Медбике
Телефон:676196
-
Медициналық-педагогикалық бақылау жасайды:
-тәрбиеленушілердің білім алу үдерісі мен қозғалыс режимі ұйымдастырылуын;
-топтардағы таңғы гимнастиканың өтуін;
-денешынықтыру жаттығулары сабақтары мен олардың бала организміне әсерін;
-балалардың балабақшада болған уақытындағы және жаңаданкелген балалардың оқу орынына бейімдеу кезіңіндегі денсаулық, физикалық даму және шынығу жағдайларын.
-
Пәндік-даму ортасындағы санитарлық-гигиеналық жағдайларға және денсаулық қорғау технологияларын қолдану нәтижелеріне талдау жасайды, профилактикалық және сауықтыру шараларының тиімділігіне баға береді.
-
Аурудың алдын алу, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау, инфекциялардың таралуын тосқауыл қою, ауруды үй жағдайында емдеу,салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша педагогтар және ата-аналар (заңды өкілдер) арасында консультативтік-ағарту жұмыстарын жүргізеді.
-
Медицина бөлімшесі қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді.
-
Тиісті кәсіби даярлығы жоқ тұлғалардың диагностикалық, профилактикалық және емдеуқызметін жүргізуіне жол бермейді.
-
Әкімшілік пен педагогикалық ұжымға балалардың денсаулығын сақтау және нығайту бағытындағы жұмыстар бойынша тиісті көмек көрсетеді, ата-аналарға (заңды өкілдерге) балаларды емдеу және денсаулығын қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар жасайды, оларды қажет болған жағдайда өзге мамандарға жолдайды.
-
Ас блогында тағам әзірлеу ережелері бойынша технологиялық карталар жасайды.
-
Физиологиялық тұтыныс нормаларын есепке ала отырып, тағам түрлерінің колориялығы мен химиялық құрамы көрсетілген апталық немесе айлық жоспар-мәзір дайындайды.
-
Жоспар-мәзірге сәйкес жасалған күнделікті мәзірлерге қол қояды, бұрын әзірленген мәзірді орындау мүмкін болмаған жағдайда тағам түрлерін немесе азық түрлерін ауыстырады.
-
Дәрі-дәрмектердің, медициналық жабдықтардың дер кезінде алынуын және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
-
Өз мамандығы аясында медициналық кабинеттін тәртіпте ұсталуын қадағалайды, асептиктер мен антисептиктер қолдану, құрал-саймандарды тазарту ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
-
Қызметкерлер мен ата-аналар арасында санитарлық-ағартушылық жұмыстарды жүргізеді.