- Қызметкерлердің алдынала (жұмысқа түскен кезде) және мезгіл-мезгіл (еңбек ету барысында) міндетті медициналық байқаулардан (тексерулерден) өтуіне жауап береді.
- Медицина мекемелерінен алынған материалдар негізінде мезгіл-мезгіл медициналық байқаудан өтуге тиісті кісілердің тізімін жасайды.
-Салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды дағдыға айналдырады, уытқұмарлық (токсикомания) және нашақорлық (наркомания), ішімдікке салыну (алкоголизм) мен темекі тарту көріністерінің алдын алу бағытында жұмыстар жүргізеді.
Өндірістік бақылау жоспарын әзірлейді.
- Санитарлық заңнамалардың сақталуын ұйымдастырады.Оқу кабинеттерінің, спорт залдарының, тұрғын және басқа да орын-жайлардың, сондай-ақ асхана қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкес санитарлық-гигиеналық жай-күйіне ағымдағы бақылаулар жүргізілуін қамтамасыз етеді.
- Ас дайындау бөлігінде тағам әзірлеу ережелері бойынша технологиялық карталар жасайды.
- Физиологиялық тұтыныс нормаларын есепке ала отырып, тағам түрлерінің колориялығы мен химиялық құрамы көрсетілген апталық немесе айлық жоспар-мәзір дайындайды.
- Жоспар-мәзірге сәйкес жасалған күнделікті мәзірлерге қол қояды, бұрын әзірленген мәзірді орындау мүмкін болмаған жағдайда тағам түрлерін немесе азық түрлерін ауыстырады.
- Ауырып немесе жараланып қалған балаларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді және бұл жөнінде басшыға баяндап, ата-аналарға (заңды өкілдерге) хабарлайды, олардың келісімі бойынша травмотология пунктіне немесе стационарға жіберу туралы шешім қабылдайды.
- Қызметкерлер мен тәрбиеленушілер арасында жарақаттанудың алдын алу және аурулықты азайту бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
- Басшымен, қоймашымен, кәсіподақ комитетімен, ата-аналар қауымымен бірлесіп тамақтандыру ісін ұйымдастыруды, азық-ауқат өнімдері асортиментін жақсарту, асты сапалы дайындап, оны асханада тарату үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қолданады, әзірленген тағам түрлерінің сынамасын алады.
- Медициналық мекемелермен бірлесіп медициналық қызмет көрсету және сауықтыру жұмыстарын жақсарту бағытында шаралар қолданады.
- Қызметкерлерді еңбек қорғау талаптарына сәйкес емдеу-профилактика қызметімен қамтамасыз етеді, ас дайындау бөлігінің қызметкерлерін күнделікті байқаудан өткізеді.
- Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша профилакикалық егу талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
- Еңбек және оқу процестері қауіпсіздік жағдайларының, жұмыс орындары мен оқу орындарында еңбек жай-күйінің, сондай-ақ қызметкерлер мен оқушылар тарапынан жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары дұрыс қолданылуының бақылануын қамтамасыз етеді.
-карантин болған кезінде күнделікті балаларды қабылдауға қатысады.
- Дәрі-дәрмектердің, медициналық жабдықтардың дер кезінде алынуын және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
- Дәрігердің емдеу шараларына, емдік іс-әрекеттеріне ассистент ретінде көмектеседі.
- Өз мамандығы аясында медициналық кабинеттің тәртіпте ұсталуын қадағалайды, асептиктер мен антисептиктер қолдану, құрал-саймандарды тазарту ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
- Қажетті есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді.
- Орта медициналық персоналдар үшін емханада ұйымдастырылатын сабақтарға қатысу жолымен өз кәсіби біліктілігін көтереді.
- техникалық персоналы жұмысын қадағалайды.
