ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Все
САДБЕКОВА АЙЯНА ШАЙМУХАМЕДТОВНА – И.О. ЗАВЕДУЮЩЕГО СЕКТОРА ЭКОНОМИЧЕСКОГО АНАЛИЗА, МОНИТОРИНГА И ПЛАНИРОВАНИЯ
САДБЕКОВА АЙЯНА ШАЙМУХАМЕДТОВНА – И.О. ЗАВЕДУЮЩЕГО СЕКТОРА ЭКОНОМИЧЕСКОГО АНАЛИЗА, МОНИТОРИНГА И ПЛАНИРОВАНИЯ

 

САДБЕКОВА АЙЯНА ШАЙМУХАМЕДТОВНА – И.О. ЗАВЕДУЮЩЕГО СЕКТОРА ЭКОНОМИЧЕСКОГО АНАЛИЗА, МОНИТОРИНГА И ПЛАНИРОВАНИЯ

Майя Базарбаевна Беркутбаева – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ, МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Майя Базарбаевна Беркутбаева – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ, МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

телефон - 320770                                                                                               

сектор мамандарының жұмысын үйлестіріп, бағыттайды;

 «Павлодар қаласы білім беру жүйесін дамыту» бағдарламаларын іске асыруды әзірлеп, қадағалап отырады;

инвестициялық жобаларды әзірлеуге қатысады;

бюджеттік тапсырыстың деректер жинағын тексереді;

бюджетті айқындау үшін есептер  әзірлейді;

жетекшілік жасайтын мәселелері бойынша есептер береді

ГУЙО ЕВГЕНИЯ ЯКОВЛЕВНА
ГУЙО ЕВГЕНИЯ ЯКОВЛЕВНА

Евгения Яковлевна1973 жылдан бастап балалар музыка мектебінде жұмыс істейді.               1996 жылдан 2009 жылға дейін мектеп директоры қызметін атқарды. Қала мен облыстың музыкалық мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосуда.

Ол басшылық еткен кезеңде мектеп мұғалімдері мен оқушылары түрлі деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелер көрсетті. Көптеген жылдар бойы Евгения Яковлевна Павлодар облысынан балалар музыка және өнер мектептері республикалық директорлар кеңесінің басқарма мүшесі болды. Жыл сайын жас музыканттардың қалалық және облыстық конкурстарында төраға және қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысып, өзінің кәсіби құзыреттілігін растады.

Көп жылдық адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен (1988), «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медаліменмарапатталды.

БЕКСЕИТОВА КҮЛМАШ ҚАСЫМҚЫЗЫ
БЕКСЕИТОВА КҮЛМАШ ҚАСЫМҚЫЗЫ

Күлмаш Қасымқызы1994 жылдан бастап мемлекеттік қызметте бас маманнан ұйымдастыру және кадр жұмысы секторының меңгерушісіне дейін қызмет атқарды. Өзінің барлық қызметін қала мектептерімен бірлесіп жұмыс істеуге және жоғары оқу орындарымен байланыс орнатуға арнады. Оның басшылығымен білім беру мекемелері педагог кадрлардың сапалы құрамын жақсартуға, жас мамандармен жұмыс істеуге көңіл бөлді.

Білім беру саласындағы ерекше қызметтері үшін ҚР Мұғалімдер одағының грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, «ҚР Білім беру үздігі» төсбелгісімен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен, Павлодар облысы әкімдігінің, облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

ҚҰРМАНОВА ҒАЛИЯ МАНАПҚЫЗЫ
ҚҰРМАНОВА ҒАЛИЯ МАНАПҚЫЗЫ

Ғалия Манапқызы 17 жылдан астам №122 мектепке дейінгі гимназия басшысы қызметін атқарды. Білім беру саласына сіңірген көп жылғы еңбегі мен ұтымды істері, азаматтық бітім-болмысы үлгі тұтарлық. Павлодар өңірінің білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Оның басқарушылық кезінде №122 мектепке дейінгі гимназия педагогтері мен тәрбиеленушілері қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық  сайыстардың жеңімпаздары атанды. Бірнеше жыл Май ауданының балабақшаларына шефттік әдістемелік көмек көрсетіп, Семей қаласының №6 «Нұрсауле» сәбилер бақшасымен Меморандум негізінде тығыз серіктестік қатынас жасады. Ұжымның жоғары жетістіктері үшін бірнеше жыл қалалық рейтинг жеңімпазы, «Балабақшаның ең үздік алаң-аумағы» қалалық сайысының жеңімпазы, облыстық «Ең таңдаулы балабақша» сайысының ІІ орын иегері атанды. 2018 жылы мектепке дейінгі гимназия 50 млн. теңге ақшалай сыйлығымен марапатталды.

