Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Елена Федоровна Негурцак - Психолог
Дәреже: Оқытушылар
Елена Федоровна Негурцак - Психолог

Білімі - жоғары

Жұмыс өтілімі - 15 жыл

Санаты - 1 санат

Психологиялық мекеме

         Баланың жаңадан қоршаған ортамен таныстыру ол үлкен стресс. Балабақша – баланың өздігінен бірінші қадам басқан күні, жаңадан үйренуі. Мен балаға бұл жолды стрессіз өтуді көмектесемін, балабақшадағы атмосфераның психологиялық жайлылығын қалыптастырамын. Баланың сәтсіздіктері, кейбір қылықтары, ата-аналарды ойландырады. Баланың психологиясының кілтін табу үшін, оған көмек беру, үлкендер мен баланың қарым-қатынасындағы түсіністікті табу – балабақшаның негізгі міндеті болып табылады.

Психологиялық диагностика оқу жылы бойы жүргізіледі:

-         Есте сақтау, ойлау қабілеттерінің деңгейін қарастыу

-         Мектеп деңгейін қарастыру

-         Баланың жеке проблемаларын талдау (үрейлік, өзін-өзі адекватты емес бағалау, басқыншылық, ұйымдаспаған)

-         Достарымен және үлкендермен қарым-қатынасты зерттеу

-         Ата-ананың тәрбиелеу стилін талдау

Диагностиканың қорытындысын шығаруда психологиялық қорытынды жасалынады. Психолог диагностиканы жүргізуде баланың ортасын қарастырады, тәрбиешілерге керекті баламен жұмыс жасауға көмектеседі.

Психологиялық ақпарат

Психологиялық ақпараттың мақсаты – балаларға көмек беру, ата-аналарға отбасы қарым-қатынасын үйрету. Біз ата-ананың қандай да болсын жағдайына көмек береміз, баланың тәрбиесі жөнінде және баланың балабақшадағы қарым-қатынасы жайлы ақпарат береміз.

Ақпаратқа кіреді:

  • Психологиялық көмек, адаптация кезінде (балабақшаға келгенде, бастауыш сыныпта, орта мектепке көшуі, басқа мектепке көшуі)
  • Баланың жалпы психикасының дамуы: мінезі, баланың даму сатысы.
  • Ата-аналардың проблемаларын талқылау, олардың баланың қиыншылықтарына деген қарым-қатынасы.
  • Оқыту және тәрбиелеу бойынша ата-аналарға арналған семинарлар өткізіледі.

Психологиялық түзету (дара және топталған)

Әр бала жеке тұлға. Біреулер тез дамиды, біреулер ақырын. Әр баланың дамуына байланысты, психолог түзету-дамыту сабақтарын жобалап, таңдап, өткізеді. Мысалға:

  • Еске сақтау, назар, интеллектуалдық қабілетін дамыту
  • Дамуы нашар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
  • Балалардың жекелік эмоционалды проблемаларын түзету (үрейленуін төмендету, өз-өзіне сенімділігін арттыру)
  • Топтарда тренинг жүргізу
  • Ата-ана мен баланың түзету қарым-қатынасы.

Балалармен сабақ, жұмасына екі рет өткізіледі. Психолог керек жағдайда жеке дара баламен жұмыс жүргізеді.