Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 155
Любовь к детям - 136
Блестящее знание предмета - 73
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 436
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң м.а. 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 21 қаңтарда № 8287 тiркелдi

 

"Егемен Қазақстан" 20.02.2013 ж. № 71 (28010); "Казахстанская правда" от 20.02.2013 г. № 63-64 (27337-27338)


 

      «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментi (Ж.А. Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бiлiм және ғылым вице-министрi М.Ә. Әбеновке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдiң мiндетiн
      атқарушы                                           М. Орынханов

Қазақстан Республикасы  
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2013 жылғы 4 қаңтардағы  
№ 1 бұйрығымен      
бекiтiлген        

Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ

      1. Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi осы нұсқаулық (бұдан әрi – Нұсқаулық) 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
      2. Нұсқаулық Кембридж университетiнiң Бiлiм беру факультетiмен бiрлесiп, «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» дербес бiлiм беру ұйымының Педагогикалық шеберлiк орталығы (бұдан әрi – «НЗМ» ДББҰ ПШО) дайындаған үшiншi (базалық), екiншi (негiзгi), бiрiншi (iлгерi) деңгейлердегi (бұдан әрi – Курстар) оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы педагог кадрларының бiлiктiлiгiн арттырудың деңгейлi бағдарламаларының курстарына iрiктеудiң және қабылдаудың тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      1) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру – бұрыннан алған кәсiби бiлiмiн, үйрете бiлуi мен дағдысын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге мүмкiндiк беретiн кәсiби оқыту формасы;
      2) сертификатталған тренер – Кембридж университетiнiң Бiлiм беру факультетiмен бiрлесе отырып, «НЗМ» ДББҰ ПШО дайындаған деңгейлi бағдарламалар бойынша оқытудан өткен және Кембридж университетiнiң Халықаралық емтихан кеңесiнiң сертификатын алған педагог қызметкер.
      4. Курстарды Қазақстан Республикасының мынадай бiлiм беру ұйымдары өткiзедi:
      1) үшiншi (базалық), екiншi (негiзгi), бiрiншi (iлгерi) деңгейлердегi бағдарламалары бойынша – «НЗМ» ДББҰ ПШО және оның филиалдары;
      2) үшiншi (базалық), екiншi (негiзгi) деңгейлердегi бағдарламалары бойынша – «Өрлеу» бiлiктiлiктi арттыру ұлттық орталығы» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi «Өрлеу» БАҰО» АҚ), және оның «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Республикалық бiлiм беру жүйесi басшылығы мен ғылыми-педагогикалық кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру институты» филиалы;
      3) үшiншi (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары.
      5. Бiрiншi (iлгерi) деңгейдегi курстардың ұзақтығы кемiнде 464 сағатты құрайды:
      1) аудиториялық оқыту – кемiнде 200 сағат;
      2) мектептегi тәжiрибе – кемiнде 144 сағат;
      3) аудиториялық оқыту – кемiнде 120 сағат.
      Екiншi (негiзгi) деңгейдегi курстардың ұзақтығы кемiнде 440 сағатты құрайды:
      1) аудиториялық оқыту – кемiнде 160 сағат;
      2) мектептегi тәжiрибе – кемiнде 120 сағат;
      3) аудиториялық оқыту – кемiнде 160 сағат.
      Үшiншi (базалық) деңгейдегi курстардың ұзақтығы кемiнде 416 сағатты құрайды:
      1) аудиториялық оқыту – кемiнде 160 сағат;
      2) мектептегi тәжiрибе – кемiнде 96 сағат;
      3) аудиториялық оқыту – кемiнде 160 сағат.
      6. Курстың бiр академиялық сағаты 45 минутты құрайды.
      7. Курсты тиiстi деңгей бойынша Кембридж университетi сарапшыларының қатысуымен «НЗМ» ДББҰ ПШО даярлаған сертификатталған тренерлер жүргiзедi.
      8. Сертификатталған тренерлер құрамы бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның тiзiмдерi мен «НЗМ» ДББҰ тiзiмi негiзiнде құрылады.
      9. Курсқа оқуға үмiткер педагог кадрларға осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетiлген талаптар белгiленедi.
      10. Курсқа оқуға үмiткер педагог қызметкер бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық кеңесiнiң қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiшi;
      2) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы педагог кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру курсына сауалнама;
      3) жекебас куәлiгiнiң көшiрмесi;
      4) жұмыс орнынан лауазымы мен педагогикалық жұмыс өтiлi көрсетiлген анықтама;
      5) оқу мен қоғамдық өмiрдегi табыстарын айғақтайтын грамота, дипломдардың, сертификаттар мен басқа да құжаттардың (егер олар бар болса) көшiрмелерi.
