Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Аликов Рахимберды Жакиянович
Аликов Рахимберды  Жакиянович

1919 жылы 1 қаңтарда Баянауыл ауданындағы № 12 ауылда дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы С.М. Киров атындағы балалар үйінде дене шынықтыру  мұғалімі болып бастаған. Әскери борышын өтеуге 1939 жылдың 1қазанында Семей пединситутындаоқып жүргенде  Ленин атындағы  аудандық военкоматтан  шақырту алады. 1939-1940 жылдардағы  «Кеңес-Фин соғысы» кезінде Финляндияда болады. 1941 жылы Дон майдан шебінде 24-інші, 29-ыншы, Украин майдан шебінде 2-нші,3-інші әскер қатарында соғысқан. Белгоград, Сталинград, Венгрия, Польша, Асвстрия қалаларын неміс басқыншыларынан босатады. Ұлы Отан жеңісін Прагада қарсы алады. 1946 жылы елге қайтады. Ұлы Отан Соғысындағы марапаттары: І дәрежелі Отан соғысының Ордені, Қазан төңкерісі Ордені, «Ерлік» Ордені, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Венаның алынуы», «Праганың алынуы», Будапешттің алынуы» және «Германиямен соғыста жеңіске жеткені үшін» және мерейтойлық медальдармен марапатталды.

              1946-1947 жылдар аралығында Қазақстан Коммунистік Партиясының обкомында  нұсқаушы қызметін атқарады.  1947-1949 жылдарда Алматы қаласындағы Мемлекеттік пединститутында тарих мамандығы бойынша оқуын жалғастырады. Сонымен қатар осы жылдары Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитетіндегі екі жылдық партия мектебін бітіреді. 1949 жылдың 17 тамызынан 1950 жылдың 12 қыркүйегі аралығында Майқайын орта мектебінің директоры қызметін атқарады. Осы қызметті Екібастұз, Тавалжан, Краснокутск қалаларында жалғастырады. 1965-1966 жылдары Павлодар қаласындағы №8,3 жұмысшы жастар мектебін басқарады. Өз ісінің маманы, іскер басқарушылығының арқасында оқу-тәрбие жұмысында үлкен жетістіктерге қол жеткізген.

№3 ЖЖМ халық-шаруашылығындағыоқушыларды қабылдау жопарын үнемі орындай отырып, кабинеттік оқыту жүйесіне көшеді. «Әр еңбекшіге –орта білім» конскурстық байқауында аталмыш мектеп аудан, қала, облыс аралығында  бірнеше рет бірінші орын жеңімпазы болған.  Халық алдындағы адал еңбегі үшін  «Қазан төңкерісі» орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес        

грамотасымен, бұдан басқа  «Қазақ КСР ағарту ісінің озаты», Бүкілодақтық пионерлер ұйымының «Пионерлермен белсенді жұмыс » төсбелгілері және «Еңбек ері» медалімен  марапатталады.

Бірнеше рет жергілікті Кеңестің депутаты болып сайланады. Индустриялық ардагерлер кеңесін, халықтық білім беру комиссиясын басқарған. 1981 жылы  Павлодар қаласы  № 3 ЖЖМ жұмыс орнынан зейнетке шығады.

 

 

Сексенінші гвардия

 

   Соғыс жылдарыБарнауылда сексенінші гвардиялық дивизия құрылды. Бұл  дивизияның құрамында қазақ жерінен келгендер көп еді. 1942 жылы аталмыш дивизия Н.П.Васильевтің қолбасшылығымен ақпан айының ортасында соғысқа аттанады. Біздің дивизия Тульск облысында 24 резервтік әскер құрамына еніп, 15 сәуірден бастап Зайцев тауы аймағында ұрысқа кірісіп кетті. Біз Сталинградқа кірер жолды қорғау үшін Дон маңында соғыстық. 24 әскерді генерал-лейтенант Галинин басқарды. Сол адамның қолбасшылығымен біз Котлубань ауылын жаудан тазартып, ары қарай шабуылға шықтық.

