ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Все
Алла Петровна Басевская
Алла Петровна Басевская
Алла Петровна Басевская 1956 жылы туылған, тұрмыста, екі ересек ұлдары бар. Еңбек жолының алғашқы күндерінен бастап мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жұмыс істейді. Кәсіби қызметін 1980 жылы Павлодар қаласының №38 сәбилер бақшасында бастайды. 1987 жылы В. Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша үздік бітіреді. 1989 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «Мектепке дейінгі педагогика мен психология» мамандығы бойынша оқып үздік дипломмен бітіреді және әдістемелік жұмысқа ауыстырылады. 1995 жылдан 2007 жылдар аралығында Павлодар қаласының №38 сәбилер бақшасын басқарды. Павлодар қаласының №3 сәбилер бақшасын қалпына келтіріп 2010 жылға дейін басшылық етті. 2010 жылы Республикалық «Балапан» бағдарламасы бойынша Павлодар қаласының №27 сәбилер бақшасын қалпына келтіріп, осы уақытқа дейін басшы қызметін атқарады. 2013 жылы сәбилер бақшасы «Үздік қазақ тілі кабиенеті» байқау-конкурсында бірінші орын, 2014 жылы «МДМ Үздік алаңқай» қалалық байқау-конкурсында 1-орын (Гран-при), 2015 жылы қаланың мектепке дейінгі мекемелері арасында білім беру қызметін сапасы бойынша 1-орын алды. 2016 жылы сәбилер бақшасы облыстық «Үздік мектепке дейінгі ұйым» конкурсы бойынша жеңімпаз атанды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне көп жылдық табысты еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы мен жеке сіңірген еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төс белігісің иегері, түрлі деңгейдегі Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған.    
Тамара Николаевна Иванова
Тамара Николаевна Иванова

Тамара Николаевна Иванова 1956 жылы Белоруссия Республикасының Могилев облысында дүниеге келген. Білім беруді басқару жүйесінде қазіргі заманғы менеджменттің кәсіби қасиеттерін сіңірген, білікті басшы. Басқарма сұрақтарында, білім жүйесін дамыту стратегияларындағы терең білімі, тәжірибесі, білім саласында өзекті мәселелерді шешу жолдарын инновациялық іздеуіне байланысты жауапты жұмысты атқаруға мүмкіндік береді, дамытудың инновациялық білім жобасын өңдеп, жүзеге асыруын қабылдаған шешім тиімділігін қамтамасыз етеді. Тамара Николаевна мектеп тәжірибесінде сұранысқа ие және кеңінен қолданылатын, жеке оқыту тәсілі технологиясының (ТИСО) автор – әзірлеушісі. Оның кәсіби қызметі ғылыммен әрекеттесуге, халықаралық білім беру орталықтарымен, Қазақстан мен Ресейдің үздік жоғары оқу орындарымен қызметтестікте болуға негізделген. Тамара Николаевна өз алдына нақты мақсат қоя білетін, өз кәсіптік білімін үнемі жетілдіріп, жауапкершілігі жоғары дәрежеде, қойған мақсаттарына шығармашылық жолмен қарайтын адам. Жоғары деңгейлі коммуникативті шеберлігі, үнемі іскерлі ынтымақтастығы шығармашылық жағдай орнатып және педагогикалық ұжымда білім бастамасын қолдай алады. Білгенін жас мамандармен бөлісуге әрдайым дайын. Облыс көлемінде беделі зор. Ерен еңбегі үшін 1999 жылы «Қазастан Республикасы білім беру ісінің үздігі», 2011 жылы «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атақтарымен марапатталды.  

СИПИЙ ЮРИЙ ИВАНОВИЧ
СИПИЙ ЮРИЙ ИВАНОВИЧ

Юрий Иванович Сипий 1945 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келді. 1976 жылдан бастап Павлодар қ. №12 ЖОМ педагогикалық ұжымға жетекшілік етті1995 жылдан бастап әр түрлі жас тобында ұжымдық оқыту тәсілі негізінде оқыту демократиялық жүйесін ендіруімен жұмыс жасады. 1999 жылдың сәуірінде № 34 ЖОМ-да директор болып тағайындалды, онда 14 жыл жетекшілік етті. 2001 жылы мектепке инновациялық үлгі мәртебесі берілді. 2004 жылдан бастап №34 мектепте 12-жылдық жалпы орта білімге көшу жүйесі жағдайында мектеп моделі бейімделді. 2006 жылы халықаралық «Қазақстанның Эко-мектептері» жобасында жеңімпаз атанып, «Шаңырақ» экологиялық қызметінің мектебі атауына лайық және Жасыл тумен марапатталды. Қазіргі күні педагогикалық қызметін тарих мұғалімі ретінде жалғастырып келеді. Өнерлі, бастамашыл педагог, Краснояр білім орталығында КСО қозғалысының халықаралық мұғалімдер ассоциациясы мүшесі. Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісінде мағыналы жетістіктері үшін бірнеше дүркін марапатқа ие болды. 1991 жылы «Қаз ССР ағарту үздігі» атауына ие болды. 2009 жылы «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.

