ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ АУҚЫМДЫ БАЛАЛАР ШЕРУІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту бағдарламасы шеңберінде қалада ең жарқын және есте қаларлық көріністерге ие балалық шақтың мерекесі - балалар шеруін өткізу жоспарлануда. Кең ауқымды тартымды шараның мақсаты - оқушылардың салтанатты, көше-фестивалі шерулерін қолдау және дамыту, балалардың музыкалық мәдениеті деңгейін арттыру. Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептерде барабаншылар, черлидершілер, мажореткалар жасақтарының, би ұжымдарының шеруге дайындық жұмыстары басталды. Шеруге № 9, 22, 24, 25, 29, 34, 36, 37, 39, 41 жалпы білім беретін мектептердің 1000-нан астам оқушылары қатысуды жоспарлауда. Балалар мен жастардың музыкалық оркестрінің салтанатты шеруі алғаш рет 2017 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде 1000-нан астам қала мектептері оқушыларының қатысуымен өткізілді.