басқару. Оқушылардың ғылыми жобалар, олимпиадалар, зияткерлік сайыстарға қатысуына жағдай жасау, қатысу нәтижелерін талдау және динамикасын қадағалау;

2.12. Педагогтердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде,  педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіру, мектеп педагогтерінің озық педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату;

 2.13. Педагогтердің кәсіби этика нормаларын сақтауын бақылау және қолдау, туындаған мәселелер бойынша кеңес беру;

2.14. Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, "мектеп-жоо", "мектеп-колледж-жоо", "колледж-жоо" үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз ету;

2.15. Мектептің жылдық жоспарын құру, даму бағдарламасын жүзеге асырылуын бақылау, қадағалау;

2.16. Мектептің айлық және апталық жоспарының жасалуын қадағалау;

2.17. Жас мұғалімдер мектебін ұйымдастыру және бақылау;

2.18. Әдістемелік бөлмесінің дамуы және жұмыс істеуін баскару;

2.19. Бейіндік сыныптар бағдарламасы бойынша педагог кадрлардың жұмысын ұйымдастыру;

2.20. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз ету;

2.21.  Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасау;

2.22. Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастыру;

2.23. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу;

2.24. Оқушылардың бастауыш мектептен орта буынға ауысуының сабақтастығын ұйымдастыру;

2.25. Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі, шетел тілі, тарих пәндерінің ӘБ жұмысын басқару және бақылау, пәндік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын жаңартуды жоспарлау және қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;

2.26. Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі, шетел тілі, тарих пәндерінен бөлім және тоқсан бойынша білім сапасының жиынтық бағасын талдау,  мектепішілік бақылауды ұйымдастыру  және жүзеге асыру;

2.27. Директор жанындағы кеңестің анықтамалары мен хаттамаларын жүргізу; 

2.28. Өзі басқарған сұрақтар бойынша жиналыс, отырыстар өткізу, шешім қабылдау;

2.29. Өзі бақылайтын пәндер кабинеттерінің санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау, дамуын қамтамасыз ету;

2.30.  7 - сынып параллелінің жұмысын басқару, бақылау (сынып журналы, табель, «Күнделік» бағдарламасы, оқушының жеке іс-қағазы).

Тюлегенов Серик Балыкбаевич
Тюлегенов Серик Балыкбаевич

Ақпараттандыру жөніндегі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымының директорының орынбасары

Лауазымдық міндеттері:

2.1 «Білім туралы»  заңын  жүзеге асыру жөніндегі құжаттарды, әдістемелік нұсқау хаттағы, ЖМББ стандартындағы нұсқауларды меңгереді  және орындайды; 

2.2 Білім беру ұйымын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз ету процесін іске асыруды ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады;

2.3 Тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады;

2.4 Оқу процесінде, сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттандыру жүйесін пайдалану бойынша жұмысты үйлестіреді;

2.5 Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогтерді оқытуды ұйымдастырады;

2.6 Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды;

2.7 Цифрлық білім беру жобалары мен инновациялық технологияларды мектепке енгізеді;

2.8. Ақпараттық технологиялар саласындағы жаңалықтармен бөліседі, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетеді;

2.9. АКТ бойынша жоспар, есеп, мониторинг, талдау құжаттарын әзірлейді;

2.10. Білім беру ұйымындағы цифрлық ресурстардың есебін жүргізеді (техника, бағдарламалық қамтамасыз ету, лицензиялар);

 2.11.Мектеп бойынша ұсынылған деректерді Ұлттық білім беру деректерімен (НОБД)  салыстырады, есеп жүргізеді,  бақылайды;

2.12. Мұғалімдердің пән бойынша цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануын,  электрондық базаның жүйелігін және сақталуын қадағалайды, бақылайды, басқарады;

2.13. Мектептің компьютерлік паркін бақылауда ұстайды, есептен шығаруға қатысады, техникалық жай-күйін бақылауда ұстайды;

2.14. Электрондық журнал, электрондық күнделік, цифрлық білім беру платформаларын (Kundelik, BilimLand, т.б.) қолдануды бақылайды;

2.15. Информатика, робототехника, STEM-зертханасы, IT- сыныптарды,бастауыштағы цифрлық лаборатория, жаңа модификация кабинеттерін, 3D модельдеу бағыттарын дамытуға қолдау көрсетеді, интерактивті тақта мен панельмен жабдықталған кабинеттерді, техникалық және бағдарламалық етуін, қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылайды, басқарады;

2.16. Мектептің компьютерлері, интернет желісі,  серверлер, бейнебақылау және басқа да техникалардың жұмысын үйлестіреді;

2.17. Информатика, дене шынықтыру, көркем еңбек пәнінің оқу жоспары, бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерінің орындалуын қадағалайды;

2.18. Информатика, STEM-зертханасы,дене шынықтыру, көркем еңбек, робототехникакабинеттерінің жұмысын, сабақ өткізу сапасын бақылайды;

2.19. Оқушылармен киберқауіпсіздік, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша іс-шаралар өткізеді;

2.20. Оқушыларға цифрлық сауаттылық пен IT-білімді дамытуға бағытталған үйірмелер мен жобаларды ұйымдастырады;

2.21. Ақпараттық қауіпсіздік, деректерді қорғау жүйелерін қамтамасыз етеді;

2.22. Мектептің ресми сайтының мазмұнының толықтығын, жаңару жиілігін бақылайды;

2.23. Әлеуметтік желілерде мектеп имиджін қалыптастыру бойынша жұмыстарды қадағалайды;

2.24. Білім беру ұйымдарында процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді;

2.25. Оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру, қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

2.26. Санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

2.27.  Белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;

2.28. 5,6 -сынып параллелінің жұмысын басқарады, бақылайды;

2.29. Педагогтердің кәсіби этика нормаларын сақтауын бақылайды және қолдайды, туындаған мәселелер бойынша кеңес береді;

2.30. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.