Николай Захарович Семига
Николай Захарович Семига

Николай Захарович Семига– ұзақ жылдар бойы Павлодар қаласының № 43 жалпы орта білім беру мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Директордың ұсынысы бойынша мектепте орта буынның бейіндік жүйесін жетілдіруді дайындауда тәжірибе жасау-сынақ өткізу және 12-жылдық білім беру тұжырымдамасына сәйкес жоғары сыныптарда бейіндік оқытуды ұйымдастыру жұмыстары басталды. Қазіргі талаптарға сай оқыту технологияларын меңгеріп, қолдануда Инновациялық Еуразиялық университеті мен Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының негізінде қалалық ғылыми- тәжірибешілік семинардың ұйымдастырушы болды. Оның басшылығымен мектеп педагогикалық тәжірибенің озық мәртебесіне ие болды, сол арқылы мұғалімдер мен оқушылар сабақтастығының айқын үлгісін аңғартады. Николай Захарович оқушылардың тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Мектеп оқушылар ұжымы өмірінде сабақтастық қағидалары мен жоғары замандас адамгершілік тәжірибе негізінде балаларды тәрбиелеуде көп жылғы адамгершілік дәстүрі бар. 2007 жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ішкі істер бөлімшелерімен тығыз байланысты жұмысы үшін және оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін Павлодар облысының ішкі істер департаментінің Атаулы мақтау қағазымен марапатталды; мектеп ұстаздары мен оқушылардың еріктілер жұмысын қала әкімі мақтау қағазымен бағалады. Мектеп жылдар бойы қалалық спартакиада нәтижесі бойынша І орын алып келеді. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызметі, оқушылардың спортпен шұғылдануы, оқытудың жоғары нәтижелері - осының барлығы мектеп имиджі үшін берік іргетас болды. Өзінің барлық өмірін сүйікті ісіне арнаған тәжірибелі ұстаз, тәлімгер Николай Захарович өз айналасына шығармашылық ұстаздарды жинай алды. Кәсіби шеберлік, әріптестердің алдында еңбегі сіңген құрметке ие, Павлодар қаласының білім жүйесіне сіңірген еңбегі үшін тарихта шын алғысқа лайықты жазылды. Атақтары: «Қазақ КСР үздік ағартушысы», "Ерең Еңбегі үшін" медалі, «Астана қаласының 10-жылдығы» медалі, ҚР Президентінің Алғыс хаты.        

Бақыт Мақанқызы Бексеитова
Бақыт Мақанқызы Бексеитова

Бақыт Мақанқызы Бексеитова 1959 жылы педагогтар отбасында дүниеге келді, өзінің еңбек жолын 1980 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітере сала, математика мұғалімі болып бастады. Өз еңбек жолында Бақыт Мақанқызы барлық деңгейді өтті: мұғалім, директор орынбасары, мектеп директоры, қалалық білім басқармасы және бөлім жетекшісі, облыс білім басқармасының басшысы. 1998 жылы білім жүйесі үшін қиын кезеңде оны Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелер басқармасының басшысы, ал одан бір жыл өткен соң – Павлодар қаласының білім басқармасы басшысы етіп тағайындады. Оның белсенді жәрдемдесуімен бұрынғы балабақшалар ғимараттарын қайтару бойынша қарқынды жұмыс жасала бастады. 2006 жылдан бастап 2010 жылдың басына дейін мектепке дейінгі білім ұйымдастыру жүйесі 35-тен 50 мекемеге дейін өсті. Мойылды ауылына 100 орынды №25 ЖОМ-ға 1070 орынды, №30 ЖОМ-ға 42 орынды жаңа мектептер құрылды. 2010 жылдың ақпан айынан бастап Бақыт Мақанқызы Павлодар облысы білім басқармасының жетекшісі қызметіне тағайындалды. Осы уақыттан бастап облыста оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін қаладан тыс лагерьлер жүйесі ұлғайып, Баянауылда жыл бойы оқу-сауықтыру орталығы ашылады. Бақыт Мақанқызының бастамасы бойынша қалалар мен аудандар білім бөлімдерінің тиімді қызмет рейтингтік бағалау жүйесін ендірді. Облыс мектептері кадрларын қамтамасыз етуін жақсарту үшін, жоғары оқу орындарымен келісіп, дипломның орта балы бойынша рейтингтік сұрыптау негізінде облыстың білім басқармасы жоғары оқу орындарының түлектерін бөлуін жүзеге асырады. Бақыт Мақанқызы Бексеитова– білім жүйесінің заманауи менеджері, оның ерекшеліктерін терең білетін адам. Шапшандық, жинақылық, қажырлылық, талап етушілік және табандылық, кәсіби басқарманың терең білімі әріптестер мен қоғамдықтың көңілінен шықты, сыйластығына ие болды. Өз еңбегі үшін келесідей марапатқа ие: «ҚР Білім беру үздігі» (1993), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2007), Астананың 10 жылдығына орай мерейтой медальдары (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011)