Табысты әрі батыл әрекет танытқанымыз үшін біздің дивизия гвардиялықтар марапатына ие болды, сонымен қатар өзіміз қорғаған қала аттарын да иелендік. 1943 жылы алтыншы ақпанда «Правда» газетінің бірінші бетіне «Қазақстандықтар майданда ерекше ерлік көрсетуде, ал олардың әкелері мен аналары тыл жұмыстарында тынбай еңбек етуде. Сталинградты неміс әскерлерінен құтқаруға қатысқандардың үштен бір бөлігі Қазақстандықтар» деп жазылды.  1943 жылы  Қазақстанның 14 жауынгері мен офицерлері   Кеңес Одағының Батыры атағын алды. «Сталинградты қорғағаны үшін»  біздің 2452 жерлесіміз  медальдармен марапатталды.

                                                                                         Соғыс ардагері  Р.Аликов

Баядилова Асем Канатовна
Баядилова Асем Канатовна

Білімі: жоғары

Санаты: педагог

Еңбек өтілі: 22 жыл

Мейрамгуль Тельмановна Ахметова
Мейрамгуль Тельмановна Ахметова

  - Қызметкерлердің алдынала (жұмысқа түскен кезде) және мезгіл-мезгіл (еңбек ету барысында) міндетті медициналық байқаулардан (тексерулерден) өтуіне жауап береді.

-  Медицина мекемелерінен алынған материалдар негізінде мезгіл-мезгіл медициналық байқаудан өтуге тиісті кісілердің тізімін жасайды.

 -Салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды дағдыға айналдырады, уытқұмарлық (токсикомания) және нашақорлық (наркомания), ішімдікке салыну (алкоголизм) мен темекі тарту көріністерінің алдын алу бағытында жұмыстар жүргізеді.

Өндірістік бақылау жоспарын әзірлейді.

- Санитарлық заңнамалардың сақталуын ұйымдастырады.Оқу кабинеттерінің, спорт залдарының, тұрғын және басқа да орын-жайлардың, сондай-ақ асхана қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкес санитарлық-гигиеналық жай-күйіне ағымдағы бақылаулар жүргізілуін қамтамасыз етеді.

- Ас дайындау бөлігінде тағам әзірлеу ережелері бойынша технологиялық карталар жасайды.

 - Физиологиялық тұтыныс нормаларын есепке ала отырып, тағам түрлерінің колориялығы мен химиялық құрамы көрсетілген апталық немесе айлық жоспар-мәзір дайындайды.

  - Жоспар-мәзірге сәйкес жасалған күнделікті мәзірлерге қол қояды, бұрын әзірленген мәзірді орындау мүмкін болмаған жағдайда тағам түрлерін немесе азық түрлерін ауыстырады.

- Ауырып немесе жараланып қалған балаларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді және бұл жөнінде басшыға баяндап, ата-аналарға (заңды өкілдерге) хабарлайды, олардың келісімі бойынша травмотология пунктіне немесе стационарға жіберу туралы шешім қабылдайды.

-   Қызметкерлер мен тәрбиеленушілер арасында жарақаттанудың алдын алу және аурулықты азайту бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

-   Басшымен, қоймашымен, кәсіподақ комитетімен, ата-аналар қауымымен бірлесіп тамақтандыру ісін ұйымдастыруды, азық-ауқат өнімдері асортиментін жақсарту, асты сапалы дайындап, оны асханада тарату үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қолданады, әзірленген тағам түрлерінің сынамасын алады.

-   Медициналық мекемелермен бірлесіп медициналық қызмет көрсету және сауықтыру жұмыстарын жақсарту бағытында шаралар қолданады.

-   Қызметкерлерді еңбек қорғау талаптарына сәйкес емдеу-профилактика қызметімен қамтамасыз етеді, ас дайындау бөлігінің қызметкерлерін күнделікті байқаудан өткізеді.

-   Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша профилакикалық егу талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

-     Еңбек және оқу процестері қауіпсіздік жағдайларының, жұмыс орындары мен оқу орындарында еңбек жай-күйінің, сондай-ақ қызметкерлер мен оқушылар тарапынан жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары дұрыс қолданылуының бақылануын қамтамасыз етеді.