Ахметов Кенжетай
Ахметов Кенжетай

1921 жылы Баянауыл ауданындағы № 14 ауылда туылды. Алматы  қаласындағы  Қазақ педагогикалық институтын аяқтаған соң, өзінің еңбек жолын Павлодар  облысының Бесқарағай ауданында бастайды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап фашистермен 1-ші Украина және 2-ші Белоруссия майдандары құрамында майданда соғысқан, 265 Краснознамён полкіндегі миномет-бомбалаушылар батареясының командирі болған. Соғыс Кенжетай Ахметовтің өмірінде терең із қалдырды. Соғыста  қатты жараланып, басынан контузия алады, суыққа қалып, аязда үсік алады. Бірақ  Отаны үшін күрескен мыңдаған адамдар сияқты, ол өзі туралы ойламайды, оның жалғыз мақсаты – жеңіс болады.

             Оның жауынгерлік сипаттамасында: «Жауынгер офицер ретінде жолдас Ахметов мықты, батыл және ерлік көрсетуден тайсалмайтын, бірнеше рет ерлікпен шектесетін батылдығын шабуыл кезінде талай дәлелдеген»  деп жазылған. Оның денесінде мина сынықтары қалған, аязда үсіген аяғы өмірінің соңына дейін бүгілмей қалады.

        Бірақ тағдыр тауқыметіне ешқашан мойыған емес, K.A. Ахметов жұмыс та істеді, балаларды да тәрбиеледі, өсірді.  Ұлы Отан Соғысы ардагерімін,25 жылға жуық взводқа командир болдым  деп өзін ешқашан мақтаған емес, ешкімнен  ештеңе сұраған емес.

         Отанымыз оның ерлігі мен батырлығын жоғары бағалады, Кенжетай Ахметовті I және II дәрежелі соғыс ордендерімен, Қызыл Жұлдызбен, «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен және басқа да медальдармен марапаттады.

         Бертін келе Кенжетай Ахметұлы алдын мұғалім, сосын  Павлодар қаласының № 10 орта мектеп директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1960 жылдан бастап партияның Павлодар қалалық комитетінің нұсқаушысы, Павлодар уездік атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің бастығы, 10 жылдан астам уақыт аудандық азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімін басқарды.

          Кенжетай Ахметұлын білген және онымен бірге жұмыс істегендердің бәрі оның батылдығы мен адалдығын, жоғары кәсіпқойлығын, үлкен еңбекқорлығы мен адалдығын,  ізеттілігі мен ашықтығын, адамдарға деген сезімталдығын, жанашырлығын  атап өтті.

БУКАШИНА ГУЛЬНУР ЗАКАРЬЯНОВНА - ВЕДУЩИЙ БУХГАЛТЕР
БУКАШИНА ГУЛЬНУР ЗАКАРЬЯНОВНА - ВЕДУЩИЙ БУХГАЛТЕР

БУКАШИНА ГУЛЬНУР ЗАКАРЬЯНОВНА - ВЕДУЩИЙ БУХГАЛТЕР

ЗОЗУЛЯ АЛЕКСАНДР НИКОЛАЕВИЧ
ЗОЗУЛЯ АЛЕКСАНДР НИКОЛАЕВИЧ

Александр Николаевич Александр Николаевич более 35 лет работает в системе образования, в том числе с 1993 года директором станции юных техников (ныне детская техническая школа).

Ежегодно воспитанники школы представляют Павлодарскую область на Чемпионатах Республики Казахстан, Республиканских соревнований технического творчества и изобретательства (авиа, ракето, авто, судомоделирования), разноуровневых конкурсах и выставках декоративно-прикладного искусства.

Награжден Почетными грамотами и Благодарственными письмами министра образования и науки Республики Казахстан, нагрудным знаком «Ы.Алтынсарин» (2005), юбилейной медалью к 10-летию Независимости Республики Казахстан(2011), нагрудным знаком «Павлодар облысының білім саласына қосқан үлесі үшін» (2020).

