Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Аубакирова Насима Кондрашитовна
Аубакирова Насима Кондрашитовна

Туған жылы: 05.04.1950

Білімі: жоғары, ППИ, 1969, ПМПИ, 1975

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі, биология мұғалімі, ППИ, 1975

Педагогикалық еңбек өтілі: 35 жыл

Ұстаздық еңбек жолы 1971 жылы балабақшада тәрбиеші болып басталып, 10 жыл жұмыс істеді. 1981-1990 жылдар аралығында педагогикалық сыныпта сабақ берді. №24 орта мектепте 1991 жылғы қаңтардан бастап бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап шағын орталықта жұмыс істеді.

Оның сабақтары мейірімді, әділеттілікке үйретті. Оның кең дүниетанымы, зерделілігі, шыншылдығы, тұлғалық сүйкімділігі, жоғары кәсібилігі және ақындық дарыны шәкірттерінің құрметі мен сүйіспеншілігіне, әріптестері мен ата-аналар қауымының беделіне ие болды.

2008 жылы зейнетке шықты.


Мавлютгуль Сағымбекқызы Бектурганова
 Мавлютгуль  Сағымбекқызы  Бектурганова

Туған жылы: 20.02.1950

Білімі: жоғары, Семей қаласының Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институты, 1976

Мамандығы: математика

Марапат: «Еңбек ардагері» төсбелгісі

Педагогикалық еңбек өтілі: 42 жыл

1967 жылы Ақсу қаласының Жамбыл орта мектебін бітірді. 1967-2003 жылдары Жамбыл орта мектебіндематематика мұғалімі, 2004-2009 жылдары Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беру мектебінде математика мұғалімі ретінде қызмет атқарды. Білім беру саласындағы ерең еңбегі үшін аудандық, облыстық грамоталарымен марапатталды.

Мавлютгуль Сағымбекқызы үш баланы тәрбиелеп өсірген ардақты ана, қазіргі таңдатоғыз немеренің аяулы әжесі.

2008 жылы зейнетке шықты.


Лэсь Светлана Павловна
Лэсь Светлана Павловна

Туған жылы: 23.02.1950

Білімі: жоғары, Павлодар ПИ, 1974

Мамандығы: математика

Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл

Светлана Павловна №24 ЖОМ20 жыл еңбек етті. Мазмұны жағынан қызықты, формасы жағынан алуан түрлі математика сабақтары балаларға өте ұнады. Ол әр оқушыныңжүрегіне жол таба алатын мейірімді ұстаз бола білді.Оқушылардың ата-аналарымен көп жұмыс жасады. Көптеген жылдар бойыжұмыс нәтижелерінің тұрақтылығы Светлана Павловнаның сіңірген еңбегі.

2008 жылы зейнетке шықты.


Сычева Галина Михайловна
Сычева Галина Михайловна

Туған жылы: 05.10.1950
Білімі: жоғары
Мамандығы: биология
Марапат: «ҚР білім беру ісінің үздігі»төсбелгісі
Педагогикалық еңбек өтілі: 30 жыл

Галина Михайловна – жан-жақты, тәжірибелі, шығармашыл ұстаз. «Мамандық таңдаған әрбір адам өз ісінің шеберіболуға ұмтылуы керек, әсіресе мұғалім, себебіоларға балалардың жаны мен тағдыры аманат», -дейді Галина Михайловна.Ол биология кабинетін жасады.Ол кабинетқаладағы ең жақсы кабинеттердің біріне айналды. Оқушыларыоныжақсы көреді. Ата-аналар мен әріптестері арасында құрметке ие.

2008 жылы зейнетке шықты.


Канапина Майра Кадыровна
Канапина Майра Кадыровна

Туған жылы: 21.11.1950

Біліміжоғары,  Павлодар ПИ,1978

Мамандығыорыс тілі мен әдебиеті

Педагогикалық еңбек өтілі: 35 жыл

Институтты бітіргеннен кейін 1978 жылы Майқайың сегізжылдық мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретіндежұмыс істеді. 2000 жылы Павлодар қаласына көшіп, №24 ЖОМжұмысқа орналасты. Еңбекқор, жұмысына адалМайра Кадыровна әрқашанда оқушыларының, әріптестерінің құрметіне ие.