-карантин болған кезінде күнделікті балаларды қабылдауға қатысады.

-  Дәрі-дәрмектердің, медициналық жабдықтардың дер кезінде алынуын және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

-   Дәрігердің емдеу шараларына, емдік іс-әрекеттеріне ассистент ретінде көмектеседі.

-   Өз мамандығы аясында медициналық кабинеттің тәртіпте ұсталуын қадағалайды, асептиктер мен антисептиктер қолдану, құрал-саймандарды тазарту ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.

-     Қажетті есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді.

-   Орта медициналық персоналдар үшін емханада ұйымдастырылатын сабақтарға қатысу жолымен өз кәсіби біліктілігін көтереді.

-     техникалық персоналы жұмысын қадағалайды.

Петрова Елена Владимировна
Петрова Елена Владимировна
Учитель  русского языка  и литературы
Образование: высшее
Стаж  работы: 26  лет
Алькеева Бахытжамал Капашовна- МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІ
Алькеева Бахытжамал Капашовна- МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІ
Білімі: жоғары
Санаты:педагог-модератор
Еңбек өтілі: 31 жыл
Бейбитгуль Турсуновна Классен
Бейбитгуль Турсуновна Классен

Өндіріс бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен жайлардың өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес шаруашылық қызмет көрсету тиісті күйде сақтауды, сонымен қатар жабдықтаудың (жарықтың, жылыту, желдету жүйелерінің және тағы басқа) жөнделуінің бақылауын қамтамасыз етеді. Негізгі қорлардың (ғимараттардың, сумен қамтамасыз ету, ауа өткізу жүйелердің және тағы басқа) ағымдағы және күрделі жөндеуін, шаруашылық шығындар сметаларының құрылуын әзірлеуге қатысады. Жайларды жөндеуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылайды. Жиһазбен, шаруашылық саймандармен, басқарушылық еңбектің механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын және уақытымен жөнделуін қадағалайды. Қызмет көрсетуге, кеңселік құралдарды, қажетті шаруашылық материалдарды, жабдықтау мен құрал саймандарды алуға және сақтауға келісім шарт жасау үшін қажетті құжаттардың рәсімдеуін, олармен құрылымдық бөлімшелердің жабдықталуын, сонымен қатар оларды жұмсау және орнатылған есептіліктің құрылуын ұйымдастырады. Шаруашылық мақсаттарға берілетін материалдар мен құралдардың тиімді жұмсалуын бақылайды. Қызметтік іс сапарға келген делегациялар мен тұлғаларды тіркеу мен қабылдап алуды және қажетті қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Ғимараттың сыртын және өтпелі жерлердің мерекелік әсемдеуді, аумақты жинақтау мен көгалдандыруды басқарады. Семинарлар мен өзге де шараларды, конференция, кеңес өткізуге қажетті шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Жұмыс күннің тәртібін және демалыс кестесін құруды, түскі үзілістерде қызметкерлердің рационалды тамақтануларын, табельдік есепті ұйымдастыру жұмыстарын жасайды. Өртке қарсы шаралардың іске асуын және өртке қажетті инвентарлардың дайын тұруын қамтамасыз етеді. Ұйымдық және есептеу техникаларын, байланыс құралдарын енгізуде шаралар қолданады. Бөлім жұмысшыларын басқарады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің, өрт қауіпсіздігінің талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Оспантаева Сафура Ермековна- логопед
Оспантаева Сафура Ермековна- логопед

Лауазымы: логопед

Білімі: Жоғары

Санаты: бірінші

Мукенова Жанаргуль Наурызбаевна - МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІ
Мукенова Жанаргуль Наурызбаевна - МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІ
Білімі: жоғары,магистр
Санаты: педагог-модератор
Еңбек өтілі: 20 жыл
Омарова Динара Капбасовна
Омарова Динара Капбасовна

Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. Химия пәнінің мұғалімі сарапшы.

