ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Наталия Владимировна Фесик
Наталия Владимировна Фесик
Бастауыш сынып мұғалімі
Санаты – педагог-зерттеуші
 
Еңбек өтілі – 37 жыл
Марапаттары: Алғыс хат («Педагогикалық шығармалар» республикалық журналы Аль Пари, желтоқсан, 2023 ж.)
3 орын дипломы («Педагогикалық шеберлік» облыстық байқауы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, 2024 ж.)
Анна Юрьевна Бойко - бастауыш сынып мұғалімі
Анна Юрьевна Бойко - бастауыш сынып мұғалімі

 

Білімі - жоғары

Санаты - педагог-зерттеуші

Еңбек өтілі - 19 жыл

Усенов Айдос, 2011 жыл түлегі
Усенов Айдос,  2011 жыл түлегі

Кекушинкай каратесі бойынша халықаралық сайысының жеңімпазы (3 орын, Рубцовск қаласы).

Непомнящая Илона
Непомнящая Илона

4 сынып оқушысы - кекушинкай-каратэ бойынша 7 облыстық чемпионат жүлдегері (2 орын)

Махмедова Аружан
Махмедова Аружан

«Нұрлы болашақ» Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы (3 орын)

Мананникова Анна
Мананникова Анна

«Абай оқулары» сайысының жүлдегері

Кундакова Айнур Нуржановна
Кундакова Айнур Нуржановна
Білімі:жоғары
Санаты: педагог-модератор
Еңбек өтілі: 9 жыл
Сайлаухан Айшаш
Сайлаухан Айшаш

Тәрбиеші, санаты модератор, білімі жоғары, еңбек өтілімі - 16 жыл.

Боранбаева Кымбат Ериковна
Боранбаева Кымбат Ериковна

Тәрбие жұмысы жөніндегі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымының  директорының орынбасары

 

 

 

1. Жалпы ережелер:

  1.1 Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының  2020 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығы, Қазақстан Респубилкасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319 заңы, мектеп жарғысы мен ішкі еңбек тәртібі ережелері негізінде жасалды.

1.2.  Оқу ісі жұмысы жөніндегі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымының  директорының орынбасары Қазақстан Республикаcы Оқу – ағарту министірінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес қабылданады және босатылады.

1.3. Директор орынбасарының жыл сайынғы еңбек демалысында және уақытша еңбекке жарамсыз жағдайда жүрген кездерінде оның міндеттері осы мамандықтағы өзге орынбасарға жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару басшының ҚР Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

1.4. Барлық директор орынбасарлары тікелей мектеп директорына бағынады.

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

1.5.   Білуге тиіс:

-Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, "Цифрлы Қазақстан" және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

    -  педагогика және психология негіздері;

     -  педагогикалық этиканың нормалары;

     - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, ақпараттық технологиялар бойынша қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктері, басқарудың инновациялық әдістері;

     - менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

     - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелері, санитариялық қағидалар мен нормалар.

 

2. Лауазымдық міндеттері:  

2.1. «Білім туралы» заңын жүзеге асыру жөніндегі құжаттарды, әдістемелік нұсқау хаттағы, ЖМББ стандартындағы нұсқауларды меңгеру және орындау;

2.2. «Адал азамат» бұртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруда мектепішілік шараларды бекіту, бақылау, басқару;

2.3. Білім беру ұйымының жылдық тәрбие жұмысы жоспарын әзірлеу, келісу және оның орындалуын бақылау;

2.4. Тәрбие бағыттары (азаматтық-патриоттық, құқықтық, экологиялық, рухани-адамгершілік, этномәдени және т.б.) бойынша жұмыс жүйесін ұйымдастыру;

2.5. Жыл басындағы тәрбие жұмысы бойынша статистикалық есептерді тапсыру;

2.4. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс профилактикасының алдын алудағы жекелей жұмыстарын ұйымдастыру;

2.5Білім беру ұйымында мектепішілік есепке алуды жүргізужұмысын ұйымдастыру және басқару;

2.6 Ішкі профилактикалық есепке алынған оқушылардың жеке іс-құжаттарын жүргізу;

