ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Лезненкова Людмила Николаевна
Лезненкова  Людмила Николаевна

Туған жылы:09.12.1951

Білімі: жоғары

Мамандығы: орыс тілі мен әдебиеті

Педагогикалық еңбек өтілі:39 жыл

№14 ЖОМ пионер жетекшісі, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы ретінде жұмыс істеді.

«В.И.Ленин атындағы облыстық пионер ұйымының құрметті пионері» атағы берілді. 1986 жылдан №24 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде жұмыс істеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, кәсіподақ комитетін басқарды. Жұмыста тынымсыз, өзіне де, өзгеге де талапшыл, принципшіл, жігерлі ол ұстаздар мен оқушылар қауымының, ата-аналар қауымының құрметіне бөленді.

2009 жылы зейнетке шықты.


Мукашева Кульсын Жумахановна
Мукашева Кульсын Жумахановна

Туған жылы:18.02.1954

Білімі: жоғары, ППИ, 1976 

Мамандығы: математика мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі:33 жыл

Ұстаздық еңбек жолын 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семиярск орта мектебінде математика мұғалімі ретінде бастады. 20 жыл еңбек еткеннен кейін Мойылды ауылындағы орта мектепке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды. 2004 жылдан бастап №24 ЖОМ математика мұғалімі ретінде жұмыс істеді. Осы жылдар ішінде ол өзін нағыз кәсіби, шығармашыл, эрудитті, жоғары білікті ұстаз ретінде көрсете білді. 2009 жылы зейнетке шықты.


Күләш Қинашқызы Нұрымова
Күләш Қинашқызы Нұрымова

Туғанжылы: 20.12.1951

Білімі: жоғары, АбайатындағыКаз ПИ,1975ж.

Мамандығы: математика мұғалімі

Марапат:«ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі

Педагогикалық еңбек өтілі: 35 жыл

Күләш Қинашқызы Нұрымова алғаш рет Павлодар облысы, Ертіс ауданыИса Байзақов ауылында М.Горький атындағы орта мектебінде математика пәнінен өзінің ұстаздық жолын бастап, шәкірттеріне білім, тәлім – тәрбие беріп, өзінің шеберлігін көрсете білді. 2000 жылдары өзінің ұстаздық жолын Павлодар қаласындағы №24 ЖОМ жалғастырды. Ұстаздың тәлімгерлік шеберлігі, өз оқушыларын тек оқу процесінде емес, оларға алдағы уақытта кездесетін өмірлік жолға бағыттап отырды. Күләш Қинашқызы Оқу ағарту ісінің үздігі, Павлодар қаласында математикамұғалімдерінің арасында“Пифагор-2000 “сайысының жеңімпазы.

2009 жылы  зейнетке шықты.


Медова Татьяна Петровна
Медова Татьяна Петровна

Туған жылы: 09.07.1951

Білімі: жоғары,  Красноярск ПИ, 1979 

Мамандығыдене шынықтыру және география мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл

Майқайын ОМбітіргеннен кейін туған мектебінде дене шынықтыру  мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 1974 жылы Ермаковский дене шынықтыру техникумын бітірді. Ресейге көшіп кеткеннен кейін облыстық жасөспірімдер спорт мектебінде гандболдан жаттықтырушы ретіндежұмыс істеп, Сібірдің жәнеҚиыр Шығыстың ұлдарынанқұралған құрама командасын дайындады.

1983 жылдан Майқайың ОМгеография мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін №24 ЖОМ географиядансабақ берді.

Татьяна Петровна өлкетану және туризм жұмысына жан-тәнімен беріліп, қалалық бағдарлау жарыстарының жеңімпаздарын дайындады.

Балалар мен олардың ата-аналары, әріптестеріжігерлі, көңілді, спортты сүйетін,спортқақызықтыраалатын мұғалім ретінде  оныеске алады.

2009 жылы зейнетке шықты.


Порот Антонина Павловна
Порот Антонина Павловна

Туған жылы: 20.09.1952
Білімі: жоғары, Павлодар ПИ, 1973
Мамандығы: математика мұғалімі

Марапат: «Старший учитель» атағы, 1989
Педагогикалық еңбек өтілі: 39 жыл                                            

1975 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін №24 ЖОМеңбек етті. Оқушыларыматематикадан алған білімдерінің тереңдігімен, мықтылығымен, өзіндік ой-өрісімен ерекшеленді, жоғары оқу орындарына ойдағыдай түсіп, өмірлерін ұстаздық кәсіппен байланыстырды. Антонина Павловнаның еңбек өтілі ОИПКПК-да жинақталған. Принципті, талапшыл, жауапкершілігі мол, жауапты, педагогикалық әдептілігімен және төзімділігімен ерекшеленеді. Оны оқушылары да, әріптестері де, ата-аналар да құрметтейді.