МҰРАТ ХАМИТҰЛЫ САҒЫНОВ
МҰРАТ ХАМИТҰЛЫ САҒЫНОВ

Мұрат Хамитұлы Сағынов 1941 жылы Алтай өлкесінің Горное қаласында туған. Білім беру саласына 40 жылдан астам жыл салып, соңғы 10 жылдай жетім балаларға арналған мекемеге басшылық етті. Педагогикалық еңбек шебері, бірегей шығармашыл жетекші, шебер ұйымдастырушы. Жоғары жауапкершілігі, адамгершілік қасиеттері, болашақты алдын-ала болжау және оның шешімдерін ұтымды іске асыра білу дағдылары оған, оқыту-тәрбиелеу процессін ұйымдастыруда жоғары жетістіктерге, үздік нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Педагогикалық және басқарушылық жұмысынындағы көп жылғы тәжірибесі, кадрларды жақсы таңдап, ұтымды орналастыруы, қаржылық-шаруашылық қызметті білуі Мұрат Хамитұлына мекеменің материалдық базасын нығайтуға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жақсы, жағдайға қолайлы орта жасауға мүкіндік берді. Интернатта балаларға жақсы күтім көрсетіледі, қамқорлық жасалады. Мекеменің әкімшілігі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жаппай спорттық шаралар ұйымдастыруға көп көңіл бөледі. Табанды, талапшыл. Оқушылар, педагогтар ұжымы және қала жұртшылығы арасында еңбегі сіңген сый құрметке, аса жоғары беделге ие. ҚазССР ағарту министрлігінің грамотасымен, ҚР «Оқу үздігі» кеуделік белгімен, «Ы. Алтынсарин» медалімен марапатталды.   

Наталья Петровна Бужан - бас бухгалтерінің орынбасары
Наталья Петровна Бужан - бас бухгалтерінің орынбасары

Білім беру бөлімі бойынша бюджеттік өтінімдерді құрастырады (001, 003-МКЦБ, 005, 007, 015 бағдарламалар бойынша). Бюджеттік өтінімдерге есептесулерін жасайды.

Өкілетті органдарға мемлекеттік кәсіпорындар бойынша Дамыту және орындау жоспарларының жиынтығын және қаржылық есептерді жасайды. Тексерістер актілері бойынша, сот талаптары мен өзге де қызметтердің ақпараттар жиынтығын. (Талдау).

Бақылауда тұрған құжаттарды орындайды, 1, 2, 4, 5, 6, 7, 9 мектептерге жетекшілік етеді, функционал мәселесі бойынша өтініштерге жауап береді.

152 специфика (мектептер) кескінінде ведомстваға бағынысты мекемелер бойынша бюджеттік қаражатты игеруінің мониторингін жүргізеді (4-20 бойынша). Талдауын жасайды.

015 бағдарламасы бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршыларына (қорғаншыларына) ай сайынғы ақшалай қаражатты карточкалары мен есеп шоттарына есептеулер мен аударуларды жүргізеді. Ай сайын қамқоршылық бөлімімен салыстырып тексеруін жүргізеді.

Қамқоршылар (қорғаншылар) бойынша айналмалы ақпартізім жасайды.

Майя Базарбайқызы Бүркітбаева - топ жетекшісі
Майя Базарбайқызы Бүркітбаева - топ жетекшісі

№ 2, № 5, № 8 мемориалдық ордерді жүргізеді, негізгі кітаптың есептері бойынша айналым ведомосын (3121, 3122, 3141, 3142, 3241, 3241/1, 3241/2, 3241/3, 3245, 3247, 3248).

Бухгалтерияның 1-С бағдарламасымен бухгалтерлік есепті жүргізеді.

Білім беру бөлімі бойынша штаттық кестені, олардың есебін құрайды (Аппарат ӘКОБ және техперсонал).

Аппарат және штаттан тыс жұмыскерлер бойынша еңбекақыны аударады, ОБ және ӘК, науқас қағазының, демалыстар есептесуі, хаттамалар.

Барлық бағдарламалар, білім беру бөлімі, мекемелер бойынша ЕА-111, 113, 121, 122 төлем бойынша ақпаратты дайындайды.

111, 113, 121, 122 спецификалары кескініде мектептер бойынша талдау жасайды.

ЖТС, СН және бөліп шығарулар бойынша салық есебін тапсырады, еңбек бойынша статистикалық есепті жүргізеді. Салық комитетімен салыстыру актілерін жасайды. СК-ға декларацияны уақтылы тапсыруын бақылайды және мектептер бойынша СК мен салыстыру актілері (тоқсан сайын).

Орталықтандырылған бухгалтерия бойынша жұмыс уақытын есептеудің табелін жүргізеді, еңбек ақы бойынша анықтамаларды береді.

030-бағдарламасы «Патронатты тәрбиешілерге берілген баланы асырауға» бойынша бюджеттік өтінімді құрайды. Бюджеттік өтінімдерге есептерді жасайды.

Бақылауда тұрған құжаттарды орындайды, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 мектептерге жетекшілік етеді, функционал мәселесі бойынша өтініштерге жауап береді.

Ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша бюджетке жиынтық баланс жасайды. Балансқа түсіндірме хат әзірлейді.

Ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша басты кітаптың жиынтығын жасайды.

Бөлім және мектептербойынша ҚБ әр айдың 23 және 1 не дебиторлық және кредиттік қарыздардың есептерін жасайды. Түсініктеме хат – қарызды жою және алдын алу бойынша шаралар, толық себептері. Талдау. Дебиторлық және кредиттік қарыздарды қысқарту бойынша шаралар.

030 бағдарламасы бойынша - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршыларына (қорғаншыларына) ай сайынғы ақшалай қаражатты карточкалары мен есеп шоттарына есептеулер мен аударуларды жүргізеді. Ай сайын қамқоршылық бөлімімен салыстыру тексеруін жүргізеді.

Қамқоршылар (қорғаншылар) бойынша айналмалы ақпартізім жасайды.

Айяна Шаймұхамедқызы Садбекова - мектепке дейінгі мекемелер бойынша топ жетекшісі
Айяна Шаймұхамедқызы Садбекова - мектепке дейінгі мекемелер бойынша топ жетекшісі

Төлемдер мен міндеттер бойынша қаржыландыру жоспарын құрастырады.

ЖБ-009 бағдарламасы, РБ – 040 бағдарламасы, РБ – 067 бағдарламасы бойынша бюджеттік бағдарламаны құрастырады және бекітеді. Бухгалтерияның 1-С бағдарламасымен бухгалтерлік есепті жүргізеді.

Балабақшалар бойынша штаттық кестенің, тарификацияның тексерілуін жүзеге асырады.

Балабақшалардың бюджеттік және жеке қаражаттары бойынша сметаның табыстары мен шығындары есептерінің қыбалдауы мен тексеруін жүргізеді.

ББ қаржылық қызметінің мониторингін, оның ішінде қайырымдылық және демеушілік қаржылар бойынша жүзеге асырады, кеңестік көмек көрсетеді.

Балабақшалар бойынша БӨ бюджеттік өтінімдер мен есептерді құрастырады.

Ведомстваға бағынысты ұйымдардың ББ қаржылануына ай сайынғы өтінімді қалыптастырады.

Тамақтар бойынша талдауды жасайды (балабақшалар). Балабақшалар бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту жөнінде есепті құрастырады.

Бақылауда тұрған құжаттарды орындайды, балабақшаларға басшылық етеді, функционал мәселесі бойынша өтініштерге жауап береді.

«Күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың» 067 бағдарламасының орындалуына бақылау мен мониторингті жасайды. Күрделі жөндеулер (жол картасы бойынша), конкурстар мен балабақшаларды қайта қалпына келтіру бойынша ақпарат (ЖСҚ, мемлекеттік сараптама, МСА және т.б.).

Бухгалтерияның 1-С бағдарламасымен бухгалтерлік есепті жүргізеді.

Бақылауда тұрған құжаттарды орындайды, функционал мәселесі бойынша өтініштерге жауап береді.


БММ мемлекеттік мекемелер бойынша Дамыту және орындау жоспарларының қабылдауын, тексерісін және бақылауын іске асырады (дұрыстығы мен уақтылы).

Тамақтану бойынша талдау жасайды (арнайы балабақшалар).

Ревизиялық тексерістер актілері бойынша ақпарат – ведомстволық мекемелер бойынша жиынтық ақпарат жинайды (балабақшалар). (Талдау). Қадағалау органдарына бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы ақпаратты ұсынады. Бюджетке келтірілген кемістіктердің орнын толтыру бойынша ай сайынғы ақпарат.

Галина Анатольевна Кутовая - шағын орталықтар бойынша топ жетекшісі
Галина Анатольевна Кутовая - шағын орталықтар бойынша топ жетекшісі

Шағын орталық бойынша бюджеттік өтінімдерді құрастырады. Шағын орталықтар бойынша штаттық кестені – ведомстваға бағынысты ұйымдар бойынша жиынтықты құрастырады. 008, 022, 029 (ПМПК), ШО-РБ 040 бағдарламасы бойынша бюджеттік бағдарламаларды құрастырады және бекітеді.

Бөлінген бюджеттік қаражатты толық игеру үшін қажетті шараларды қабылдайды, шағын орталықтар бойынша мониторингті жүзеге асырады. Өзгешелектер шамасында талдау жасайды. Міндеттердің орындалуын бақылайды.

Ведомстволық бағынысты мекмелер бойынша арнайышоттың жиынтық балансын құрайды. Мектептерде бас кітаптың жүргізілуін қадағалайды – жиынтық с/с.

Ведомстваға бағынысты ұйымдардың арнайы есептері бойынша жиынтық теңгерімін құрастырады. Ақылы қызметтер, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен және шығын ақшалары туралы есеп жасайды. Мектептердегі негізгі кітаптың-жиынтығының жүргізілуін бақылайды.

