1919 жылы 1 қаңтарда Баянауыл ауданындағы № 12 ауылда дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы С.М. Киров атындағы балалар үйінде дене шынықтыру мұғалімі болып бастаған. Әскери борышын өтеуге 1939 жылдың 1қазанында Семей пединситутындаоқып жүргенде Ленин атындағы аудандық военкоматтан шақырту алады. 1939-1940 жылдардағы «Кеңес-Фин соғысы» кезінде Финляндияда болады. 1941 жылы Дон майдан шебінде 24-інші, 29-ыншы, Украин майдан шебінде 2-нші,3-інші әскер қатарында соғысқан. Белгоград, Сталинград, Венгрия, Польша, Асвстрия қалаларын неміс басқыншыларынан босатады. Ұлы Отан жеңісін Прагада қарсы алады. 1946 жылы елге қайтады. Ұлы Отан Соғысындағы марапаттары: І дәрежелі Отан соғысының Ордені, Қазан төңкерісі Ордені, «Ерлік» Ордені, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Венаның алынуы», «Праганың алынуы», Будапешттің алынуы» және «Германиямен соғыста жеңіске жеткені үшін» және мерейтойлық медальдармен марапатталды.
1946-1947 жылдар аралығында Қазақстан Коммунистік Партиясының обкомында нұсқаушы қызметін атқарады. 1947-1949 жылдарда Алматы қаласындағы Мемлекеттік пединститутында тарих мамандығы бойынша оқуын жалғастырады. Сонымен қатар осы жылдары Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитетіндегі екі жылдық партия мектебін бітіреді. 1949 жылдың 17 тамызынан 1950 жылдың 12 қыркүйегі аралығында Майқайын орта мектебінің директоры қызметін атқарады. Осы қызметті Екібастұз, Тавалжан, Краснокутск қалаларында жалғастырады. 1965-1966 жылдары Павлодар қаласындағы №8,3 жұмысшы жастар мектебін басқарады. Өз ісінің маманы, іскер басқарушылығының арқасында оқу-тәрбие жұмысында үлкен жетістіктерге қол жеткізген.
№3 ЖЖМ халық-шаруашылығындағыоқушыларды қабылдау жопарын үнемі орындай отырып, кабинеттік оқыту жүйесіне көшеді. «Әр еңбекшіге –орта білім» конскурстық байқауында аталмыш мектеп аудан, қала, облыс аралығында бірнеше рет бірінші орын жеңімпазы болған. Халық алдындағы адал еңбегі үшін «Қазан төңкерісі» орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес
грамотасымен, бұдан басқа «Қазақ КСР ағарту ісінің озаты», Бүкілодақтық пионерлер ұйымының «Пионерлермен белсенді жұмыс » төсбелгілері және «Еңбек ері» медалімен марапатталады.
Бірнеше рет жергілікті Кеңестің депутаты болып сайланады. Индустриялық ардагерлер кеңесін, халықтық білім беру комиссиясын басқарған. 1981 жылы Павлодар қаласы № 3 ЖЖМ жұмыс орнынан зейнетке шығады.
Сексенінші гвардия
Соғыс жылдарыБарнауылда сексенінші гвардиялық дивизия құрылды. Бұл дивизияның құрамында қазақ жерінен келгендер көп еді. 1942 жылы аталмыш дивизия Н.П.Васильевтің қолбасшылығымен ақпан айының ортасында соғысқа аттанады. Біздің дивизия Тульск облысында 24 резервтік әскер құрамына еніп, 15 сәуірден бастап Зайцев тауы аймағында ұрысқа кірісіп кетті. Біз Сталинградқа кірер жолды қорғау үшін Дон маңында соғыстық. 24 әскерді генерал-лейтенант Галинин басқарды. Сол адамның қолбасшылығымен біз Котлубань ауылын жаудан тазартып, ары қарай шабуылға шықтық.
Табысты әрі батыл әрекет танытқанымыз үшін біздің дивизия гвардиялықтар марапатына ие болды, сонымен қатар өзіміз қорғаған қала аттарын да иелендік. 1943 жылы алтыншы ақпанда «Правда» газетінің бірінші бетіне «Қазақстандықтар майданда ерекше ерлік көрсетуде, ал олардың әкелері мен аналары тыл жұмыстарында тынбай еңбек етуде. Сталинградты неміс әскерлерінен құтқаруға қатысқандардың үштен бір бөлігі Қазақстандықтар» деп жазылды. 1943 жылы Қазақстанның 14 жауынгері мен офицерлері Кеңес Одағының Батыры атағын алды. «Сталинградты қорғағаны үшін» біздің 2452 жерлесіміз медальдармен марапатталды.
