Туған жылы: 16.03.1960
Білімі: жоғары, Павлодар ПИ, 1987
Мамандығы: орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл
1981 жылы Воровский атындағыПавлодар педагогикалық училищесін бітіріп, №11 балабақшаға тәрбиеші ретіндежұмысқа орналасты. 1995 жылы №39 ЖОМорыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде жұмысқақабылданды. 2000 жылдан №24 ЖОМорыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, кітапханашы ретіндежұмыс істеді.
2018 жылы зейнетке шықты.
Туған жылы: 23.01.1960
Білімі: жоғары, Павлодар ПИ, 1981
Мамандығы: физика мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 32 жыл
Институтты бітіргеннен кейін 1981-1993 жылдарытұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында инспектор ретіндежұмыс істеді. 1993-1997 жылдары Семей қаласының№7 ОМматематика мұғалімі ретіндежұмыс істеді. 1997-2007 жылдары№26 ЖОМОПНД мектебінде физикажәне математика мұғалімі. 2007 жылы №24 ЖОМОПНД мектебіне математика және физика мұғалімі ретіндежұмысқа қабылданды. Ляззат Касымқызының ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс тәжірибесі қалалық деңгейде таратылған.
2018 жылы зейнеткешықты.
Туған жылы: 25.08.1960
Білімі: жоғары, Павлодар ПИ, 1981ж.
Мамандығы: физика мұғалімі
Марапат: Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы
Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл
№24 ЖОМ1977 жылдыңтүлегі. Павлодар ПИ-ді бітіргеннен кейін ГПТУ-125, №26 ЖОМфизика мұғалімі, 1993 жылдан қазіргі уақытқа дейін (30 жыл) туған мектебінде физика мұғалімі ретінде жұмыс істейді. 9 жыл мектептің кәсіподақ комитетін басқарды. Елена Александровнаның талапшылдығы, адалдығы, әділдігі және жоғары кәсіби деңгейі әріптестерінің, оқушыларыныңжәне ата-аналардың лайықты құрметіне ие болды. Бірнеше рет физикаданқалалық олимпиадасының жеңімпаздарын дайындады. Қала, облыс мұғалімдерімен тәжірибе алмасады.Инновациялық жұмыс үшін Ә.Марғұлан ат. ПМПУ Алғыс хатымен марапатталды
2019 жылы зейнетке шықты.
Туғанжылы: 27.07.1960
Білімі: жоғары, Абай атындағы Қазақпедагогикалықинституты,1981
Мамандығы: математика
Марапат: ҚР БҒМ Алғыс хаты, 2023 ж.
Педагогикалық еңбек өтілі: 39жыл
Өзінің ұстаздық жолын 1981 жылы Железин ауданында қазіргі Аққайың ауылында бастайды. 1998 жылы жанұясымен Павлодар қаласына көшеді. Жалпы еңбек өтілі - 39 жыл. Оның 22 жылы Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беру мектебінде өтті. 2000 жылы қазақ сыныптарының ең алғашқы түлектерін шығарады. 2000-2004 жылдары республикалық ҰБТ-ныңтест тапсырмаларын дайындау комиссия мүшесі ретінде жұмыс атқарды. 2010 жылы математикадан ҰБТ-ныңең жоғарғы балы үшін «Табыс кітабына» енгізілді. Қалалық кәсіподақ комитетінің, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
2019 жылы зейнетке шықты.
Датарождения: 27.01.1956
Образование: высшее, Минское Суворовское военное училище, 1973 Ленинградское высшее артиллерийское командное училище,1977.
Специальность:инженер по эксплуатации ракетно- артиллерийского вооружения
Стаж работы: 49лет
С 1.08.1973 по12.04.1994год служил в Вооруженных силах на офицерских должностях. После увольнения в запас работал электриком в детском туберкулезном санатории, сторожем, затем начальником отдела охраны на АО «Мебельная фабрика». С 1995 по 1998 год - старший стрелокотдела охраны АО «Алюминий Казахстана». В 1998 году принятв СОШ№24 на должность преподавателя–организатора начальной военной подготовки.
Вышел на заслуженный отдых в 2019 году.