Мектептер бойынша ай сайын тексеріс актілері бойынша жиынтықты жасайды және ақпаратты жинайды. 111.113,121,122 өзгешеліктер бойынша есептеу мен аударулардың дұрыстығын тексереді. Тарифтеу, нормативтік құжаттар мен нұсқаулықтарға сәйкес еңбек ақы қорының дұрыс шығындалуына талдау жасайды. Өзгешеліктер шамасында талдау жасайды. Санаттары үшін қосымша ақы төлеу бойынша мониторингті жүргізеді (мектептер).

Тексеру комиссиясының актілері – ведомстваға бағынысты мекемелер (мектептер) бойынша жиынтық ақпараттарын жинайды. (Талдау жасайды).

Бақылайтын органдарға бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты ұсынады. Бюджетке зарардар сомасын қайтару бойынша ай сайынғы ақпаратты дайындайды.

№6 «Жеткізушілер және тапсырыс берушілермен есептесулер» мемориалды ордерін жүргізеді. 1-С бухгалтерия бағдарламасында бухгалтерлік есепті жүргізеді.

Білім беру бөлімі бойынша «Белгіленген смета шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бюджет бойынша шығындар есебі» 7010-7420 есебі бойынша есеп беруді және ведомстваға бағынысты ұйымдар бойынша бақылауды жүргізеді.

Бақылауда тұрған құжаттарды орындайды, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, Жетекші мектептерге жетекшілік етеді, функционал мәселесі бойынша өтініштерге жауап 022-бағдарламасы бойынша - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың қамқоршыларына (қорғаншыларына) ай сайынғы ақшалай қаражатты карточкалары мен есеп шоттарына есептеулер мен аударуларды жүргізеді. Ай сайын қамқоршылық бөлімімен салыстырп тексеруін жүргізеді.

Қамқоршылар (қорғаншылар) бойынша айналмалы ақпартізім жасайды. 030 бағдарламасы бойынша - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршыларына баланы асыру үшін ай сайынғы төлемді карточкалары мен есеп шоттарына есептеулер мен аударуларды жүргізеді. Ай сайын қамқоршылық бөлімімен салыстырп тексеруін жүргізеді. 008 бағдарламасы бойынша — жаз мезгіліндегі жеңілдікпен жүру (ұсынылған тізімдерді тексереді, төлем шоттарын) аударымдарды жүргізеді. форма -13 ті құрастырады (мектептердің төл құжаттарын тапсыру кезінде).

Тұрсынова Нұргүл Тұрсынқызы - мектепке дейінгі мекемелер бойынша топ жетекшісі
Тұрсынова Нұргүл Тұрсынқызы - мектепке дейінгі мекемелер бойынша топ жетекшісі

Мемлекеттік білім алатын тапсырыс бойынша келісім шарттар мен өтінімдерді дайындайды және тіркейді, бюджет анықталған кезде оларға өзгертулерді енгізеді. Бухгалтерияның 1-С бағдарламасымен бухгалтерлік есепті жүргізеді.

Мектепке дейінгі мекемелер бойынша есептерді дайындайды. Өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу бойынша орындалған жұмыстардың актісі, дұрыстығы мен растығын тексереді.

МДМ мен МТМ техникалық құралдарды сатып алу мен күрделі жөндеу бойынша жеткізушілермен жасалынған келісім шарттың дұрыстығын бақылайды.

Қазынашылық департаментке өтінімдерді рәсімдейді. Аталған өзгешеліктер бойынша қаражаттың игерілуін бақылайды.

Соттың талаптары бойынша ақпаратты ұсынады. Мектепке дейінгі мекемелердің өртке қарсы қауіпсіздігі, жылжымайтын мүлік, алаңдар және көліктер бойынша ақпаратты дайындайды. Өтінімдерді қарастырады, мектепке дейінгі ұйымдар бойынша қажеттілікті есептейді.

Бақылауда тұрған құжаттарды орындайды, функционал мәселесі бойынша өтініштерге жауап береді.

149, 159, 163, 169, 418,433 өзгешеліктер бойынша шығындарды талдайды. Балабақшалар бойынша кредиттік және дебиторлық қарыздар бойынша есептерді құрастырады. 151 коммуналдық қызметтер бойынша талдауды жасайды (су, жылу, электрэнергия). Өткен жылғы мәліметтермен салыстыруды жасайды.

«Күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың» 067 бағдарламасының орындалуына бақылау мен мониторингті жасайды. Күрделі жөндеулер (жол картасы бойынша), конкурстар мен балабақшаларды қайта қалпына келтіру бойынша ақпарат (ЖСҚ, мемлекеттік сараптама, МСА және т.б.).

Бухгалтерияның 1-С бағдарламасымен бухгалтерлік есепті жүргізеді.

Бақылауда тұрған құжаттарды орындайды, функционал мәселесі бойынша өтініштерге жауап береді.

067 бағдарламасы бойынша бюджеттік өтінім құрайды және ұсынады. Күрделі жөндеулер (жол картасы бойынша), конкурстар мен балабақшаларды қайта қалпына келтіруге деген шығындар бойынша есептеулерін жасайды. Бухгалтерияның 1-С бағдарламасымен бухгалтерлік есепті жүргізеді.