Соғыс ардагері Р.Аликов
Образование - высшее
Категория - первая
Стаж работы -14 лет
1921 жылы Баянауыл ауданындағы № 14 ауылда туылды. Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық институтын аяқтаған соң, өзінің еңбек жолын Павлодар облысының Бесқарағай ауданында бастайды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап фашистермен 1-ші Украина және 2-ші Белоруссия майдандары құрамында майданда соғысқан, 265 Краснознамён полкіндегі миномет-бомбалаушылар батареясының командирі болған. Соғыс Кенжетай Ахметовтің өмірінде терең із қалдырды. Соғыста қатты жараланып, басынан контузия алады, суыққа қалып, аязда үсік алады. Бірақ Отаны үшін күрескен мыңдаған адамдар сияқты, ол өзі туралы ойламайды, оның жалғыз мақсаты – жеңіс болады.
Оның жауынгерлік сипаттамасында: «Жауынгер офицер ретінде жолдас Ахметов мықты, батыл және ерлік көрсетуден тайсалмайтын, бірнеше рет ерлікпен шектесетін батылдығын шабуыл кезінде талай дәлелдеген» деп жазылған. Оның денесінде мина сынықтары қалған, аязда үсіген аяғы өмірінің соңына дейін бүгілмей қалады.
Бірақ тағдыр тауқыметіне ешқашан мойыған емес, K.A. Ахметов жұмыс та істеді, балаларды да тәрбиеледі, өсірді. Ұлы Отан Соғысы ардагерімін,25 жылға жуық взводқа командир болдым деп өзін ешқашан мақтаған емес, ешкімнен ештеңе сұраған емес.
Отанымыз оның ерлігі мен батырлығын жоғары бағалады, Кенжетай Ахметовті I және II дәрежелі соғыс ордендерімен, Қызыл Жұлдызбен, «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен және басқа да медальдармен марапаттады.
Бертін келе Кенжетай Ахметұлы алдын мұғалім, сосын Павлодар қаласының № 10 орта мектеп директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1960 жылдан бастап партияның Павлодар қалалық комитетінің нұсқаушысы, Павлодар уездік атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің бастығы, 10 жылдан астам уақыт аудандық азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімін басқарды.
Кенжетай Ахметұлын білген және онымен бірге жұмыс істегендердің бәрі оның батылдығы мен адалдығын, жоғары кәсіпқойлығын, үлкен еңбекқорлығы мен адалдығын, ізеттілігі мен ашықтығын, адамдарға деген сезімталдығын, жанашырлығын атап өтті.
Образование: высшее
Стаж работы: 20 лет
Категория: педагог-эксперт
Образование: высшее
Стаж работы: 0 лет
Категория: педагог
Мисфахитдинова Кульгайша Калиевна 1960 жылы 12 қыркүйекте Павлодар облысы, Ермак ауданындағы Сынтас кентінде дүниеге келген.
1968-1976 жылдары сегіз жылдық мектеп қабырғасын аяқтады. 1976 жылы Екібастуз қаласындағы педагогикалық музыка бөлімшесіне түседі. 1980 жылы ән-күй мұғалімі мамандығы бойынша білім алады. 1980-1982 жылы №31 мектебінде мұғалім болып істеді. 1982-1984 жылы Павлодар қаласында Статистикалық басқармасында оператор қызметін атқарды. 1984 жылы тұрмыс құрды.Успенка ауданы Вознисенка ауылында бала – бақшасында ән-күй сабағынан тәрбиеші қызметін атқарды. 1986-2000 жылдары Вознесенка ауылында мектепте ән –күй мұғалімі болып қызметін атқарды.
2000жылы тамыз айында Ленин кентіне оралды. 2000 жылда қыркүйек айынан бастап №31жалпы орта білім беру мектебінде ән- күй сабағына мұғалімі ретінде қабылданды. Қазіргі уақытта аталмыш мектепте мұғалімдік жұмысын атқаруда .
Учитель математики
Образование: ППИ - 1988 г
Педагог - исследователь
Руководитель МО, Учитель казахского языка и литературы
Образование: Высшее
Категория: ПЕДАГОГ-ИССЛЕДОВАТЕЛЬ
Стаж работы: 21 год
Учитель начальных классов
Образование: ПГПИ - 2017 г
Категория - Б/К
Учитель начальных классов
Образование: ПАУ - 2005 г
Педагог - исследователь
Учитель начальных классов
Образование: ПГПИ - 2006 г
Педагог - исследователь
Учитель начальных классов
Образование: ППК - 2012 г
Педагог - модератор
Учитель начальных классов
Образование: ПГПИ - 2008 г
Педагог - модератор
Учитель начальных классов
Образование: ПГУ - 1996 г
Педагог - исследователь
Образование:высшее. Стаж работы: 2 г. Учитель английского языка.
Школьный психолог, педагог-исследователь самопознания. Образование высшее. Стаж работы - 22 года.
Обраование: среднее-специальное.
Педагог-модератор физической кульутры. Образование высшее. Стаж работы - 4 года.
Ортаңғы топ тәрбиешісі: Асель Рымбековна Шишова
Еңбек өтілі: 1 жыл
Санаты: жоқ