2010 жылы зейнетке шықты.


Макен Курешевна Каримова
Макен  Курешевна  Каримова

Туған жылы: 08.01.1952

Білімі:  жоғары, Павлодар ПИ, 1973

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті

Педагогикалық еңбек өтілі: 35 жыл

Еңбек жолын Баянауыл а. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мектепте бастады. 1988 жылға дейін Павлодар қаласының №3 кешкі мектепте, 1988 жылдан бастап №19 орта мектепте сабақ берді. 1994 жылдан бастап №24 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Шығармашыл ұстаз. Мектептің «Шаңырақ» мұражайын құруға белсене қатысып, оған жетекшілік етті. Мұражайда қаланың шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесулер, байқаулар, мерекелік шаралар өтті. Макен Курешевнаның оқушылары қазақ тілінен олимпиада, пәндік және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары.

Осы мектептен 2010 жылы зейнетке шықты.


Таранова Татьяна Андреевна
Таранова Татьяна Андреевна

Туған жылы: 20.11.1952

Білімі:орта-арнаулы,Павлодар педучилище

Мамандығы:бастауыш сынып мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі:38жыл

№24 ЖОМ 16 жыл (1994 жылдан) қызмет етті. Татьяна Андреевна шығармашыл ұстаз. Оның оқушылары үнемі жоғары жетістіктер көрсетіп, мектепішілік, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. Ол өзінің адалдығы, тәжірибелігі және тұрақты практикалық көмегі арқылы әріптестерінің, ата-аналардың және оқушылардың сенімі мен құрметіне ие болды.

2010 жылы зейнетке шықты.


Ихиенова Кайшим Ахметовна
Ихиенова Кайшим Ахметовна

Туған жылы28.04.1953

Білімі:орта-арнаулы, № 1Омбы педучилищесі

Мамандығы:бастауыш сынып мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл

1999-2002 жылдары№10 МЛбастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап №24 ЖОМбастауыш сынып мұғалімі ретіндежұмыс істеді. Жігерлі, еңбекқор, әдепті. Олоқушылардың, әріптестерінің және ата-аналар қауымының құрметіне бөленді.

2011 жылы зейнетке шықты.

Зинат Маулитқызы Ажмагиева
Зинат  Маулитқызы Ажмагиева

Туған жылы: 16.11.1953

Білімі: жоғары, Абай атындағы КазПИ, 1975

Мамандығы: математика, бастауыш сынып мұғалімі 1990 жылдан бастап

Педагогикалық еңбек өтілі: 38 жыл

Математика факультетін бітіріп, математикадан сабақ беріп, жұмысы әрдайым жоғары бағаланған. Кейіннен мамандығын «Бастауыш сынып мұғаліміне» ауыстырды. 1995 - 2012 жылдар аралығында №24 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі ретінде қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында балаларға мейірім шуағымен, білім берумен қатар өз уақытын аямай, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан, сабақ беру әдістемесін сол кездегі ағынға сай өзгертіп отырған рухы таза, өрісі биік, Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісі болған, өмірін ұстаздыққа арнаған ұлағатты ұстаз.

2011 жылы зейнетке шықты.


Дядюк Ирина Федоровна
Дядюк Ирина Федоровна

Туған жылы: 20.01.1953

Білімі: жоғары,И.Я.Франко ат. Львовский МУ, 1976

Мамандығы: роман-герман тілдері және әдебиеті

Педагогикалық еңбек өтілі: 41 жыл

1976 жылы университетті бітіргеннен кейін Украина КСР-нің Ровно қаласының№2 ЖОМағылшын тілі мұғалімі ретіндежұмыс істеді.

1991 жылдан бастап №24 ЖОМнегізінен шет тілдерін тереңдетіп оқытатын сыныптарда жұмыс істеді.

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған қалалық олимпиаданың жүлдегері.Қалалық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындады. Ағылшын тілінен қалалық олимпиадалардың қазылар алқасының мүшесі. «Ұстаздар овациясы» фестивалінің лауреаты.

Эрудит, бірнеше тілде еркін сөйлейді. Өзінің жоғары кәсіби деңгейі үшін оқушылардың, әріптестерінің және ата-аналардыңқұрметіне ие.