067 «Күрделі шығындар» бағдарламасының орындалуына бақылау және мониторингін іске асырады. Күрделі жөндеулер бойынша ақпарат (жол картасы бойынша), конкурстар мен балабақшаларды қайта қалпына келтіру бойынша ақпарат (ЖСҚ, мемлекеттік сараптама, МСА және т.б.).

Мектептен тыс мекемелердің дайындық актісін, жылу аусымы бойынша ақпаратты ұсынады.

Мектептен тыс мекемелер бойынша су жабдықтарының, жылу жабдықтарының, электр жабдықтарының желісіне күрделі жөндеуді қажет ететіндерді анықтайды (жылу аусымына дайындық кезеңі).

Садыкова Елена Александровна -мектептен тыс мекемелер бойынша топ жетекшісі
Садыкова Елена Александровна -мектептен тыс мекемелер бойынша топ жетекшісі

 МТМ бойынша штаттық кестенің, тарификацияның тексерілуін жүзеге асырады.

МТМ бойынша төлемдер мен міндеттер бойынша қаржыландыру жоспарын құрастырады.

МТМ бойынша БӨ бюджеттік өтінімдер мен есептерді құрастырады. ЖБ-006 бағдарламасы, РБ – 067 бағдарламасы бойынша бюджеттік бағдарламаны құрастырады және бекітеді.

4. МТМ қаржылық қызметінің мониторингін жүзеге асырады. Ведомстваға бағынысты ұйымдардың МТМ қаржылануына ай сайынғы өтінімді қалыптастырады.

 Мемлекеттік білім алатын тапсырыс бойынша келісім шарттар мен өтінімдерді дайындайды және тіркейді, бюджет анықталған кезде оларға өзгертулерді енгізеді. Мектептен тыс мекемелер бойынша есептерді дайындайды. Өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу бойынша орындалған жұмыстардың актісін жүргізеді. Бухгалтерияның 1-С бағдарламасымен бухгалтерлік есепті жүргізеді.

 МТМ бойынша аналитикалық ақпараттардың жиынтығын жүзеге асырады. Мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер бойынша қажеттілікті анықтайды - өтінімдерді қарастырады. Мектептен тыс мекемелер бойынша жылжымайтын мүлік, алаңдар, көліктер бойынша ақпараттарды ұсынады.

Мемлекеттік мекемелер бойынша даму жоспарының тапсырылуын бақылайды және тексереді, қабылдауын жүзеге асырады (тапсырудың дұрыстығы мен уақыттылығы).

Мектептен тыс мекемелердің дайындық актісін, жылу аусымы бойынша ақпаратты ұсынады. Мектептен тыс мекемелер бойынша су жабдықтарының, жылу жабдықтарының, электр жабдықтарының желісіне күрделі жөндеуді қажет ететіндерді анықтайды (жылу аусымына дайындық кезеңі).

Мектептен тыс мекемелер бойынша сот талаптары, өрт қауіпсіздігі жөнінде жиынтық ақпаратты дайындайды (ӨҚ, қызмет көрсету, жабдықтау) ТЖ. СЭС.

 Бақылауда тұрған құжаттарды орындайды, функционал мәселесі бойынша өтініштерге жауап береді.

 067 «Күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар» бағдарламасының орындалуына бақылау мен мониторингті жасайды. Күрделі жөндеулер (жол картасы бойынша), мектептер, МТМ бойынша конкурстар (ЖСҚ, мемлекеттік сараптама, МСА және т.б.).

142, 149, 159, 169 өзгешеліктер кескініде ведомстваға бағынысты ұйымдар бойынша 4-20 игеру мониторингін жүргізеді (мектептер). Талдайды.

Мектептен тыс мекемелердің дайындық актісін, жылу аусымы бойынша ақпаратты ұсынады (жылу аусымына дайындық кезеңі). 151 коммуналдық қызметтер бойынша талдауды жасайды (су, жылу, электрэнергия). Өткен жылғы мәліметтермен салыстыруды жасайды.

Қатты және сұйық отынды мемлекеттік сатып алу бойынша ақпаратты және күрделі жөндеуді қажет ететін ауылдың мектептері бойынша қазандықтардың, су жабдықтарының желісі мен жылумен жабдықтау туралы ақпараттарды ұсынады.

Гүлнұр Оралқызы Оралова - жетекші экономист
Гүлнұр Оралқызы Оралова - жетекші экономист

Мектептер бойынша төлемдер мен міндеттер бойынша қаржыландыру жоспарын құрастырады.

Ведомстваға бағынысты ұйымдардың қаржылануына ай сайынғы өтінімді қалыптастырады.

Мектептер бойынша бюджеттік қаражатты жылжыту бойынша анықтамаларды құрастырады.Олардың қарамағында қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асырудан мемлекеттік мекемеге түсетін шығындар мен түскен ақшалардың жоспарын қалыптастырады және бекітеді, өзгерістер енгізеді.

Арнайы есептер бойынша есеп берулердің дәлелдігін тексереді.

Бағдарламалар шегінде күнделікті кассаны қалыптастырады. Бухгалтерияның 1-С бағдарламасымен бухгалтерлік есепті жүргізеді.

