Ученица 2Г класса. Призер (3 место) международной игры-конкурса «Русский медвежонок-2011»
Ученик 2Д класса. Призер (3 место) международной игры-конкурса «Русский медвежонок-2011»
Ученица 3В класса. Призер (3 место) международной игры-конкурса «Русский медвежонок-2011»
Ученик 4В класса. Призер (3 место) международной игры-конкурса «Русский медвежонок-2011»
Ученица 4 Г класса. Призёр (3 место) восьмого городского конкурса исследовательских работ и творческих проектов младших школьников
Ученица 4 Г класса. Призёр (2 место) восьмого городского конкурса исследовательских работ и творческих проектов младших школьников
Ученица 4 Г класса. Призёр (2 место) восьмого городского конкурса исследовательских работ и творческих проектов младших школьников
Ученик 4 Г класса. Призёр (3 место) детского конкурса исследовательских работ и
творческих проектов младших школьников «Первые шаги в науке».
Ученик немецкой лингвистической гимназии 4 "В" класса - диплом 1 степени в Международной игре-конкурсе "Кенгуру-лингвист 2012".
Туған жылы: 06.04.1928
Білімі: орта-арнаулы
Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі
Марапат:«Еңбек ардагері», «Тыл еңбеккері», «ҰОС Жеңісінің 60 жылдығы» төсбелгілері
Педагогикалық еңбек өтілі:36 жыл
Бастауыш сынып мұғалімі. №24 ЖОМ 20 жыл еңбек етіп, 19 сынып шығарды. Мейірімді, әдепті адам. Оның көптеген шәкірттері инженер, дәрігер, мұғалім, ғылыми қызметкер болды. Ол ешқашан қоғамдық жұмыстардан бас тартпай, мұғалімдерге көптеген қызықты шаралар ұйымдастырды. 1982 жылы зейнетке шықты.
2018 жылы дүниеден өтті.
Туған жылы: 03.02.1928
Білімі: жоғары
Мамандығы: қазақ тілі
Марапат:«Еңбек ардагері», «Тыл еңбеккері»төсбелгілері ҚазКСР Оқу-ағарту министрлігінің грамотасы.
Педагогикалық еңбек өтілі: 48 жыл
Сәлем Сүтжанұлы еңбек жолын 1941 жылы бастады. Балалық шағы ауыр, аштықта өтті. Оның 48 жылдық еңбек өтілінің 30 жылы мектепке арналды. Мәдениеті жоғары адам, олшәкірттері де, ата-аналар да, әріптестері де арасында құрметке ие болды.
1988 жылы зейнетке шықты.
2016 жылы дүниеден өтті.
Туған жылы:01.12.1934
Білімі:жоғары, Өскемен ПИ
Мамандығы:химия
Марапат: «Еңбек ардагері» төсбелгісі
Педагогикалық еңбек өтілі:40 жыл
Екатерина Федоровна 30 жылын №24 мектепке арнады.
Ақжарқын, әдепті, талапшыл ол әрқашан балалар мен олардың ата-аналары тарапынан лайықты құрметке бөленген. Екатерина Федоровна бірнеше жыл бойы №24 мектептің ардагерлер кеңесіне жетекшілік етті.
1991 жылы зейнетке шықты.
Туған жылы:25.08.1935
Білімі:жоғары
Мамандығы:география
Марапат:«Еңбек ардагері» төсбелгісі
Педагогикалық еңбек өтілі:42 жыл
Куклина Любовь Александровна шәкірттерімен 40 жылдан астам жер шарының қалалары мен елдерін аралап «саяхаттады». Оның кең дүниетанымы, парасаттылығы, шыншылдығы, жеке сүйкімділігі және жоғары кәсібилігі шәкірттерінің құрметі мен сүйіспеншілігіне, ұстаздар мен ата-аналар қауымының беделіне ие болды. 1992 жылы зейнетке шықты.
2016 жылы дүниеден өтті.
Туған жылы: 10.07.1935
Білімі: орта-арнаулы, ППУ, 1954
Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі
Марапат: «Еңбек ардагері» төсбелгісі
Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл
№24 ЖОМ 1961 жылы құрылған күннен бастап жұмыс істеді. Ол балалардың бойына сапалы білім мен биік адамгершілік қасиеттерді сіңірді. Әрқашан сабырлы да ақжарқын, дана да шыдамды, сондай-ақ қатал да талапшыл ол -ұстаз деген биік атаққа лайық. Көңілді және оптимистік көзқарасқа ие, ол педагогикалық ұжымның құрметіне бөленді. Еңбекқорлығымен, әр оқушыға деген ілтипатымен балалар мен олардың ата-аналарының жүрегін жаулады.
