Білімі - жоғары
Жұмыс өтілімі - 15 жыл
Санаты - 1 санат
Психологиялық мекеме
Баланың жаңадан қоршаған ортамен таныстыру ол үлкен стресс. Балабақша – баланың өздігінен бірінші қадам басқан күні, жаңадан үйренуі. Мен балаға бұл жолды стрессіз өтуді көмектесемін, балабақшадағы атмосфераның психологиялық жайлылығын қалыптастырамын. Баланың сәтсіздіктері, кейбір қылықтары, ата-аналарды ойландырады. Баланың психологиясының кілтін табу үшін, оған көмек беру, үлкендер мен баланың қарым-қатынасындағы түсіністікті табу – балабақшаның негізгі міндеті болып табылады.
Психологиялық диагностика оқу жылы бойы жүргізіледі:
- Есте сақтау, ойлау қабілеттерінің деңгейін қарастыу
- Мектеп деңгейін қарастыру
- Баланың жеке проблемаларын талдау (үрейлік, өзін-өзі адекватты емес бағалау, басқыншылық, ұйымдаспаған)
- Достарымен және үлкендермен қарым-қатынасты зерттеу
- Ата-ананың тәрбиелеу стилін талдау
Диагностиканың қорытындысын шығаруда психологиялық қорытынды жасалынады. Психолог диагностиканы жүргізуде баланың ортасын қарастырады, тәрбиешілерге керекті баламен жұмыс жасауға көмектеседі.
Психологиялық ақпарат
Психологиялық ақпараттың мақсаты – балаларға көмек беру, ата-аналарға отбасы қарым-қатынасын үйрету. Біз ата-ананың қандай да болсын жағдайына көмек береміз, баланың тәрбиесі жөнінде және баланың балабақшадағы қарым-қатынасы жайлы ақпарат береміз.
Ақпаратқа кіреді:
- Психологиялық көмек, адаптация кезінде (балабақшаға келгенде, бастауыш сыныпта, орта мектепке көшуі, басқа мектепке көшуі)
- Баланың жалпы психикасының дамуы: мінезі, баланың даму сатысы.
- Ата-аналардың проблемаларын талқылау, олардың баланың қиыншылықтарына деген қарым-қатынасы.
- Оқыту және тәрбиелеу бойынша ата-аналарға арналған семинарлар өткізіледі.
Психологиялық түзету (дара және топталған)
Әр бала жеке тұлға. Біреулер тез дамиды, біреулер ақырын. Әр баланың дамуына байланысты, психолог түзету-дамыту сабақтарын жобалап, таңдап, өткізеді. Мысалға:
- Еске сақтау, назар, интеллектуалдық қабілетін дамыту
- Дамуы нашар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
- Балалардың жекелік эмоционалды проблемаларын түзету (үрейленуін төмендету, өз-өзіне сенімділігін арттыру)
- Топтарда тренинг жүргізу
- Ата-ана мен баланың түзету қарым-қатынасы.
Балалармен сабақ, жұмасына екі рет өткізіледі. Психолог керек жағдайда жеке дара баламен жұмыс жүргізеді.
