Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біздің мектеп туралы

TUWjf6MBZLI

Жалпы мектепте 51 оқу кабинеттері бар, оның ішінде 6 жаңа буын кабинеттері (физика - 2, химия - 2, биология - 2), 4 кабинет ағылшын тіліне арналған, информатика және мультимедиялық кабинеттері екеуден беріліп отыр, 1 алғашқы әскери даярлық кабинеті бар, 426 орындыққа арналған тамақтану орны-асхана, 420 орындыққа арналған акты залы, 60,94 шаршы метрлі музыка кабинеті, медиатекасымен бірге кітапхана оқу залымен, 3 технологиялық шеберхана (матаны және металды, ағашты өңдейтін), көлемі 552,32 шаршы метрден тұратын спорттық зал, медициналық кабинет педиатор және ем-шара мен ине салу (екпе) кабинеттерінен тұрады, осыған қоса стоматология, психолог пен логопед кабинеттері қарастырылған.

UMa7FiB2Haw

Негізгі пән кабинеттері қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталған, жалпы мектепте 51 оқу кабинеттері бар, физика, биология, химия пәндері кабинеттері арнайы мамандандырылған жабдықтармен қамтылған, 7 кабинет ағылшын тілі пәнін оқытуға арналып отыр, информатика және мультимедиялық кабинеттері екеуден беріліп отыр, 1 алғашқы әскери даярлық кабинеті бар.

Мектепте қыздарға арналған матаны және технологияны өңдеу бойынша және ұлдарға арналған металды, ағашты және технологияны өңдейтін, сонымен қатар технологияны оқытудың арнайы құрал-саймандарымен жабдықталған кабинеттер, сонымен қатар 420 орындыққа арналған акты залы, 60,94 шаршы метрлі муыка кабинеті, медиатекасымен бірге оқу залы, кітапхана, аз қимылды қажет ететін ойындарға арналған 115,22 шаршы метрлі ойын залы орналастырылған.

Спорттық зал дене шынықтыруды дамыту үшін әр түрлі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған, көлемі 552,32 шаршы метрден тұрады.

RIZHaaK6oc0

Компьютер кабинеті оқушыларға арналған екі информатика және екі мультимедиа кабинеті 73 компьютерден тұрады, лазерлік принтермен қамтамасыз етілген.

ZQV7Og0_rZs

Медициналық кабинет педиатор және ем-шара мен ине салу (екпе) кабинеттерінен тұрады, осыған қоса стаматология, психолог пен логопед кабинеттері қарастырылған.

Асхана 426 орындыққа арналған тамақтану орны, қазіргі заманға сай технологиялық құрал-жабдықтармен: тамақ пісіретін электрлі екі данадан тұратын плита қазандары, ыстық сусындар және І-ші, ІІ-ші тамақтарға арналған электрлі мармиттар, тамақ қуырғыш электрлі шкафы, кешенді тоңазытқыш құралдары мен тоңазытқыш шкафтары, нан кесетін, ет тартатын, қамыр илейтін, көкөніс және жеміс-жидектерді жай кесетін және көкөніс және жеміс-жидектерді үгіп кесетін, картофель аршитын, асханаға арналған кешенді автомат машиналары, етті шабуға арналған қалып, ыдысты жуатын ванналар, ыдыстарға және нанды сақтауға арналған шкафтар, азық-түлік қоюға арналған арнайы ағаштар, 300 кг –дық электрлі және 10 кг –дық механикалық таразылар, ыдыстарды жуатын автоматтық машина, өнеркәсіптік және қалдықтарға арналған үстелдер, қолмен тиеп жүк сүйрейтін арба, асхана құралдарына арналған сөрелермен жабдықталған.

Спорттық ойындар мен жеңіл атлетикаға арналған алаңы және гимнастикалық қалашығы ойнауға арналған сары құм, көлеңке шатыры, қолмен ойнайтын доп және футбол, хоккей қақпасымен, дисктерді лақтыруға арналған торлармен, тартылғыш, шайқалатын әткеншек, тартылып шығатын арнайы тұрақ, волейбол және баскетбол тұрақтары, шведтік және гимнастикалық қабырғалармен жабдықталған.

Мектеп аумағының көріктендірілуі: көше бетондық асфальтпен тегістеліп жабылады, тротуарлардың барлығы арнайы тастармен тегістелінеді. Аула мынадай өсімдіктермен: кәдімгі шырша ағашы, күлтелі аққайың ағашы, пирамидалды ақтерек ағашы, кәдімгі шетен ағашы, кәдімгі мойыл, алтын түсті жабайы қарақат, қараағаш, көпжылдық гүлзар, көгал алаңдарымен жасылдандырылған.