Білім беру ұйымы (негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Тлектес Амантаевна Бегежанова
Лауазымдық міндеттері:
- оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
- оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;
- Мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;
- Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
- Педагогикалық кеңестің жоспарын құрастырады, күн тәртібі мен материалдарын дайындайды (хаттамасының толтырылуы);
- Мектептің даму, жалпы мектеп жоспарларын құрастыру жұмысын ұйымдастырады;
- Мектептің жылдық жұмысының қорытынды талдау жұмыстарын бақылап жинақтайды;
- Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын арттыру үшін жағдай жасайды;
- Мұғалімдердің біліктілігін арттыру, курстық дайындықтан өткізу жұмыстарын ұйымдастырады;
- Кадрлық НОБД, Е-портфолио, Е-өтініш, өзі басқаратын мұғалімдерінің «БІЛІМ-КЛАСС» бағдарламасын бақылайды;
- 8-9 сыныптар аралығының оқу-тәрбие үдерісін бақылайды;
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату (бұдан әрі – қағидалары Қағидалар) ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен бекітілген ҚР Оқу-ағарту Министрлігі туралы Ережесінің 15 тармағының 33) тармағына сәйкес (33) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын орындау жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады;
- Педагогтердің аттестаттау жұмысын басқару, мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау, біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;
- Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады, білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады;
- «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингісі» (МОДО) 4, 9 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауды бақылайды;
- Өзі басқаратын мұғалімдерінің «БІЛІМ-КЛАСС» бағдарламасын бақылайды.
- білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
- Гуманитарлық пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды.
- Гуманитарлық 1-11 сыныптар аралығындағы пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді (орыс тілі, шетел тілі);
- Бастауыш мектептің оқу процесінде қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтау режимін қамтамасыз етеді;
- Білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады (барлық ӘБ жұмыстарын бақылау);
- Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін үйлестіреді: оң педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастырады (озық тәжірибе);
- Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады;
- Жыл сайын кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыруға өтінім береді;
- Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды;
- Оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;
- «Аттестациядан өту үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына жауапты болуды бақылайды;
- Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білімі: жоғары
Еңбек өтілі: 12 жыл
Санаты: педагог-модератор
Білімі: орта арнаулы
Жұмыс өтілі: 40 жыл
Санаты: педагог – модератор
Білімі: жоғары
Жұмыс өтілі: 30 жыл
Санаты: педагог – зерттеуші
.Родилась 23 мая 1944 года в селе Александровка Щербактинского района. Закончила Алексенаскую школу , поступила в педучилище в городе Павлодаре.После окончания педучилища по направлению поехала работать в Щербактинский район в село Марьяновка. Проработала в данной школе 5лет. В этом же селе вышла замуж и родила двоих детей. Затем переехала в посёлок Ленинский и устроилась учителем начальных классов в СОШ №31 и до пенсии проработала в№ 31 школе.
Гульжан Рахымовна Ермекова - тәрбиеші
Білімі орта арнаулы, санаты жоқ, жұмыс өтілі - 2 жыл

Гульзия Каиржанқызы Абдрахманова - тәрбиешінің көмекшісі
Өндіріс бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен жайлардың өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес шаруашылық қызмет көрсету тиісті күйде сақтауды, сонымен қатар жабдықтаудың (жарықтың, жылыту, желдету жүйелерінің және тағы басқа) жөнделуінің бақылауын қамтамасыз етеді. Негізгі қорлардың (ғимараттардың, сумен қамтамасыз ету, ауа өткізу жүйелердің және тағы басқа) ағымдағы және күрделі жөндеуін, шаруашылық шығындар сметаларының құрылуын әзірлеуге қатысады. Жайларды жөндеуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылайды. Жиһазбен, шаруашылық саймандармен, басқарушылық еңбектің механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын және уақытымен жөнделуін қадағалайды. Қызмет көрсетуге, кеңселік құралдарды, қажетті шаруашылық материалдарды, жабдықтау мен құрал саймандарды алуға және сақтауға келісім шарт жасау үшін қажетті құжаттардың рәсімдеуін, олармен құрылымдық бөлімшелердің жабдықталуын, сонымен қатар оларды жұмсау және орнатылған есептіліктің құрылуын ұйымдастырады. Шаруашылық мақсаттарға берілетін материалдар мен құралдардың тиімді жұмсалуын бақылайды. Қызметтік іс сапарға келген делегациялар мен тұлғаларды тіркеу мен қабылдап алуды және қажетті қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Ғимараттың сыртын және өтпелі жерлердің мерекелік әсемдеуді, аумақты жинақтау мен көгалдандыруды басқарады. Семинарлар мен өзге де шараларды, конференция, кеңес өткізуге қажетті шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Жұмыс күннің тәртібін және демалыс кестесін құруды, түскі үзілістерде қызметкерлердің рационалды тамақтануларын, табельдік есепті ұйымдастыру жұмыстарын жасайды. Өртке қарсы шаралардың іске асуын және өртке қажетті инвентарлардың дайын тұруын қамтамасыз етеді. Ұйымдық және есептеу техникаларын, байланыс құралдарын енгізуде шаралар қолданады. Бөлім жұмысшыларын басқарады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің, өрт қауіпсіздігінің талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Лауазымы: тәрбиеші
Лауазымы: логопед
Білімі: Жоғары
Санаты: бірінші
Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. Химия пәнінің мұғалімі сарапшы.