2.7 Діни экстремизмнің, антитерроризмнің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру,     басқару, бақылау, қадағалау,  ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

2.8 Уәкілетті органдармен (ЖРТ, полиция, дін істері басқармасы) бірлескен, қамқоршылық органдары, ювеналды полиция, әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимыл орнату;

2.9 Ата-аналарға арналған жиналыстар, семинарлар, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

2.10     Қиын өмірлік жағдайдағы отбасылармен жеке жұмыс жүргізу;

2.11     Тәрбиелік бақылау карталарын, мониторингтік материалдарды әзірлеу және жаңарту;

2.12     Уәкілетті органдармен (ЖРТ, полиция, дін істері басқармасы) бірлескен іс-шаралар өткізу;

2.13       Қауіп-қатер жағдайларына арналған жоспарларды әзірлеу, нұсқаулық жүргізу;

2.14       Мектеп аумағында қауіпсіздік режимінің сақталуын бақылау (бейнебақылау, мектепке кіру тәртібі, кезекшілік);

2.15       Психолог, әлеуметтік педагогпен бірлесіп оқушылардың әлеуметтік ортасы мен мінез-құлық тәуекелдерін анықтау;

2.16        Қиын өмірлік жағдайға тап болған балалармен алдын алу жұмысын ұйымдастыру;

2.17       Тәрбие процесіне қоғам қайраткерлерін, ардагерлерді, мәдениет және өнер өкілдерін тарту;

2.18       Тәрбие жұмысына байланысты бұйрықтар, хаттамалар, есептер, жоспарлар, мониторинг материалдарын дайындау;

2.19        Оқушылардың тәртібіне қатысты жеке іс материалдары мен профилактикалық картотеканы жүргізу;

2.20       Қаңғыбастар мен қайыр сұраушыларды анықтау бойынша рейдтер жүргізу, сондай-ақ оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын және олардың кешкі уақыттағы қауіпсіздігін ұйымдастыру;

2.21       Жергілікті ұйымдармен (ПДН, ЖИТС орталығы, Жастар ресурстық орталығы, кітапхана, мәдениет үйі) бірлескен жобаларды ұйымдастыру;

2.22       «Қамқор» жобасы аясында еріктілер қозғалысын дамыту және қолдау, волонтерлікке ата-аналар қауымдастығын тарту, қамқорлық жасау акцияларын ұйымдастыру;

2.23       Жолда жүру ережелері, өрттен қорғау, адам өмірі қауіпсіздігі бағдарламасының өтуін басқару, бақылау;

2.24       Мектеп оқушыларымен ұжымның қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын ұйымдастыру, техникалық қауіпсіздіктің ережелердің өтілуін басқару, бақылау;

2.25       Мектепішілік кезекшілік кестесін құру, басқару;

2.26       Сенім–телефоны, сенім–почтасы жұмысын басқару, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс орнату;

2.27        9 -сынып параллелінің жұмысын басқарады, бақылайды (сынып журналы, табель, «Күнделік» бағдарламасы,  оқушының жеке іс-қағазы);

2.28       Педагогтердің кәсіби этика нормаларын сақтауын бақылау және қолдау, туындаған мәселелер бойынша кеңес беру.

 

3. Құқықтары:

3.1.Тәрбиелік процестің мазмұны мен форматын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

3.2. Педагогтерден, сынып жетекшілерінен тәрбие жұмысына қатысты ақпарат талап етуге;

3.3. Оқушыларға қатысты тәртіптік шараларды қолдануды ұсынуға;

3.4. Уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасауға және бірлескен жобаларды бастауға;

3.5. Тәрбие саласы бойынша курстарға қатысуға, біліктілігін арттыруға;

3.6. Қажетті құжаттарды әзірлеуге және бекітуді ұсынуға;

3.7. Тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау мен өткізуге педагогтарды тартуға;

3.8. Мектеп аумағындағы қауіпсіздік шараларының сақталуын талап етуге;

3.9. Оқушылардың құқығын қорғау мәселелерінде тиісті органдарға жүгінуге;

3.14. Директор болмағанда оның функцияларын орындау (Жарғыға сәйкес).