2011 жылы зейнетке шықты.


Степаненко Татьяна Ивановна
Степаненко Татьяна Ивановна

Туған жылы: 06.06.1953
Білімі: жоғары, Павлодар ПИ, 1972
Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл

1972 жылы институтты бітіргеннен кейін Татьяна Ивановна балабақшада тәрбиеші ретіндежұмыс істеді. 1992 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі  қызметіне кіріскенсәттен бастап,ол өзін білімді, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қабылдай алатын,білікті маман ретінде көрсетті. Алғашқылардың бірі болып «Step by Step» дамыту технологиясын меңгерді. Әр балаға саналы, берік білім берді.

2011 жылы зейнетке шықты.


Байсельдинов Дюсен Шайкенович
Байсельдинов Дюсен Шайкенович

Туған жылы: 08.03.1949

Білімі: жоғары, ППИ, 1984

Мамандығы: дене шынықтыру мұғалімі 

Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл

Мектептен кейін Байқоңырда екі жыл әскери борышын өтеді. 1972-1981 жылдары Успен ауданы «Маяк» колхозында дене шынықтыру және АӘДмұғалімі ретіндежұмыс істеді. 1981-1989 жылдары Павлодар қаласының№3 қазақ гимназиясында дене шынықтыру және АӘДмұғалімі,1989-1993 жылдары №21 ЖОМАӘДмұғалімі, 1993-1998 жылдарыбазистікдүкенде директордың орынбасары қызметін атқарды. 1998-2005 жылдары - №21 ЖОМқайтадан дене шынықтыру және АӘДмұғалімі.2005 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін №24 ЖОМқазақ сыныптарында дене шынықтыру, АӘДжәне еңбек  мұғалімі ретіндеқызмет атқарды.

2012 жылы зейнетке шықты.


Сотник Надежда Николаевна
Сотник Надежда Николаевна

Туған жылы: 27.07.1954

Біліміорта-арнаулы, Павлодар ПУ, 1973

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі

МарапатҚР БҒМ Құрмет грамотасы

Педагогикалық еңбек өтілі: 39 жыл

38 жыл №24 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі ретінде қызмет етті. Шәкірттері алған білімдерінің тереңдігімен, мықтылығымен ерекшеленіп, оны іс жүзінде қолдана білді, халықаралық, республикалық зияткерлік сайыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2002-2010 жылдар аралығында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын апробациялауға қатысты. Республикалық деңгейде тәжірибе жинақтады. Ол үнемі өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті, оқушылар мен жас мұғалімдерге тәлімгер болды.

2012 жылы зейнетке шықты.


Досмухамбетова Гаухар Шукеновна
Досмухамбетова Гаухар Шукеновна

Туған жылы: 15.10.1954

Білімі: жоғары, Павлодар ПИ, 1986

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі: 37 жыл

 Педагогикалық еңбек жолын 1975 жылы Воровский атындағы ППУбітіргеннен кейін бастады. 1981-1986 жылдары ППИ-дің филология факультетінде оқыды. Ұзақ уақыт Железин ауданы, АктауауылыныңБерезовская ЖОМқазақ тілі мұғалімі ретіндеқызмет етті.

2006 жылы Павлодар қаласына көшіп, №21 ЖОМорыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап №24 ЖОМ ОПНД мектебіндеқазақ тілі мұғалімі ретіндеқызмет атқарды.

2012 жылы зейнетке шықты.


Жусупбекова Гульнара Султановна
Жусупбекова Гульнара Султановна

Туған жылы: 14.03.1954

Білімі: жоғары, ППИ, 1975, Б.Ахметов ат. ППК, 2002    

Мамандығы: орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі; бастауыш сынып мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі: 41 жыл

Педагогикалықеңбек жолын 1971 жылы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, кейін Қашырауданыныңмектептерінде бастауыш сынып мұғалімі ретіндебастады. 1997 жылы Павлодар қаласына көшкенненкейін №5 ЖОМбастауыш сынып мұғалімі ретіндежұмыс істеді. 2008 жылы №24 ЖОМөзін-өзі тану мұғалімі және ҰКТ тәрбиешісі қызметінеқабылданды. Ол өзін шығармашыл ұстаз ретінде көрсете білді, пән бойынша және ҰКТ тәрбиеленушілеріарасында көптеген сыныптан тыс жұмыстар жүргізді.

Көп жылғы еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы, өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

2012 жылы зейнетке шықты.