Контакт: 87053423378
Сұрақтарды қадағалайды:
- жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының жүзеге асырылуын үйлестіруші
- жалпыға бірдей білім беру заңдарының орындалуына басшылық жасайды
- жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқу кабинеттерін қазіргі заман талабына сай, көрнекі құралдармен және техникалық құралдармен, оқу әдістемелік және көркем әдебиетпен, журнал-газеттермен жабдықтау бойынша шаралар қолданады. Робототехника, информатика пәнінің жұмысын үйлестіру
- оқушылардың қозғалыс есебін жүргізеді, титул парағын реттейді
- факультатив, вариативті сабақтардың оқытылуын бақылайды
- оқу процесінің ұйымдастырылуына басшылық етеді
- мектепішілік бақылауды жүзеге асырады
- оқу жоспарын үйлестіреді
- оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындалуы, бұйрықтардың шығарылуын қамтамасыз етеді
- оқу жүктемесін бөлу жұмысына, уақытша жоқ мұғалімдер сабақтарын уақытысында және сапалы түрде ауыстыруды қамтамасыз етеді, ауыстырылған сабақтардың есебі жайлы журнал жүргізеді
- педагогтардың жұмыс уақытының есеп табелін жүргізеді, қол қояды және мектеп басшысына ұсынады
- педагогикалық кеңестің ұйымдастырылуына жауапты
- 10, 11-сынып оқушылардың электронды журналын тексеруге бақылау жүргізеді
- қорытынды аттестаттау емтихан, оқу жылын аяқтау құжаттарына жауапты
- оқу үдерісіне байланысты бұйрықтардың шығарылуын қадағалайды
- 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығын ұйымдастыруды бақылайды
- жаратылыстану- математика, АӘД, Технология, музыка, бейнелеу өнері мен көркем еңбек пәндерінің оқытылуын бақылайды
- архивке жауапты
- қатаң есептегі құжаттарға жауапты
- 10 сыныптардың сабақтастығын бақылайды
- оқушылардың есебі мен қозғалысы, әліпби кітап және күзгі сындарға қалғандармен жұмысты бақылайды
- мектепішілік бақылауды жүзеге асырады
- Күнделік KZ, Онлайн мектеп, АманСултан, TopIQ жұмысын үйлестіруші
- мектеп ұжымын және оқушыларын компьютерлермен, интернетпен қамтамасыз ету сұрақтарына жауапты
- НОБД жұмысын ұйымдастырушы
- өз лауазымы міндеттеріне байланысты мектеп бойынша бұйрықтар мен ұйғарымдардың жобаларын дайындайды
- кезекші әкімшілік міндетін атқарады
Дене-шынықтыру мұғалімі
Туған жылы: 01.02.1993
Білімі: жоғары
Санаты: жоқ
Жұмыс өтілі: 6 ай
ересек "Б" тобының тәрбиешісі. Бірінші санаты.
Лауазымы: Тәрбиеші
Білімі: Арнайы орта
Санаты: Педагог
Лауазымы: Тәрбиеші
Білімі: Жоғары
Санаты: Педагог-модератор
.
Лауазымы: Тәрбиеші
Білімі: Жоғары
Санаты: Педагог-модератор
Лауазымы: Тәрбиеші
Білімі: Арнайы орта
Санаты: Педагог