БИХИЕНОВА ҚАДИША МАМЛЯНҚЫЗЫ
БИХИЕНОВА ҚАДИША МАМЛЯНҚЫЗЫ

Бихиенова Кадиша Мамляновна басқарушылық, ғылыми-әдістемелік мол тәжірибесі білім беру ұйымдарының жұмысын сапалы деңгейде ұйымдастыруға ықпал етті. Ж.А. Караевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы бойынша оқу-әдістемелік кешенін жасап, оқу процесіне ұтымды енгізді.

Кадиша Мамляновна бойындағы ерекше қасиеттер – инновацияларға ашықтығы, болжам жасай алу, негіздемелі шешімдер қабылдай алу, ұйымдастырушылық, жетілуге ұмтылыс, тапсырмаларды шешуге шығармашылықты қолданды. Білім беру саласына қосқан үлесі үшін 1987 жылы Қазақ ССР-ның білім берудің үздігі, 1991 жылы СССР білім беру үздігі төсбелгілерімен,  2019 жылы «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, ҚР БҒМ мен СССР  білім беру министрлігінің, Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 

ШУЛЬГА ТАТЬЯНА ФЕДОРОВНА
ШУЛЬГА ТАТЬЯНА ФЕДОРОВНА

Татьяна Федоровнатәжірибелі және білікті басшы. Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы еңбек өтілі 40 жыл,оның 30 жылдан астамы – басшылық лауазымдағы еңбек өтілі. 1987-1997 жылдары Павлодар трактор зауытының №16 сәбилер бақшасының меңгерушісі болды, 1997 жылдан бүгінгі күнге дейін № 82 арнайы сәбилер бақшасының басшысы қызметін атқаруда. Ол мектепке дейінгі білім беру жүйесіне инновациялық әдістер мен тәсілдерді белсенді түрде енгізіп, оның сапасын арттыруға үлкен көңіл бөледі.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуға қосқан көпжылдық жемісті еңбегі мен жеке үлесі үшін Павлодар облысының 75 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен (2012), Павлодар қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен (2015), Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен (2015) және Алғыс хатымен (2020), «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен (2018)марапатталды.

Аймаганов Ергали Аймаганович
Аймаганов  Ергали Аймаганович

Родился 15 января 1917 года  в ауле №14 Баянаульского района. Безрадостным было детство Ергали. После смерти отца он жил у дяди, затем его воспитывал отчим. В 1934 году окончил казахскую семилетнюю школу в Лениногорске. Осенью 1937 года переехал в Семипалатинск, где поступил  в учительский институт, который успешно окончил  в 1939 году, и был направлен в Павлодарскую область. В 1940 году был призван в армию и прослужил в составе 27 корпусного артполка до июня 1941 года. 25 июня был тяжело ранен и до сентября 1941 года находился в госпитале на излечении. Сначала врачебная комиссия признала Ергали годным к нестроевой службе, и до января 1944 года работал в Ленинской  средней школе. 28 января 1944года его  призвали  в армию, а  после четырех месяцев службы комиссия признала Ергали годным к нестроевой службе, но не годным к физическому труду.Его отправили в распоряжение Кагановичского райвоенкомата.

 Аймаганов   Ергали был назначен директором Ермаковской средней школы, а в  мае 1945 года  областной отдел народного образования назначил директором  средней школы  №10 города Павлодара, где он  проработал до августа 1947 года. Затем был переведен заместителем заведующего областным отделом образования, заведующим  Павлодарского  городского  отдела  образования, а с августа 1949 по  сентябрь 1952 года работал в обкоме партии, был избран  секретарем Павлодарского  горкома партии,  работал директором монтажного  техникума города Павлодара.

Награжден Грамотой  Президиума  Верховного совета  Казахской ССР,   медалью  «За доблестный  труд в годы ВОВ 1941-1945 годы».