Ушел из жизни в 2025 году
Туған жылы: 06.07.1960
Білімі: жоғары, ПМУ, 1981
Мамандығы: дене шынықтыру мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 37 жыл
1977 жылы Павлодар қ.№2 ЖОМбітірген. 1980 жылдан бастап облыстық жасөспірімдер спорт мектебінде конькимен жүгіруден жаттықтырушы ретіндежұмыс істеді. 1997 жылдан №24 ЖОМдене шынықтыру мұғалімі ретіндежұмыс істеп, оқушылар мен мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттады. Ол №24 ЖОМоқушыларының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған алғашқы жаттықтырушысы болды. Олар қазір конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының мүшесі. Жеңіс күніне арналған жыл сайынғы дәстүрлі жеңіл атлетика жарысына бірнеше рет қатысты. Оқушыларыоныжігерлі, ақжарқын, сонымен қатар талапшыл қасиеттері үшінжақсы көреді.
2020 жылы зейнетке шықты.
Туғанжылы:22.11.1960
Білімі:жоғары, Алматы педагогикалық шет тілдері институты, 1983
Мамандығы: неміс тілі және ағылшын тілі мұғалімі
Еңбек өтілі:38 жыл
Еңбек жолын Баянауыл ауданының Жаңажол орта мектебінде бастады. 1991 жылға дейін Баянауыл ауданында мұғалім болып жұмыс істеді. 1991 жылдан 1997 жылға дейін Ақтоғай ауданында педагогикалық қызметін жалғастырды. 1997 жылдан бастап Павлодар қаласындағы №24 мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек етті.
Бұл кісі — жүрегі мейірімге толы, шынайы адам еді. Ол осындай қасиеттерімен оқушылардың, әріптестерінің және ата-аналардың есінде мәңгі сақталды.
2020 жылы зейнеткерлікке шықты.
2023 жылдың мамыр айында өмірден озды.
Туған жылы: 19.11.1961
Білімі: жоғары, Павлодар пед.училище,1981; Семей ПИ, 1987
Мамандығы: еңбек мұғалімі; орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
Марапат: ҚР БҒМ Алғыс хаты,2023 ж.
Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл
1981 жылы Павлодар педагогикалық училищесінбітіргеннен кейін Май ауданыныңҚазыорта мектебінде, кейін Павлодар қаласының№12 ЖОМеңбек мұғалімі ретіндежұмыс істеді. 1990 жылдан бастап «Павлодар қаласының №24 ЖОМ» КММ технология мұғалімі, кейін көркем еңбекмұғалімі ретіндежұмыс істеді. Осы уақыт ішінде қолданбалы өнерден қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздарын дайындады.
2021 жылы зейнетке шықты.
Туған жылы: 27.04.1962
Білімі:жоғары
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 41 жыл
1980 жылы орта мектепті бітірген соң, В.Воровский ат. Павлодар педагогикалық училищесіне оқуға түсті. 1983 жылдан бастап Лебяжі ауылындағы балабақшада тәрбиеші ретінде жұмыс істеді, кейін Тақыр орта мектебінің мұғалімі қызметіне ауысты. 1990 жылы Павлодар педагогикалық институтының филология факультетін бітіргеннен кейін Павлодар қаласына көшіп, №26 ЖОМ және №24 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде қызмет атқарды. 2005 жылы «Қайнар» Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Зейнетке шыққанға дейін №24 ЖОМ жұмыс істеген.
2022 жылы зейнетке шықты.
Туған жылы: 09.03.1962
Білімі: жоғары, ППИ, 1984.
Мамандығы: математика және физика мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 41 жыл
Еңбек жолын 1984 жылдан Павлодар облысы Железин ауданының Жолтаптық орта мектебінде бастады. Павлодар қаласының №24 ЖОМ-де 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді.Ұстаздық қызметімен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін де атқарды. Баланың жоғары зияткерлік, биік рухани-адамгершілікті тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізу өзінің негізгі борышы деп есептейді.
Әлем жаратылысында күн нұрына бар дүниенің тартылып тұратын таңғажайып сыры бар. Сондай сәулелі нұр бүкіл болмысынан төгіліп тұратын, әрқашанда жанға жылы рухани-адамгершілік биігінде танылатын адам. Жарқын жаратылысты, мерейлі, қамқоршы, ұлағатты ұстаз. Қазіргі таңда құрметті зейнетте болса да, білім беру жүйесінде тәлімгерлік көмек жасап, септігін тигізуде. Көптеген марапатқа ие. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Табыс-2013» кітабына енгізілді. Оқушылары республикалық, облыстық деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
2022 жылы зейнетке шықты.
