Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қабимолла Сәуле
Қабимолла  Сәуле

Туған жылы:26.01.1964

Білімі:жоғары, Павлодар Инновациялық Университеті

Мамандығы: «Көркем еңбек,графика және жобалау» пәні мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі:35 жыл

Қабимолла Сәуле 1991 жылы Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келіп, 1998 жылға дейін Лебяжі ауданы Жаңатаң ауылында қызмет етті. 2000 жылдан бастап Сәуле Қабимолла Павлодар қ. №24 ЖОМ еңбек етеді. Еңбекқор, жауапкершілігі мол педагог. Ол оқытудың заманауи әдістерін пайдаланып, тиянақты білім береді, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен дағдыларын дамытады. Қабимолла Сәуле - Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше кітаптың авторы. Өлеңдері мен мақалалары «Педагогика Хабаршысы», «Ұстаздар», «Сарыарқа самалы» газеттерінде тұрақты жарияланып тұрады. Қалалық, облыстық, республикалық сәндік-қолданбалы өнер байқауларының қатысушысы, түрлі дәрежелі дипломдардың иегері.

2025 жылы зейнеткешықты.


Мусабекова Гульнар Анесхановна
Мусабекова Гульнар Анесхановна

Туған жылы: 21.11.1964

Білімі: жоғары, АлматыПедагогикалық Қыздар университеті, 1986

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті.

Педагогикалық еңбек өтілі:40жыл

Еңбек жолын Краснокутск ауданының «Октябрь атындағы 25 жылдық»  орта мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі ретінде бастады. 1992 жылы Краснокутск ауданының Шідерті орта мектебінде, 1993 жылы Абай атындағы мектепте, 1994 жылы Спартак ауылының орта мектебіне ауысады. Сол мектепте 1996 жылғықарашағадейін қызмет атқарып, осы жылы Павлодар  қ. №24 ЖОМауысып, зейнеткерлік жасына дейін осы мектепте қызмет етті. Еңбек жолында мектепішілік, аудандық, облыстық оқу бөлімінің, облыстық кәсіподақ грамоталарымен марапатталды. Еңбек жолында 6 жыл көлемінде әдістемелік бірлестіктің жетекшісі қызметін атқарды.

2025жылызейнеткешықты.


Смагулова Кульнаш Сериковна
Смагулова Кульнаш Сериковна

Туған жылы: 06.05.1965 ж.

Білімі: жоғары, Павлодар ПИ,1987,   Павлодар ИнЕУ,2005

Мамандығы: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті

Марапат:

- ҚР  Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, 2016

-  Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасы, 2026 ж

- «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ» номинацияның иегері, 2026 ж

Педагогикалық еңбек өтілі: 39 жыл.

Еңбек жолын Аққулы ауданы Қарақала ауылының  Потанин ортамектебінде орыс тілі мен әдебиетімүғалімі ретінде бастады. 1999 жылы қыркүйекте Павлодар қ. №24 ЖОМ ауысып, зейнеткерлік жасына дейін осы мектепте қызмет етті. Еңбек жолында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша  қалалық олимпиада төрайымы,  қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, «Балабақша –мектеп-колледж-ЖОО» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқытуға арналған облыстық шығармашылықтың мүшесі, Павлодар облысының жалпы орта білім беру мектептерінің Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңдарын жүзеге асыру және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту  бойынша  облыстық комиссия мүшесі. Павлодар қаласы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті бойынша  қалалық қауымдастығының мүшесі.Республикалық тамыз педагогикалық кеңесінің қатысушысы. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының АҚ «Павлодар облысы кәсіби даму Институты» филиалының базасында тренер жұмысын атқарған.ҚР БҒМ «Қазақ тілі» пәнінің қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептің 1-11 сыныптарына арналған деңгейлік оқулықтары мен әдістемелік кешендерінің макеттеріне сараптама жасау және лингвистикалық-стилистикалық тұрғыда жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының  құрамына енген.(Астана қаласы)ҚР БҒМ  «Қазақ тілі » пәнінің қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептің 1-11 сыныптарына арналған деңгейлік оқулықтары мен әдістемелік кешендерінің макеттеріне сараптама жасау және лингвистикалық-стилистикалық тұрғыда жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі (Ақмола облысы, Щучье қаласы, «Балдаурен » республикалық оқу-сауықтыру кешені).

ҚазақстанРеспубликасы Оқу-ағарту министрлігі  «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен мәтін талдау арқылы оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жөнінде жұмыс тобының құрамына еніп, әдістеме әзірлеген.2026 жылы зейнетке шықты.


First 1 … 268 269 270 Next Last Last