Бос орын - білім беру ұйымдарының инновациялық және эксперименттік қызметі бойынша әдіскер
Бос орын - білім беру ұйымдарының инновациялық және эксперименттік қызметі бойынша әдіскер

- қалалық білім беру мекемелерінің қалалық сараптамалық кеңесінің қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
- мектептердің, мектепке дейінгі мекемелердің және педагог қызметкерлердің эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіреді;
- оқу қызметін ұйымдастыру, ТЭЖ ұйымдастыру мәселелері бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кеңестер өткізеді;
- басқару және менеджмент бойынша жұмысты ұйымдастырады (жас директор мектебі, мектепке дейінгі мекеменің жас жетекшісі мектебі, жас әдіскер мектебі);
- мектеп, мектепке дейінгі мекемелер, шағын орталықтар және мектепалды сыныптар педагогтарының қызметін әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастырады;
- мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің өткізілетін іс-шараларын оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми сүйемелдеуді дайындауға басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
- мектепке дейінгі мекемелердің әдістемелік қызметтері жұмысының нәтижелерін талдайды және қорытады;
- ғылыми-педагогикалық мекемелермен, орталықтармен, ЖОО-мен байланысты жүзеге асырады.

СЕРИКБАЕВ ДАБЫЛТАЙ ДАИРБЕКОВИЧ
СЕРИКБАЕВ ДАБЫЛТАЙ ДАИРБЕКОВИЧ

Дабылтай Даирбекович40 жылдан астам уақыт білім беру саласында физика мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектеп директоры, оның ішінде 20 жылдан астамы басшылық лауазымда қызмет атқарды. 1988-2005 жылдары Павлодар қаласының Ильичев ауданының № 11 кешкі мектебін, 2005-2010 жылдары қаласының № 4 Камал Макпалеев атындағы жалпы орта білім беретін мектебін басқарды. Ол кәсіби біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында білім беру саласына айтарлықтай үлес қосты. Оның басшылығымен мектепте тәрбие жұмысының тиімді жүйесі жүзеге асырылды, Камал Мақпалеев атындағы № 4 мектептің тәрбие жұмысының жүйесі жинақталып, облыстық конкурста 1 орынға ие болды, республика деңгейінде тәрбие жұмысының моделі ұсынылды. Бұл модель мектеп жасындағы балаларды 100% оқумен қамтуға мүмкіндік берді.

Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін үйірмелер мен секциялар санын арттыруға, мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылуына зор үлес қосты. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларының бос уақыты мен жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелерін үнемі бақылауда ұстады. Дабылтай Даирбекұлы өзінің кәсібилігімен, жауапкершілігімен, адамдарға деген құрметімен, ұстанымдылығымен әріптестері мен қаланың педагогикалық жұртшылығының құрметіне ие болды.

Биболов Капсаттар
Биболов  Капсаттар

1916 жылдың 16 қыркүйегінде  Павлодар облысының қазіргі Байдалы ауылында дүниеге келген. Әкесі – Думатұлы Бибол. анасы – Жұмақозықызы Зылиха.

Ерте ата– анасынан айырылған соң, қарындасы Ұрқиямен бірге үлкен әпкесі Қорлиқаның тәрбиесінде болған.Ауылдық мектепте  алғашқы білім алып, 1931 ж. Павлодар қаласындағы ФЗУ–дың даярлық курсын бітіріп, Тобылжанда Тракторлық цехта еңбек жолын бастайды.

Кейін Теміртау кенішінің  училищесінде механик оқуын тәмәмдап, Алтайдың Телбес кенішінде   Усть–Тоин селосында еңбегін жалғастырады.

1936–1937 ж.ж. Талдықорған ауылшаруашылық  техникумын, Алматыдағы №12 мектепті бітіреді.

1939 жылы Сабира Өмірзаққызымен  танысып, үйленеді. Кешке мектепте сабақ беріп, күндіз Абай атындағы пединститутының жаратылыстану факультетінде  оқып, екі курсын бітіреді.

Үшінші курста оқып жүргенде  Ұлы Отан соғысы басталып кетеді.Туыстары Новосибирь облысының Верх–Ирмен ауданының Талапты қазақ ауылында  тұрып жатады, сонда келіп  екі жылдай мектеп меңгерушісі болып еңбек етеді.

1942 жылы, мамыр айында өз еркімен майданға аттанады, бір жыл әскери даярлық  курсын өтеді. Екінші Украина, Екінші Прибалтика, Ленинград майдандарында, атқыштар полкінде, соғысқа қатынасқан. 1946 жылы елге оралған. «За победу над Германией», «20 лет Победы в Великой Отечественной войне» медальдарымен марапатталған.

Соғыстан кейін Талапты ауылында екі жыл мектеп меңгерушісі болған. Екі жылдан соң Павлодарға қайтып оралып, Абай атындағы мектепте химия биология мұғалімі болып қызмет істейді.