Туған жылы: 06.04.1964
Білімі: жоғары, ПМУ, 1999
Мамандығы: математика
Еңбек өтілі: 43 жыл
Айгүл Қашаубайқызы 1998 жылдан бастап Павлодар қаласындағы №24 жалпы орта білім беру мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ол теориялық және практикалық оқыту әдістемесін жоғары деңгейде меңгерген, өзін тәжірибелі, білікті педагог ретінде көрсете білді. Ол – ізденімпаз, жаңашыл ұстаз. Білім беру үдерісін оңтайландыру мақсатында түрлі озық технологияларды тиімді қолданады. Айгүл Қашаубайқызының сабақтары нәтижелілігімен ерекшеленеді, оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Оның оқушылары – республикалық зияткерлік ойындардың, пәндік олимпиадалар мен марафондардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Айгүл Қашаубайқызы айналасына әрдайым жайдары көңіл күй, ізгі ниет пен сенім орната білді. Ол оқушылармен, ата-аналармен және әріптестерімен қарым-қатынаста педагогикалық тұрғыдан тиімді әрі орынды қарым-қатынас стилін ұстанады.
Ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбегі үшін қалалық және облыстық білім бөлімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
2025 жылы зейнеткерлікке шықты.
Туған жылы:18.06.1964
Білімі:жоғары, Қайнар/Екібастұз ПУ, 2006/1984 жыл
Мамандығы:қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып
Еңбек өтілі: 39 жыл
Шаку Айнешовна Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңажол совхозында дүниеге келген. 1984 жылы Екібастұз педагогикалық училищесін, ал 2006 жылы «Қайнар» университетін тәмамдаған. 2006 жылдан бастап Павлодар қаласындағы №24 жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол – тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын сынақтан өткізу және енгізу бойынша республикалық эксперименттің қатысушысы болған.
Шаку Айнешқызы оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Оның оқушылары бастауыш сынып оқушыларына арналған «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орын алып, Құрмет грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ Мұқағали Мақатаев оқуларының жүлдегерлері қатарында. Республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдардың алғысхатымен марапатталған. Шаку Айнешқызы – мейірімді, қамқор педагог, әріптестері, оқушылары мен ата-аналар қауымының зор құрметіне ие.
2025 жылы зейнеткерлікке шықты.
Туған жылы:28.06.1964
Білімі:жоғары, ПМУ, 2004
Мамандығы:тарих және география
Марапат: Павлодар кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты, 2021 ж.Павлодар кәсіподақ ұйымының ҚГ 2010 ж.
Еңбек өтілі:35 жыл
Тарих-география факультетін бітірген соң, ол Павлодар облысының мектептерінде осы пәндер бойынша сабақ берді.
2014 жылдан бастап Павлодар қаласындағы №24 жалпы орта білім беру мектебінде тарих және география пәндерінің мұғалімі болып еңбек етті.
Бағдангүл Әлімжанқызы білім беруде заманауи педагогикалық технологияларды пайдаланып, уақыт талабына сай оқыту әдістерін үнемі жетілдіріп отырады. Оның оқушылары қалалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері атанып жүр.
Бағдангүл Әлімжанқызы өзін білікті сынып жетекшісі ретінде көрсете білді, қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысады. Бұл кісі — адал, абыройлы жан, бар ғұмырын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған ұстаз. Ол туған елінің болашағы үшін аянбай еңбек етіп, төзімділік пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
2025 жылы зейнеткерлікке шықты.
Туған жылы:26.01.1964
Білімі:жоғары, Павлодар Инновациялық Университеті
Мамандығы: «Көркем еңбек,графика және жобалау» пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі:35 жыл
Қабимолла Сәуле 1991 жылы Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келіп, 1998 жылға дейін Лебяжі ауданы Жаңатаң ауылында қызмет етті. 2000 жылдан бастап Сәуле Қабимолла Павлодар қ. №24 ЖОМ еңбек етеді. Еңбекқор, жауапкершілігі мол педагог. Ол оқытудың заманауи әдістерін пайдаланып, тиянақты білім береді, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен дағдыларын дамытады. Қабимолла Сәуле - Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше кітаптың авторы. Өлеңдері мен мақалалары «Педагогика Хабаршысы», «Ұстаздар», «Сарыарқа самалы» газеттерінде тұрақты жарияланып тұрады. Қалалық, облыстық, республикалық сәндік-қолданбалы өнер байқауларының қатысушысы, түрлі дәрежелі дипломдардың иегері.
2025 жылы зейнеткешықты.