 

 4. Жауапкершілігі:

 4.1. Тәрбие жоспарының сапасыз орындалуы немесе орындалмауы;

4.2. Оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты талаптардың бұзылуы;

4.3. Құжаттаманың дұрыс жүргізілмеуі немесе мерзімінде тапсырылмауы;

4.4. Есептерде, статистикада бұрмаланған ақпараттың болуы;

4.5. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын тиімсіз жүргізу;

4.6. Педагогикалық этиканың бұзылуы;

4.7. Оқушылардың құқықтарының бұзылуына жол беру;

4.8. Уәкілетті органдармен жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы;

4.9. Мектеп ішіндегі қауіпсіздік режимінің сақталмауына жол беру;

4.10. Терроризм мен экстремизмнің алдын алу шараларын жеткіліксіз ұйымдастыру;

4.11. Мектепішілік есептегі балалармен жұмыс жүргізбеу немесе дұрыс жүргізбеу;

4.12. Жарғы мен ішкі еңбек тәртібі ережелерін, басшының заңды өкімдерін, өзге де жергілікті нормативтік актілерді, осы нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерді дәлелсіз себептермен орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін директордың орынбасары еңбек заңнамаларында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады;

4.13. Осы нұсқаулықта қарастырылған өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін – қолданыстағы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес;

4.14. Материалдық зиян келтіргені үшін – қолданыстағы ҚР заңнамаларына сәйкес.

 

 5. Өзара байланыс:

5.1. Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары мектеп директоры, оқу ісінің орынбасары, психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді;

5.2. Уәкілетті органдармен (полиция, ювеналды инспекция, ЖРТ, әлеуметтік қызметтер, дін істері басқармасы) ынтымақтастық орнатады;

5.3. Қоғамдық ұйымдармен, ата-аналар комитетімен, мәдениет және спорт мекемелерімен бірлескен тәрбиелік жұмыстар ұйымдастырады. 

АМАНЖОЛ САМАЛ АМАНЖОЛҚЫЗЫ
АМАНЖОЛ САМАЛ АМАНЖОЛҚЫЗЫ

Аманжол Самал Аманжолқызы– педагог-психолог

Білімі:  жоғары

Біліктілік санаты: Педагог

Жұмыс өтілі: 4 жыл

Жетістіктері:

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің комитеті 18.01.2016 ж. №95 бұйрығына сәйкес, «Институционалдық аккредиттеу туралы тіркеу нөмері: ІА №0309» «Педагогтар мен Психологтар академиясы»ЖШС  Психологиялық кеңес беру атты психологтарға арналған Республикалық семинарға қатысқаны үшін сертификат.
  2. Білім беру кеңістігінде медиацияны қолданудың теориялық және практикалық аспектілерітақырыбындағы оқыту семинарын аяқтағаны туралы сертификат.
  3. «Практик-психолог» курсы бойынша 120 сағат көлемінде оқу курсы сертификат.
  4. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы. Сертификат қалалық «стоп-буллинг»жобасы аясында «Мен және менің эмоциям» тренингіне қатысқаны үшін .
  5. Өркен балалардың әл – ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты «Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу» 80 сағат көлемінде оқу курсы сертификат
Ансар Асанов
Ансар Асанов

10 сынып оқушысы, "Жарқын болашақ" қалалық олимпиадасының (II орын, 2023 ж.), қазақ тілінен қалалық пәндік олимпиадасының (ІІ орын, 2024 ж.) жүлдегері.

Редько Кристина
Редько Кристина

Редько Кристина -  10 Б сынып оқушысы, садақ атудан   Павлодар облысы ашық чемпионатының  жүлдегері. (III орын, 2019 ж.),  «Алтын Мерген – 2019» облыстық турнирінің (II орын, 2019 ж.), ересектер мен жасөспірімдер арасындағы садақ атудан Қазақстан чемпионатының (III орын, 2020 ж.), садақ атудан ерлер, қыздар және кадеттер арасында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан чемпионатының  (III орын, 2020 ж.), Талғар қаласында ересектер мен жасөспірімдер арасында садақ ату бойынша Қазақстан чемпионатының жүлдегері (III орын, 2020 жылы).