Лебяжі ауданындағы Қызыл әскер, Қазантай мектептерінде де ұстаздық қызмет атқарған.

Қапсаттар ағамыз білімді, арабша, латынша өте сауатты болған. Ел арасында беделді, абыройлы адам болған.

Жұбайы Сабирамен 8 бала тәрбиелеп, өсірген. Ұрпақтары өте дарынды, немере, шөберелері қазіргі кезде Павлодар, Алматы, Астана, Атырау мен Америкада тұрып жатыр.

МЕЛЬНИК АЗИЗА ИГОРЬҚЫЗЫ - ВЕДУЩИЙ ЭКОНОМИСТ
МЕЛЬНИК АЗИЗА ИГОРЬҚЫЗЫ - ВЕДУЩИЙ ЭКОНОМИСТ

МЕЛЬНИК АЗИЗА ИГОРЬҚЫЗЫ - ВЕДУЩИЙ ЭКОНОМИСТ

Аликов Рахимберды Жакиянович
Аликов Рахимберды  Жакиянович

1919 жылы 1 қаңтарда Баянауыл ауданындағы № 12 ауылда дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы С.М. Киров атындағы балалар үйінде дене шынықтыру  мұғалімі болып бастаған. Әскери борышын өтеуге 1939 жылдың 1қазанында Семей пединситутындаоқып жүргенде  Ленин атындағы  аудандық военкоматтан  шақырту алады. 1939-1940 жылдардағы  «Кеңес-Фин соғысы» кезінде Финляндияда болады. 1941 жылы Дон майдан шебінде 24-інші, 29-ыншы, Украин майдан шебінде 2-нші,3-інші әскер қатарында соғысқан. Белгоград, Сталинград, Венгрия, Польша, Асвстрия қалаларын неміс басқыншыларынан босатады. Ұлы Отан жеңісін Прагада қарсы алады. 1946 жылы елге қайтады. Ұлы Отан Соғысындағы марапаттары: І дәрежелі Отан соғысының Ордені, Қазан төңкерісі Ордені, «Ерлік» Ордені, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Венаның алынуы», «Праганың алынуы», Будапешттің алынуы» және «Германиямен соғыста жеңіске жеткені үшін» және мерейтойлық медальдармен марапатталды.

              1946-1947 жылдар аралығында Қазақстан Коммунистік Партиясының обкомында  нұсқаушы қызметін атқарады.  1947-1949 жылдарда Алматы қаласындағы Мемлекеттік пединститутында тарих мамандығы бойынша оқуын жалғастырады. Сонымен қатар осы жылдары Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитетіндегі екі жылдық партия мектебін бітіреді. 1949 жылдың 17 тамызынан 1950 жылдың 12 қыркүйегі аралығында Майқайын орта мектебінің директоры қызметін атқарады. Осы қызметті Екібастұз, Тавалжан, Краснокутск қалаларында жалғастырады. 1965-1966 жылдары Павлодар қаласындағы №8,3 жұмысшы жастар мектебін басқарады. Өз ісінің маманы, іскер басқарушылығының арқасында оқу-тәрбие жұмысында үлкен жетістіктерге қол жеткізген.

№3 ЖЖМ халық-шаруашылығындағыоқушыларды қабылдау жопарын үнемі орындай отырып, кабинеттік оқыту жүйесіне көшеді. «Әр еңбекшіге –орта білім» конскурстық байқауында аталмыш мектеп аудан, қала, облыс аралығында  бірнеше рет бірінші орын жеңімпазы болған.  Халық алдындағы адал еңбегі үшін  «Қазан төңкерісі» орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес        

грамотасымен, бұдан басқа  «Қазақ КСР ағарту ісінің озаты», Бүкілодақтық пионерлер ұйымының «Пионерлермен белсенді жұмыс » төсбелгілері және «Еңбек ері» медалімен  марапатталады.

Бірнеше рет жергілікті Кеңестің депутаты болып сайланады. Индустриялық ардагерлер кеңесін, халықтық білім беру комиссиясын басқарған. 1981 жылы  Павлодар қаласы  № 3 ЖЖМ жұмыс орнынан зейнетке шығады.