Бакалкина Светлана Павловна
Бакалкина Светлана Павловна

Туған жылы: 09.04.1955

Білімі: жоғары, ПМПИ, 2007

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі: 38 жыл

Педагогикалық еңбек жолын 1974 жылы Орал облысыПолтавская ОМбастауыш сынып мұғалімі ретіндебастады. 1975-1986 жылдары Павлодар қаласының№6 ЖОМ, 1986-1990 жылдары №16 ЖОМ, 1990 жылдан бастап №24 ЖОМжұмыс істеді. Бірнеше жыл бастауыш сыныптардың әдістемелік бірлестігінің жұмысына жетекшілік етті. Еңбекқор, талапшыл, жауаптыұстаз.Мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар арасында лайықты беделге ие болды.

2013 жылы зейнетке шықты.


Людмила Петровна Шопинская
Людмила Петровна Шопинская

Туған жылы: 11.10.1955
Білімі: жоғары, Павлодар ПИ, 1980
Мамандығы: орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
Марапат:ҚР БҒМ Құрмет грамотасы, «Еңбек  ардагері» төсбелгісі

Педагогикалық еңбек өтілі: 50 жыл

1974 жылы Павлодар педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін Май ауданыныңБелогорскаяорта мектебінде (қазіргі Е.Мұқашев атындағы ЖОМ) бастауыш сынып мұғалімі, кейін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретіндежұмыс істеді. 2002 жылғықаңтарданбастап №24 ЖОМорыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, 6 жыл директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Орыс тілі мен әдебиеті бойынша қалалық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындады.

2013 жылы зейнетке шықты.


 

Перунова Татьяна Николаевна
Перунова Татьяна Николаевна

Туған жылы:16.01.1955

Білімі:жоғары, АқтөбеПИ, 1978

Мамандығы:ағылшын тілі мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі:41 жыл

1972 жылы мектеп бітірді. Мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында бастауыш сынып мұғалімі ретінде қызмет атқарды. 1978 жылдан №29, 19, 14 орта мектептерде, 1990-2013 жылдар аралығында №24 орта мектепте қызмет етті.

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныптарда жұмыс істеген өте эрудитті, кәсіби деңгейі жоғары мұғалім. Оның көптеген түлектері мұғалімдік мамандықты таңдады.

2013 жылы зейнетке шықты.


Атамгүл Қанжарбекқызы Мусина
Атамгүл  Қанжарбекқызы  Мусина

Туған жылы: 18.01.1956

Білімі: жоғары,Семейқаласының Н.К.КрупскаяатындағыПИ,1980

Мамандығы:физика

Марапат: ҚР БҒМ Алғыс хаты, 2023 ж.

Педагогикалық еңбек өтілі:34жыл

Еңбек жолын Май ауданының Ақшиман орта мектебінде физика мұғалімі ретінде бастады. 1981 жылықазанда Орджоникидзе орта мектебіне ауысады. 1995 жылы Павлодар қаласының №24 мектебіне ауысып, зейнеткерлік жасына дейін осы мектепте қызмет етті. Еңбек жолында мектепішілік, аудандық, облыстық оқу бөлімінің, облыстық кәсіподақ грамоталарымен марапатталады. Еңбек жолында комсомол секретары, кәсіподақ комитетінің төрайымы, оқу ісінің орынбасары, әдістемелік бірлестіктің жетекшісі қызметтерінатқарды.

2014 жылы зейнетке шықты.


Петросян Эльмира Бениковна
Петросян Эльмира Бениковна

Туған жылы: 27.09.1957

Білімі: жоғары, Николаевский ПИ, 1979; Павлодар ПМПИ, 2005

Мамандығы: тарих және құқық негіздері

Марапат: «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», төсбелгісі,«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» төсбелгісі, «ҚР Конституциясына 20 жыл» төсбелгісі, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісі, ҚР БҒМ Алғыс хаты, 2023 ж.

Педагогикалық еңбек өтілі: 37жыл.

1979 жылы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 1984 жылы Павлодар қаласына көшіп, №29 ЖОМ тарих мұғалімі ретінде қызмет атқарды.1993 жылдан бастап №24 ЖОМ орыс тілі мен тарих пәнінен сабақ берді. Орыс, армян, украин, әзірбайжан, түрік тілдерін біледі. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Айреник» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы. Мәдениеті жоғары, әдепті, ақжарқын, білімді ол әріптестерінің, оқушыларының, ата-аналардың лайықты құрметіне бөленді.

2015 жылы зейнетке шықты.