2008 жылы зейнеткешықты.


Есмакаева Манзура Есмакаевна
Есмакаева Манзура Есмакаевна

Туған жылы15.12.1950

Білімі: жоғары

Мамандығыматематика мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі: 35 жыл

Манзура Есмакаевна бүкіл өмірін мектепке және сүйікті пәні – математикаға арнады. Ол мейірімділікпен, шыдамдылықпен және табандылықпен балаларға есептерді, теңдеулерді шешуге, графиктер құруға және тригонометриялық функциялардың мәндерін табуға үйретті.

Әр балаға ұқыпты, талапшыл, зейінді ол әріптестерінің де, ата-аналардың да, оқушылардың да құрметіне бөленді.

2008 жылы зейнетке шықты.


Бондарь Людмила Ивановна
Бондарь Людмила Ивановна

Туған жылы: 02.04.1950

Білімі: жоғары

Мамандығы: орыс тілі мен әдебиеті

Педагогикалық еңбек өтілі:35 жыл

Ол 20 жылдан астам ОПНД ауруханасында балалармен жұмыс істеді.

Ауыр дертке шалдыққан балаларға қаншалықты шыдамдылық пен жанашырлық таныту керек еді!

Людмила Ивановна мейірімді, бірақ табанды түрде өзінің сүйікті пәнінен сабақ берді, балаларды шығармалар бойынша диалогқа шақырды, ал балалар оған өздерінің ішкі ойлары мен ұмтылыстарын ашты.

2008 жылы зейнетке шықты.

Ол 2016 жылы қайтыс болды.


Колот Нелли Павловна
Колот Нелли Павловна

Туған жылы02.06.1950

Біліміжоғары

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі: 35 жыл

35 жылдан астам уақыт бойы Нелли Павловна балаларға өз махаббатын, жігерін, жүрек жылуын сыйлады. Бұл ішкі мәдениеті жоғары адам, нәзік психолог. Жоғарымектеп мұғалімдері оның берік білімі бар, еңбексүйгіш, еңбекқор, тәрбиелі оқушыларымен мектеп бітіргенше қуана жұмыс істеді. Ашықтық,өзгелерге деген қамқорлық- бұл Нелли Павловнаның өмірлік ұстанымы.

2008 жылы зейнетке шықты.


Культай Шакаровна Дулатова
Культай  Шакаровна  Дулатова

Туған жылы: 07.05.1950

Білімі: жоғары, Семей педагогикалык институты, 1975

Мамандығы: қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі: 32жыл

Институттан кейін Казы, Шарбакты орта мектептерінде химия пәніннен сабак берген. 1979 жылы Павлодар қаласындағы № 3 кешкі орта мектебінде жұмыс істеді. Кейін № 19 орта мектебінде, содан соң № 24 орта мектебінде қазақ тілі пәнінен сабақ берді. Талапшыл, еңбекқор мұғалімтерең, берік білім беріп, әріптестерінің, оқушыларының, ата-аналардың лайықты құрметіне бөленді.

2008 жылы зейнетке шықты.


Шинкаренко Надежда Максимовна
Шинкаренко Надежда Максимовна

Туғанжылы:01.01.1951

Білімі:жоғары

Мамандығы:математика

Еңбек өтілі:38 жыл

Надежда Максимовна — мол педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз болды. Павлодар қаласы мұғалімдерінің съезіне делегат ретінде қатысты.

Жоғары мәдениетті, сабырлы, байсалды және қайырымды жан ретінде ол әрқашан айналасындағы адамдардың құрметіне ие болды.

2009 жылы зейнеткерлікке шықты.
2017 жылдың қазан айында өмірден озды.


Лезненкова Людмила Николаевна
Лезненкова  Людмила Николаевна

Туған жылы:09.12.1951

Білімі: жоғары

Мамандығы: орыс тілі мен әдебиеті

Педагогикалық еңбек өтілі:39 жыл

№14 ЖОМ пионер жетекшісі, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы ретінде жұмыс істеді.

«В.И.Ленин атындағы облыстық пионер ұйымының құрметті пионері» атағы берілді. 1986 жылдан №24 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде жұмыс істеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, кәсіподақ комитетін басқарды. Жұмыста тынымсыз, өзіне де, өзгеге де талапшыл, принципшіл, жігерлі ол ұстаздар мен оқушылар қауымының, ата-аналар қауымының құрметіне бөленді.