 

 

Сексенінші гвардия

 

   Соғыс жылдарыБарнауылда сексенінші гвардиялық дивизия құрылды. Бұл  дивизияның құрамында қазақ жерінен келгендер көп еді. 1942 жылы аталмыш дивизия Н.П.Васильевтің қолбасшылығымен ақпан айының ортасында соғысқа аттанады. Біздің дивизия Тульск облысында 24 резервтік әскер құрамына еніп, 15 сәуірден бастап Зайцев тауы аймағында ұрысқа кірісіп кетті. Біз Сталинградқа кірер жолды қорғау үшін Дон маңында соғыстық. 24 әскерді генерал-лейтенант Галинин басқарды. Сол адамның қолбасшылығымен біз Котлубань ауылын жаудан тазартып, ары қарай шабуылға шықтық.

Табысты әрі батыл әрекет танытқанымыз үшін біздің дивизия гвардиялықтар марапатына ие болды, сонымен қатар өзіміз қорғаған қала аттарын да иелендік. 1943 жылы алтыншы ақпанда «Правда» газетінің бірінші бетіне «Қазақстандықтар майданда ерекше ерлік көрсетуде, ал олардың әкелері мен аналары тыл жұмыстарында тынбай еңбек етуде. Сталинградты неміс әскерлерінен құтқаруға қатысқандардың үштен бір бөлігі Қазақстандықтар» деп жазылды.  1943 жылы  Қазақстанның 14 жауынгері мен офицерлері   Кеңес Одағының Батыры атағын алды. «Сталинградты қорғағаны үшін»  біздің 2452 жерлесіміз  медальдармен марапатталды.

                                                                                         Соғыс ардагері  Р.Аликов

ЛАУРА МЕНДОЛЛАҚЫЗЫ ӘДІЛБАЕВА - ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫН ЖҮРГІЗУ, ІС ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСКЕР
ЛАУРА МЕНДОЛЛАҚЫЗЫ ӘДІЛБАЕВА - ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫН ЖҮРГІЗУ, ІС ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСКЕР

телефон - 321937

- электрондық құжат айналымы жүйесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерінің деректер базасымен жұмыс;
- білім бөлімінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын және нормативтік базаны жүргізуді ұйымдастыру;
- «Айқын» жобасын іске асыру;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс бойынша білім беру мекемелеріне әдістемелік қолдау көрсету;
- жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша мониторинг жүргізу.

АЯПБЕРГЕНОВ КУАНЫШ РАХМЕТУЛЛАЕВИЧ - ВЕДУЩИЙ ЭКОНОМИСТ
АЯПБЕРГЕНОВ КУАНЫШ РАХМЕТУЛЛАЕВИЧ - ВЕДУЩИЙ ЭКОНОМИСТ

АЯПБЕРГЕНОВ КУАНЫШ РАХМЕТУЛЛАЕВИЧ - ВЕДУЩИЙ ЭКОНОМИСТ

Ramazanova Aldira Askarovna – Methodist
Ramazanova Aldira Askarovna – Methodist

phone – 209170

provides guidance to the Deputy Director electronic document management and control documents;

performs timely execution of control documents;

maintains electronic document management in the Department of education.

ЕРШОВА ГАЛИНА АНАТОЛЬЕВНА
ЕРШОВА ГАЛИНА АНАТОЛЬЕВНА

Ершова Галина Анатольевна, 30 жылдан астам № 42 балабақшаның, № 42 ОТК, «Smart kid» балабақшасының басшысы қызметін атқарды. Білім беру жүйесін реформалау кезеңінде ол мектепке дейінгі мекемені кешен – балабақша – мектеп құру бойынша эксперименттік жұмыстың жаңа кезеңіне шығарды.Мәскеудің жаңа білім беру жүйелері институтымен Халықаралық ынтымақтастыққа шықты. Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық және ата-аналар қоғамдастығының бірлескен қызметінің тетігін енгізді, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жаңғыртты. Эксперименттік, содан кейін инновациялық жұмыстарды ұйымдастырды.Оның жұмысының оң көрсеткіштері: облыста жалғыз - мектепке дейінгі кешенді гимназия құру – даму режимінде жұмыс істейтін гимназияға дейінгі сыныптары бар бастауыш мектеп; қаланың мектептері мен мектепке дейінгі мекемелер арасында ОТК танымалдылық индексі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, ҚР білім беру үздігініңтөсбелгісіменмарапатталған.

First Previous 1 2 3 10 Last