Дементьев Богдан
Дементьев  Богдан

Дементьев  Богдан - лицей-мектебінің түлегі, қоян-қолтық ұрыстан Павлодар облысының жасөспірімдері арасында чемпионы (2017 жыл),  ашихара каратэден Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты  (2019 жыл), спорттық күрес грэппингтен облыстық турнирдің жүлдегері (2018 жыл), ашихара каратэден ҚР ашық чемпионаты (2019 жыл).

Шалабаева Гульсара Жумажановна
Шалабаева Гульсара Жумажановна

Ағылшын тіл пәннің педагог - модераторы. Білімі жоғары. Еңбек өтілі: 9 жыл.

Полынцева Наталья Владимировна
Полынцева Наталья Владимировна

Методист

Назымбекова Раихан Аманжоловна
Назымбекова Раихан Аманжоловна

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

Туған жыл: 14.02.1964

Лауазымы: Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

Енбек өтілі: 37

Санаты: Педагог-зерттеуші

Қысқаша негізгі жетістіктер:2021 ж. – ҚР  БЖҒМ  «Алғыс хат», республикалық теле-сабақтар жобасы.

2023 ж. – «Зерде» ғылыми жоба, қалалық кезеңі, Батырбаева Амира, 6 сынып, III-дәрежелі диплом

2023 ж. – Қалалық пән олимпиадасы, Алмахан Жания, 5 сынып, II- дәрежелі диплом

2024 ж.- «Педстарт» сайысы, 1 дәрежелі диплом

2025 ж. – «Ақбота» зияткерлік олимпиада,Дулат Малика, Уахит Аружан, 6 сынып, III-дәрежелі диплом 

Абетанова Мария Максутовна
Абетанова Мария Максутовна

Мектепалды "Ә" тобының тәрбиешісі

Білімі: жоғары

Санаты: педагог-эксперт

Еңбек өтілі: 9 жыл

Касенова Азалия, 2007 жыл түлегі
Касенова Азалия, 2007 жыл түлегі

Таеквондо бойынша юниорлар арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, оқушылар спартакиадасында  күміс медалін жеңіп алды, ересектер арасында таеквондо  бойынша  жарыстардың жүлдегері (3-ші орын): Қазақстан чемпионатында және халықаралық турнирде, Астана қаласында  халықаралық турнирде алтын медаль алды, Тараз қаласында  таеквондо бойынша Қазақстан Республикасы кубогының чемпионы.

Кисиль Игорь, 2007 жыл түлегі
Кисиль Игорь, 2007 жыл түлегі

 

Баскетбол бойынша қалалық және облыстық жарыстардың бірқатар рет жеңімпазы және жүлдегері.Павлодар қаласының құрамасының құрамында баскетбол бойынша  ҚР чемпионатының қатысушысы (1-ші лига) – 2006 жыл, Қостанай қ..2006 жылы № 26 ЖОМ құрамасының құрамында қала мектептері арасындағы баскетбол бойынша  қалалық турнирдің жеңімпазы.2007 жылы № 26 ЖОМ құрамасының құрамында қала мектептері арасындағы баскетбол бойынша қалалық турнирдің  күміс жүлдегері.2007 жылғы қараша айында Семей қаласындағы В. Переверзев есіне арналған турнирдің  күміс жүлдегері.Павлодар қаласының жоғары оқу орындары арасындағы баскетбол бойынша  турнирдің күміс жүлдегері, ПМПИ құрамасының құрамында, осы кезде осы институттың студенті болып табылады, 2008 жыл.Турнирлердің  ең үздік бомбардирі ретінде  бірнеше рет аталды.Баскетбол бойынша қала құрамасының мүшесі.Баскетбол бойынша Қазақстан Республикасының жастар құрамасына кандидат.

Омаров Асылан
Омаров Асылан

 

«Алтын белгі» аттестатының иегері, Қазақстан тарихынан олимпиадада 1-ші нәтиже, ОГП бойынша олимпиадада 3-ші орын, Қаланың өзін-өзі басқару күнінің қатысушысы (Павлодар облысының әкімі)