2009 жылы зейнетке шықты.


Мукашева Кульсын Жумахановна
Мукашева Кульсын Жумахановна

Туған жылы:18.02.1954

Білімі: жоғары, ППИ, 1976 

Мамандығы: математика мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі:33 жыл

Ұстаздық еңбек жолын 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семиярск орта мектебінде математика мұғалімі ретінде бастады. 20 жыл еңбек еткеннен кейін Мойылды ауылындағы орта мектепке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды. 2004 жылдан бастап №24 ЖОМ математика мұғалімі ретінде жұмыс істеді. Осы жылдар ішінде ол өзін нағыз кәсіби, шығармашыл, эрудитті, жоғары білікті ұстаз ретінде көрсете білді. 2009 жылы зейнетке шықты.


Күләш Қинашқызы Нұрымова
Күләш Қинашқызы Нұрымова

Туғанжылы: 20.12.1951

Білімі: жоғары, АбайатындағыКаз ПИ,1975ж.

Мамандығы: математика мұғалімі

Марапат:«ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі

Педагогикалық еңбек өтілі: 35 жыл

Күләш Қинашқызы Нұрымова алғаш рет Павлодар облысы, Ертіс ауданыИса Байзақов ауылында М.Горький атындағы орта мектебінде математика пәнінен өзінің ұстаздық жолын бастап, шәкірттеріне білім, тәлім – тәрбие беріп, өзінің шеберлігін көрсете білді. 2000 жылдары өзінің ұстаздық жолын Павлодар қаласындағы №24 ЖОМ жалғастырды. Ұстаздың тәлімгерлік шеберлігі, өз оқушыларын тек оқу процесінде емес, оларға алдағы уақытта кездесетін өмірлік жолға бағыттап отырды. Күләш Қинашқызы Оқу ағарту ісінің үздігі, Павлодар қаласында математикамұғалімдерінің арасында“Пифагор-2000 “сайысының жеңімпазы.

2009 жылы  зейнетке шықты.


Медова Татьяна Петровна
Медова Татьяна Петровна

Туған жылы: 09.07.1951

Білімі: жоғары,  Красноярск ПИ, 1979 

Мамандығыдене шынықтыру және география мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл

Майқайын ОМбітіргеннен кейін туған мектебінде дене шынықтыру  мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 1974 жылы Ермаковский дене шынықтыру техникумын бітірді. Ресейге көшіп кеткеннен кейін облыстық жасөспірімдер спорт мектебінде гандболдан жаттықтырушы ретіндежұмыс істеп, Сібірдің жәнеҚиыр Шығыстың ұлдарынанқұралған құрама командасын дайындады.

1983 жылдан Майқайың ОМгеография мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін №24 ЖОМ географиядансабақ берді.

Татьяна Петровна өлкетану және туризм жұмысына жан-тәнімен беріліп, қалалық бағдарлау жарыстарының жеңімпаздарын дайындады.

Балалар мен олардың ата-аналары, әріптестеріжігерлі, көңілді, спортты сүйетін,спортқақызықтыраалатын мұғалім ретінде  оныеске алады.

2009 жылы зейнетке шықты.


Порот Антонина Павловна
Порот Антонина Павловна

Туған жылы: 20.09.1952
Білімі: жоғары, Павлодар ПИ, 1973
Мамандығы: математика мұғалімі

Марапат: «Старший учитель» атағы, 1989
Педагогикалық еңбек өтілі: 39 жыл                                            

1975 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін №24 ЖОМеңбек етті. Оқушыларыматематикадан алған білімдерінің тереңдігімен, мықтылығымен, өзіндік ой-өрісімен ерекшеленді, жоғары оқу орындарына ойдағыдай түсіп, өмірлерін ұстаздық кәсіппен байланыстырды. Антонина Павловнаның еңбек өтілі ОИПКПК-да жинақталған. Принципті, талапшыл, жауапкершілігі мол, жауапты, педагогикалық әдептілігімен және төзімділігімен ерекшеленеді. Оны оқушылары да, әріптестері де, ата-аналар да құрметтейді.