Мектептер мен балабақшалардың құрылысын салу бойынша инвестициялық жобаны дайындайды. Өзгертулер мен анықтаулар кезінде ақпараттарды ұсынады.

Отырыстар хаттамасы (Ведомстволық бағынысты мекемелер).
Бақылауда тұрған құжаттарды орындайды, 31, 32, 33, 37, 38, 39, 40, 41 мектептерге жетекшілік етеді, функционал мәселесі бойынша өтініштерге жауап береді.

Айдана Асқарқызы Абдужапарова - жетекші бухгалтері
Айдана Асқарқызы Абдужапарова - жетекші бухгалтері

№ 6 ақысыз, № 9, № 10, №13 негізгі қаржылар бойынша айналым ведомосы мен № 13 ақысыз, АТТЗ мен материалдардың, мүлікті тіркеу карточкаларының мемориалды ордерлерін жүргізеді. Бөлім бойынша бухгалтерияның 1-С бағдарламасымен бухгалтерлік есепті жүргізеді.

Қатаң есептегі бланкінің есебін (сч 1072), олардың орындалуына бақылауды (бюджеттік және бюджеттік емес қаражат) жүргізеді. Жол парақтарын береді.

Негізгі қаражаттың қозғалысы, отын, АКТ қолдану туралы есеп, мүліктер, инвестициялық есептер бойынша (ай сайын) статистикалық есептерді құрастырады. Білім беретін статистиканың бағдарламасы бойынша электрондық есептерді тапсырады.

Қызметкерлер бойынша материалдық жауаптылар туралы, МЖТ мүліктерді тіркеу бойынша келісім шартты құрастырады, ішкі ауысуларды бақылайды.

Мүліктің түгенделуін жүргізеді. Білім беру бөлімі бойынша негізгі қаражаттар мен материалдарды шығынға жазылуын жүргізеді (ведомстваға бағынысты ұйымдардың түгендеу жиынтығын жүргізеді). Нұсқаулыққа сәйкес ведомстваға бағынысты ұйымдардың негізгі қаражаттарының шығынға жазылуының құжаттарын тексереді және оларды келісімге, ведомстваға бағынысты ұйымдар арасында НҚ мен ТМҚ ауыстыруы бойынша бұйрықты дайындайды.

Нұсқаулыққа сәйкес ведомстволық ұйымдардың негізгі құралдарды есептен шығару үшін құжаттарын тексереді (балабақшалар, мектептер, мектептен тыс мекмелер) және оларды келістіру үшін дайындайды, ведомстволық ұйымдар арасында НҚ мен ТМҚ ауыстыруға бұйрықтар жасайды.

Бөлім және ведомстволық ұйымдардың мүліктері бойынша қаулылар жобаларын әзірлейді, негізгі құралдар мен ТМҚ қабылдап-тапсыруларының актілерін дайындайды.

Мектептер, балабақшалар, мектептен тыс мекемелер бойынша жылжымайтын мүлік, алаңдар, көлік жайлы ақпарат ұсынады.

Бақылауда тұрған құжаттарды орындайды, 23,34, 35, 36, 44, 45, Кенжекөл, Стикс, ОӨК-№2 мектептерге жетекшілік етеді, функционал мәселесі бойынша өтініштерге жауап береді.

163-специфика бойынша Жалпыға міндетті оқу қорының игерілуіне талдау және бақылау жасайды (Тамақтануды ұйымдастыру, лагерь, заңнамаға сәйкес аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларға киім-кешектер). Мектеп асханаларын жалға алушылар бойынша жиынтық ақпаратты ұсынады (МС, ОФ-мен жалға беру келісім шарты, тамақтану құны (бағасы) және т.б.). Мектептер кескінінде өрт қауіпсіздігі бойынша жиынтық ақпаратты ұсынады (ӨҚ, қызмет көрсету, жабдықталу). ТЖ. СЭС. Пайдаға асыру. МКШ бойынша № 53-59 формаларының жиынтығын жасайды.

Бахыт Қабдоллақызы Даирова – жетекші бухгалтер
Бахыт Қабдоллақызы Даирова – жетекші бухгалтер

телефон - 321944    
 
151 (су, жылу, электрэнергиясы) коммуналдық қызметтер бойынша берешектің болуын бақылайды (энергия орталығы - хат алмасу, орындалуын бақылау). Коммуналдық қызметтер бойынша өткен жылдардағы деректермен салыстырмалы талдау жасайды. Энергия орталығы, сот талаптары бойынша ақпарат дайындайды (хат алмасу, орындалуын бақылау);

коммуналдық қызметтер туралы жасалған шарттар бойынша жиынтық ақпарат.

