Қойшыбай Мақажанұлы Мақажанов – қарт ұстаз, еңбек ардагері. Ол Қазақтың мемлекеттік университетін 1951 жылы тәмәмдап, Павлодар облыстық халыққа білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1963 жылдан бастап № 10 Абай атындағы орта мектеп директорының орынбасары болып ұзақ жылдар қызмет атқарып, 1995 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Мақажан Қойшыбайұлы бар ғұмырын білім беру саласына арнап, барлық күш – жігерін өз саласына арнаған абзал жан. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне үлес қосып, елімізге танымал көптеген азаматтарды тәрбиелеп, өсірген ел азаматы. Ерен еңбегінің арқасында халық арасында беделі жоғары, абыройы биік, мерейі үстем болып ел есінде мәңгі қалды. Ол Қазақ ССР - інің оқу үздігі. Бар қатар мақтау қағаздарымен марапатталған.