2010 жылы зейнетке шықты.


Макен Курешевна Каримова
Макен  Курешевна  Каримова

Туған жылы: 08.01.1952

Білімі:  жоғары, Павлодар ПИ, 1973

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті

Педагогикалық еңбек өтілі: 35 жыл

Еңбек жолын Баянауыл а. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мектепте бастады. 1988 жылға дейін Павлодар қаласының №3 кешкі мектепте, 1988 жылдан бастап №19 орта мектепте сабақ берді. 1994 жылдан бастап №24 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Шығармашыл ұстаз. Мектептің «Шаңырақ» мұражайын құруға белсене қатысып, оған жетекшілік етті. Мұражайда қаланың шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесулер, байқаулар, мерекелік шаралар өтті. Макен Курешевнаның оқушылары қазақ тілінен олимпиада, пәндік және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары.

Осы мектептен 2010 жылы зейнетке шықты.


Таранова Татьяна Андреевна
Таранова Татьяна Андреевна

Туған жылы: 20.11.1952

Білімі:орта-арнаулы,Павлодар педучилище

Мамандығы:бастауыш сынып мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі:38жыл

№24 ЖОМ 16 жыл (1994 жылдан) қызмет етті. Татьяна Андреевна шығармашыл ұстаз. Оның оқушылары үнемі жоғары жетістіктер көрсетіп, мектепішілік, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. Ол өзінің адалдығы, тәжірибелігі және тұрақты практикалық көмегі арқылы әріптестерінің, ата-аналардың және оқушылардың сенімі мен құрметіне ие болды.

2010 жылы зейнетке шықты.


Ихиенова Кайшим Ахметовна
Ихиенова Кайшим Ахметовна

Туған жылы28.04.1953

Білімі:орта-арнаулы, № 1Омбы педучилищесі

Мамандығы:бастауыш сынып мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл

1999-2002 жылдары№10 МЛбастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап №24 ЖОМбастауыш сынып мұғалімі ретіндежұмыс істеді. Жігерлі, еңбекқор, әдепті. Олоқушылардың, әріптестерінің және ата-аналар қауымының құрметіне бөленді.

2011 жылы зейнетке шықты.

Зинат Маулитқызы Ажмагиева
Зинат  Маулитқызы Ажмагиева

Туған жылы: 16.11.1953

Білімі: жоғары, Абай атындағы КазПИ, 1975

Мамандығы: математика, бастауыш сынып мұғалімі 1990 жылдан бастап

Педагогикалық еңбек өтілі: 38 жыл

Математика факультетін бітіріп, математикадан сабақ беріп, жұмысы әрдайым жоғары бағаланған. Кейіннен мамандығын «Бастауыш сынып мұғаліміне» ауыстырды. 1995 - 2012 жылдар аралығында №24 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі ретінде қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында балаларға мейірім шуағымен, білім берумен қатар өз уақытын аямай, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан, сабақ беру әдістемесін сол кездегі ағынға сай өзгертіп отырған рухы таза, өрісі биік, Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісі болған, өмірін ұстаздыққа арнаған ұлағатты ұстаз.

2011 жылы зейнетке шықты.


Дядюк Ирина Федоровна
Дядюк Ирина Федоровна

Туған жылы: 20.01.1953

Білімі: жоғары,И.Я.Франко ат. Львовский МУ, 1976

Мамандығы: роман-герман тілдері және әдебиеті

Педагогикалық еңбек өтілі: 41 жыл

1976 жылы университетті бітіргеннен кейін Украина КСР-нің Ровно қаласының№2 ЖОМағылшын тілі мұғалімі ретіндежұмыс істеді.

1991 жылдан бастап №24 ЖОМнегізінен шет тілдерін тереңдетіп оқытатын сыныптарда жұмыс істеді.

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған қалалық олимпиаданың жүлдегері.Қалалық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындады. Ағылшын тілінен қалалық олимпиадалардың қазылар алқасының мүшесі. «Ұстаздар овациясы» фестивалінің лауреаты.

Эрудит, бірнеше тілде еркін сөйлейді. Өзінің жоғары кәсіби деңгейі үшін оқушылардың, әріптестерінің және ата-аналардыңқұрметіне ие.

2011 жылы зейнетке шықты.