Контакт: 87053423378

Сұрақтарды қадағалайды:

- жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының жүзеге асырылуын үйлестіруші

- жалпыға бірдей білім беру заңдарының орындалуына басшылық жасайды

- жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқу кабинеттерін қазіргі заман талабына сай, көрнекі құралдармен және техникалық құралдармен, оқу әдістемелік және көркем әдебиетпен, журнал-газеттермен жабдықтау бойынша шаралар қолданады. Робототехника, информатика пәнінің жұмысын үйлестіру

- оқушылардың қозғалыс есебін жүргізеді, титул парағын реттейді

- факультатив, вариативті сабақтардың оқытылуын  бақылайды

- оқу процесінің ұйымдастырылуына басшылық етеді

- мектепішілік бақылауды жүзеге асырады

- оқу жоспарын үйлестіреді

- оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындалуы, бұйрықтардың шығарылуын қамтамасыз етеді

- оқу жүктемесін бөлу жұмысына, уақытша жоқ мұғалімдер сабақтарын уақытысында және сапалы түрде ауыстыруды қамтамасыз етеді, ауыстырылған сабақтардың есебі жайлы журнал жүргізеді

- педагогтардың жұмыс уақытының есеп табелін жүргізеді, қол қояды және мектеп басшысына ұсынады

- педагогикалық кеңестің ұйымдастырылуына жауапты

- 10, 11-сынып оқушылардың электронды журналын тексеруге бақылау жүргізеді

- қорытынды аттестаттау емтихан, оқу жылын аяқтау құжаттарына жауапты

- оқу үдерісіне байланысты бұйрықтардың шығарылуын қадағалайды

- 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығын ұйымдастыруды бақылайды

- жаратылыстану- математика, АӘД, Технология, музыка, бейнелеу өнері мен көркем еңбек пәндерінің оқытылуын бақылайды

- архивке жауапты

- қатаң есептегі құжаттарға жауапты

- 10 сыныптардың сабақтастығын бақылайды

- оқушылардың есебі мен қозғалысы, әліпби кітап және күзгі сындарға қалғандармен жұмысты бақылайды

- мектепішілік бақылауды жүзеге асырады

- Күнделік KZ, Онлайн мектеп, АманСултан, TopIQ жұмысын үйлестіруші

- мектеп ұжымын және оқушыларын компьютерлермен, интернетпен қамтамасыз ету сұрақтарына жауапты

- НОБД жұмысын ұйымдастырушы

- өз лауазымы міндеттеріне байланысты мектеп бойынша бұйрықтар мен ұйғарымдардың жобаларын дайындайды

- кезекші әкімшілік міндетін атқарады

Руководитель МО Аширбекова Айнур Сарсембаевна
Руководитель МО Аширбекова Айнур Сарсембаевна

Көркем еңбек мұғалімі, санаты педагог-модератор, еңбек өтілі 13 жыл

Абжатова Гульдана Кинаятовна
Абжатова Гульдана Кинаятовна

Абжатова Гульдана Кинаятовна– биология пәні мұғалімі

Білімі:  жоғары

Біліктілік санаты: Педагог -модератор

Жұмыс өтілі: 5 жыл

Жетістіктері:

  • 2024 жыл Педагогикалық шеберлік облыстық конкурсы III орын иегері.
  • 2023 жыл Инновациялық өнім қалалық конкурсының III орын иегері.
  • 2024 жыл Үздік оқу- әдістемелік құрал III орын иегері.
Канашев Мурат Қабыкенұлы
Канашев Мурат Қабыкенұлы

Канашев Мурат Қабыкенұлы  – дене шынықтыру мұғалімі

Білімі:  жоғары

Біліктілік санаты: Педагог -зерттеуші

Педагогикалық еңбек өтілі: 17 жыл

Жетістіктері:

  • 2017 жыл – Облыстық мектеп оқушылары арасында өткен турнирге шәкірттерді дайындап, қатыстырудағы еңбегі үшін (Асық ату, Iорын) Облыс білім беру басқармасының Алғыс хатының иегері.
  • 2018жыл- Дене тәрбиесі мен спорттың дамуына, оқушы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда зор үлес қосқаныүшінБілім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының Құрмет грамотасының иегері.
  • 2021 жыл – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мұғалімдері арасындағы волейболдан облыстық турнирінің команда қатысушысы  (Iорын).
  • 2023 жылы – Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Облыстық білім беру басқармасының Алғыс хатының иегері.
  • 2024 жыл – ҚР Ұлттық Баскетбол федерациясының төрешілерге, жаттықтырушыларға арналған Республикалық семинарының қатысушысы.
  • 2024 жыл – оқушысы «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының облыстық кезең жеңімпазы (III орын).
  • 2022 - 2025 жылдар – Ә.Марғұлан ат. Павлодар педагогикалық институтының Дене шынықтыру мамандығы бойынша студенттерге білікті жетекші-тәлімгер болуы.

Оқушылардың жетістіктері:

  • 2014-2019 жылдар – қалалық спартакиада бағдарламасымен футбол, мини-футбол жарыстарының жүлдегерлері.
  • 2016-2018 жылдар – мектеп оқушылары арасындағы асық ату бойынша жарысының I, II, IIIорын жеңімпаздары.
  • 2018-2024 жылдар – жеңіл атлетика жарысы бойынша қалалық спартакиаданың       I, II, IIIорын жеңімпаздары.
  • 2020 жыл – облыстық гир спортының II, IIIорын жеңімпаздары.
  • 2021 жыл – садақ ату бойынша ашық қалалық біріншілігінің Iорын иегері.
  • 2021-2025жылдар – қалалық кешенді спартакиада бағдарламасының баскетбол,  жарыстарының I, II, IIIорын жеңімпаздары.
Ахметова Райхан Нурсабитовна - биология пәнінің мұғалімі
Ахметова Райхан Нурсабитовна - биология пәнінің мұғалімі
Білімі: жоғары
Санаты:педагог-зерттеуші
Еңбек өтілі: 37 жыл
Илькова Людмила Федоровна
Илькова Людмила Федоровна

Стож 6 лет, без категории, образование высшее

Алакбаева Гиза Тергемесовна
Алакбаева Гиза Тергемесовна
Образование высшее
1 категория
КАЙДАГУЛОВА ДАМКЕН САЛАХИДЕНҚЫЗЫ - ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
КАЙДАГУЛОВА ДАМКЕН САЛАХИДЕНҚЫЗЫ - ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Білімі: жоғары

Санаты: педагог-зерттеуші

Еңбек өтілі: 26 жыл 

Ольга Александровна Никифорова
Ольга Александровна Никифорова

Жоғары санатты география  мұғалімі,еңбек өтілі34 жыл.

ОҒҰ бағдарламасының бірлескен авторы, Мәскеу қаласының  «Бірінші қыркүйек» Педагогикалықклубының мүшесі.Зияткерлер сайысының жүлдегерлерін дайындады: халықаралық «Сәтбаевоқулары» сайсының (2012-2014 ), республикалық «Туған өлкеңді зерделеу– ғылым жолы» сайысының (2012-2014 жж.), «Менің Отаным - Қазақстан» атты аймақтық мектеп оқушыларының ғылыми-тәжірибелік  жұмыстарының сайысы.                                       

Оқушылардың зерттеушілік жұмысын дамытқаны үшін қалалық білім беру бөлімінің алғыс хатымен марапатталған.                                                 

Сламханова Алима Нурлыбековна - физика пәні мұғалімі
Сламханова Алима Нурлыбековна - физика пәні мұғалімі
Білімі: жоғары
Санаты: педагог-сарапшы
Еңбек өтілі: 11 жыл
Абишева Назгуль Еркебуланкызы
Абишева Назгуль Еркебуланкызы

Білімі: жоғары

Санаты: педагог

Еңбек өтілі: 3 жыл

Сагымбекова Алтынай Жанатовна
Сагымбекова Алтынай Жанатовна
Білімі: жоғары
Санаты: педагог-модератор
Еңбек өтілі: 16 жыл