1992 жылы зейнетке шықты.
Туған жылы: 03.10.1939
Білімі: жоғары
Мамандығы: тарих
Марапат: «Еңбек ардагері» төсбелгісі
Педагогикалық еңбек өтілі: 24 жыл
Тарих мұғалімі. 1970 жылдан №24 ЖОМ еңбек етті. Қатаң да талапшыл ол еңбексүйгіштікке, пәнге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиеледі. Керемет вокалдық қабілеті бар ол мектептегі көркем өнерпаздар қойылымдарының белсенді қатысушысы болды. Ақжарқын және ілтипатты Людмила Николаевна осылайша №24 мектеп оқушыларының, олардың ата-аналары мен педагогикалық ұжымының жүрегінде мәңгі сақталады. 1994 жылы зейнетке шықты.
2016 жылы дүниеден өтті.
Туған жылы: 01.07.1939
Білімі: жоғары, Куйбышев ПИ, 1961ж.
Мамандығы: математика мұғалімі
Марапат: «Әлеуметтік жарыс жеңімпазы» төсбелгісі
Педагогикалық еңбек өтілі: 37 жыл
Институтта оқуын аяқтағаннан кейін 1961-1964 жылдары өзі оқығантуған Васильевская сегізжылдық мектебінде жұмыс істейді.1964 жылы Павлодар облысы Железин ауданынакөшіп, 1983 жылға дейін Озерный совхозыныңмектебінде жұмыс істеді. Кейін№24 ЖОМ еңбек етті.
1996 жылы зейнетке шықты.
Туған жылы: 29.09.1942
Білімі: жоғары
Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі
Марапат: «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі
Педагогикалық еңбек өтілі: 37 жыл
Екатерина Павловна білім алуға деген құштарлығымен, жұмыс істеу қабілетімен балаларды баурап алудың көптеген жолдарын біледі. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – ізгі іспен, жылы сөзбен, тұлғаны құрметтеу арқылы тәрбиелеу. Екатерина Павловнаның жұмыс жүйесінің бір тірегі – мұғалім мен оқушыларарасындағы қарым-қатынас. Ол өзін-өзі көрсетуге еркіндік беру. Оның балалары салыстыруды, дәлелдеуді, талдауды, өз бетінше білім алуды үйренді.
1997 жылы зейнетке шықты.
Туған жылы:05.06.1940
Білімі:жоғары, Семей ПИ
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті
Педагогикалық еңбек өтілі:35 жыл
1961 жылдан Павлодар педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін Қашыр ауданы, Қызылтаң ауылындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 1963-1988 жылдары Шарбақты орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, орта буынға қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.
1988 жылы Павлодар қаласына көшіп келгеннен кейін №19 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 1991 жылдан бастап №24 ЖОМ осы пәннен сабақ берді.
1997 жылы зейнетке шықты.
2021 жылы қайтыс болды.
Туған жылы: 27.10.1940
Білімі: жоғары
Мамандығы: қазақ тілі және әдебиеті
Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл
Кенжебек Тұрсынбаевна Қуанова Баянауыл ауданында дүниеге келді. Бала кезінен оқуға зерек болып, ұстаз болуды армандады. 1962 - 1968 жылдары"Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде" білім алдыжәне қосымша "Тарих- филология" факультетінде оқыды. Өзінің ұстаздық жолын 1968 жылыМай ауданында бастады. №24 ЖОМ 1994 - 2000 жылдарыбастауыш сынып мұғалімі ретіндеқызмет атқарды.
1997 жылы зейнетке шықты.
Туған жылы: 08.03.1942
Білімі: жоғары, Семей ПИ,1965
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті
Педагогикалық еңбек өтілі: 35 жыл
Институтты бітіргеннен кейін Қазақ КСР Жоғарғы сотында хатшы-машинист ретінде жұмыс істеді. Павлодар қаласына көшіп келгеннен кейін №24 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде жұмыс істеді. Оның сабақтарында үнемі тілдік бағыт болды, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді. Ол балаларды қазақ тілі олимпиадаларына, түрлі байқаулар мен жарыстарға шебер дайындады. Ол үнемі жас мұғалімдерге көмекке келді. Хамида Фатиховна өз ісінің маманы. Дана, әдепті ол балалардың, олардың ата-аналары мен әріптестерінің лайықты құрметіне ие болды. 1999 жылы зейнетке шықты.
2020 жылы дүниеден өтті.