152 (мектеп) ерекшелігі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар жөніндегі 4-20 бойынша игеру мониторингін жүргізеді. Талдайды;

жылу маусымына дайындық, жуу, сығымдау және дайындық актілерін ұсынады. Мектептер мен ВУ туралы 151 коммуналдық қызмет бойынша (су, жылу, электрэнергиясы) берешектің болуын бақылайды;
 
ауылдық мектептер бойынша қатты және сұйық отынды мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат және қазандықтардың, сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау желілерінің жағдайы туралы ақпарат береді;
 
163-ерекшелік бойынша жалпыға міндетті оқу қорының игерілуін талдайды және бақылайды. (Тамақтану, лагерь, тұрмысы төмен және жетімдерге арналған киім-кешек заңнамаға сәйкес).   Мектеп асханаларын жалға алушылар бойынша жиынтық ақпарат береді (МСА, ОФ-мен келісім-шарт жасайды, тамақтану құны және т. б.);

бақылау құжаттарын орындайды және функционал мәселелері бойынша өтініштерге жауап береді.

Сарсенова Гүлбарам Бахытбекқызы - жетекші бухгалтер
Сарсенова Гүлбарам Бахытбекқызы - жетекші бухгалтер

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша келісім шарттар мен өтінімдерді дайындайды және тіркейді, бюджет анықталған кезде оларға өзгертулерді енгізеді. Мектептен тыс мекемелер бойынша есептерді дайындайды. Өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша орындалған жұмыстардың актісін жүргізеді. Бухгалтерияның 1-С бағдарламасымен бухгалтерлік есепті жүргізеді.

Мектепке дейінгі мекемелер бойынша есептерді дайындайды. Өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу бойынша орындалған жұмыстардың актісі, дұрыстығы мен растығын тексереді.

Ведомстваға бағынысты ұйымдардың бюджеттік және өз қаражаты бойынша 141, 142, 149, 152, 159, 169 өзгешліктер кескініде шығындардың бақылауын, қабылдауын және тексерісін іске асырады.

151 коммуналдық қызметтер бойынша қарыздардың талдауын жасайды (су, жылу, электрэнергия). Өткен жылғы мәліметтермен салыстыруды жасайды. Энергоцентрге қатысты сот талаптары бойынша ақпарат даярлайды (хат алмасу, орындалуын бақылау).

Мектептер, балабақшалар және мектептен тыс мекемелер бойынша өрт қауіпсіздігі жөнінде жиынтық ақпаратты ұсынады (ӨҚ, қызмет көрсету, жабдықтау) ТЖ. СЭС.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-аналар төлемінің көлемі бойынша бекіту үшін қаулыны дайындайды. Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Кеңестер, оқу семинарларының хаттамалары (балабақшалардың).

Бақылауда тұрған құжаттарды орындайды, функционал мәселесі бойынша өтініштерге жауап береді.

Қыдырбаев Берік Кинятұлы - жетекші бухгалтер
Қыдырбаев Берік Кинятұлы - жетекші бухгалтер

4-20 шығындары бойынша (мектептер) жиынтық есептердің ай сайынғы қабылдауын іске асырады.

Қалдықтарды пайдалану, өрт дабылы, өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілу, СЭС, ТЖ (төбе жабындылары) нұсқамалары бойынша ақпаратты даярлайды.

Ведомстволық бағынысты мекемелер бойынша бейнебақылау камераларын, пандустар мен өзге де құралдарды орнату бойынша ақпараттарды жасайды.
Коммуналдық және байланыс қызметтеріне жасалған келісім-шарттар бойынша жиынтық ақпарат.

Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың қатысуы жөнінде табельдер бойынша жиынтық ақпарат береді.

Қызы, Әбілқасымова Айжан Төкенқызы
Қызы, Әбілқасымова Айжан Төкенқызы

КАРМУ тарих факультетін бітірген. 1973 жылдан осы күнге дейін Ақмола облысы Зеренді ауданы  Игілік ауылында тарих мұғалімі және директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары болып 39 жыл еңбек етіп келеді. Аудандық, облыстық білім беру басқармалары құрметті грамотасымен марапатталған.

Ахметова Сауле Ахметқызы
Ахметова Сауле Ахметқызы

1945 жылы 7 сәуірде бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданы Өңдіріс ауылында дүниеге келген. Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану факультетін 1967 жылы бітірген. ШҚО облысы Абай ауданы М. Ауезов мектебінде және сол ауданның Социалистік Қазақстан мектебінде  химия, биология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Еңбек өтілі 34 жыл. Батыр ана, 6 бала тәрбиелеп өсірген. Қазақстан Республикасының ағарту ісінің озық қызметкері, БжҒМ, облыстық, аудандық білім беру басқармалары құрмет грамоталарымен марапатталған. Ардагер ұстаз. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Лениннің 100 жылдық мерейтойына байланысты «Ленин» медалімен марапатталған.

Карипжанова Эльвира Көптілеуқызы
Карипжанова Эльвира Көптілеуқызы

(қызы) 1971 жылы 23 сәуірде ШҚО Абай ауданы Көкбай ауылынды ұстаздар отбасында дүниеге келген. Семей қалалық № 47 орта білім беру мектебінде, технология пәні мұғалімі. Облыстық, қалалық білім беру басқармалары құрмет грамотасымен марапатталған. Еңбек өтілі 15 жыл. 3 бала тәрбиелеп, немере сүйіп отыр.