      11. Бiлiм беру ұйымының педагогикалық кеңесi:
      1) жыл сайын 20 қыркүйекке дейiн осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетiлгендей, Курста оқуға үмiткер педагог қызметкерлердiң өтiнiштерiн қарайды;
      2) жыл сайын 1 қазанға дейiн осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес бiлiктiлiктi арттыру курстарына педагог кадрларды жолдау туралы Хаттама (бұдан әрi – Хаттама) рәсiмделiп, педагог кадрларды курсқа жолдау туралы шешiмдi аудандық (қалалық) бiлiм беру ұйымдарына келiсуге ұсынады.
      12. Аудандық (қалалық) бiлiм беру бөлiмi Хаттаманы жыл сайын 1 қарашаға дейiн қарайды және хаттамамен рәсiмделген тыңдаушылардың тiзiмдерiн Осы Нұсқаулықтың 14-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген бiлiм беру ұйымдарын қоспай, облыстық және Астана мен Алматы қалаларының бiлiм беру басқармаларына бекiтуге жолдайды.
      13. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм беру басқармалары жыл сайын 15 қарашаға дейiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органға бiлiм алушылардың бекiтiлген тiзiмiн жолдайды.
      14. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын 30 қарашаға дейiн Курста оқуға үмiткер педагог кадрлардың тiзiмдерiн (бұдан әрi – Тiзiм) бекiтедi және оны «НЗМ» ДББҰ ПШО-ға және «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ға (бұдан әрi – Ұйымдар) жолдайды:
      1) облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм беру басқармалары бекiткен Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беру ұйымдары;
      2) бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық кеңесi бекiткен орта бiлiм беретiн республикалық жалпы бiлiм беру ұйымдары;
      3) «НЗМ» ДББҰ бекiткен Назарбаев Зияткерлiк мектептерi.
      15. Ұйымдар кезектi күнтiзбелiк жылдың басында Курстарды өткiзудi бастайды.
      16. Курсқа тыңдаушыларды тiркеу Тiзiмдер негiзiнде Ұйымдардың бiрiншi басшыларының бұйрығымен рәсiмделедi.
      17. Курста оқудан өту кезеңiнде тыңдаушыларға тиiстi қаржы жылындағы республикалық бюджетте қарастырылған қаражат көлемiнде Стипендия төленедi.
      18. Стипендия төлеу үшiн негiздеме Курсқа тiркеу туралы Ұйымның бұйрығы болып табылады.
      19. «НЗМ» ДББҰ ПШО мен оның филиалдары үшiн стипендия мөлшерiн «НЗМ» БДДҰ Қамқоршылық кеңесi бекiтедi.
      20. «Өрлеу» БАҰО» АҚ мен оның филиалдары үшiн стипендия мөлшерiн «Өрлеу» БАҰО» АҚ Директорлар кеңесi бекiтедi.
      21. Стипендия төлеу шарттарын Ұйым дербес бекiтедi.
      22. Курстарды аяқтауы бойынша «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық өлшемдер орталығы (бұдан әрi – «НЗМ» ДББҰ ПӨО) бiлiм алушыларға қорытынды бағалауды:
      1) Курста оқу кезеңiнде дайындалған портфолио;
      2) қашықтықтан оқыту кезеңiнде Ұйымда өткiзiлген сабақтар негiзiнде дайындалған таныстырылымдар;
      3) тестiлеу түрiнде бiлiктiлiк емтиханын тапсыруды (жазбаша түрде) жүргiзедi.
      23. Қорытынды бағалаудың нәтижесi бойынша «НЗМ» ДББҰ ПӨО сертификаттауға ұсынылған тыңдаушылардың тiзiмiн белгiлейдi және оны Ұйымға жолдайды.
      24. Курстан өткен және бiлiктiлiк емтихандарын жақсы тапсырған тыңдаушыларға Ұйымдар тиiстi деңгейдегi бағдарламалар бойынша сертификаттар бередi:
      1) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысанда үшiншi (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша;
      2) осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысанда екiншi (негiзгi) деңгей бағдарламасы бойынша;
      3) осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысанда бiрiншi (iлгерi) деңгей бағдарламасы бойынша.
      25. Сертификат бағдарламаның тиiстi деңгейi берiлгендiгiн растайды және берiлген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолданысқа енедi. Көрсетiлген мерзiмнiң өтуi бойынша бiлiм алушы қайталау Курсынан өтпей-ақ «НЗМ» ДББҰ ПӨО-ға бiлiктiлiк емтиханын тапсыру жолымен бағдарлама деңгейiн растайды.
      26. Сертификатқа Курсты өткiзген Ұйымның басшысы қол қояды.
      27. Сертификат ала алмаған Курстың тыңдаушыларына мынадай мүмкiндiктер берiледi:
      1) өз қаражаты есебiнен бiлiктiлiк емтихандарын қайта тапсыруға, бiрақ қайталау Курстарынан өту бiр жылда бiр реттен артық емес;
      2) белгiлi себептерге байланысты растайтын құжаттарын ұсына отырып, үзiлген Курстарды аяқтауға.
      28. Оқудан шығарылған тыңдаушыларға Ұйым басшысының бұйрығына сәйкес және Ұйым құрған Курста бiлiм алушылардың өтiнiмi мен арыз-шағымдарын қарау жөнiндегi Комиссия шешiмiмен Ұйымға келтiрiлген шығындарды өтеу жүргiзiледi.

Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн
арттыруды ұйымдастыру    
жөнiндегi нұсқаулыққа    
1-қосымша           

Бiлiктiлiктi арттыру курсына жiберiлетiн педагог кадрларға қойылатын
ТАЛАПТАР

Үшiншi (базалық) деңгей

Талаптар

1

Педагогикалық өтiлi үш жылдан кем емес жоғары педагогикалық бiлiм, педагогикалық өтiлi бес жылдан кем емес техникалық және кәсiптiк (орта кәсiптiк) бiлiм

2

Мектептiк, аудандық (қалалық) деңгейдегi кәсiби конкурстарға қатысу нәтижелерi

3

Мектептiк, аудандық (қалалық) деңгейдегi пәндiк олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жеңiмпаздарын, жүлдегерлерiн (қатысушылар есебiнен) дайындау

4

Оқу-тәрбие үдерiсiнде инновациялық әдiстемелердi бiлу және қолдану

5

Аудандық (қалалық) конференциялар, семинарлар, форумдар және т.б. өткiзу және дайындық барысында жұмыс тәжiрибесiн тарату (басылымдар, жинақтар, құралдар, ұсынымдар, көрме материалдары)

6

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрi – АКТ) саласындағы: MS Windows, MS Office, Internet, соның iшiнде электрондық поштаның базалық бiлiмiн игеру

Екiншi (негiзгi) деңгей

Талаптар

1

Педагогикалық өтiлi бес жылдан кем емес жоғары педагогикалық бiлiм, педагогикалық өтiлi жетi жылдан кем емес техникалық және кәсiптiк (орта кәсiптiк) бiлiм

2

Аудандық (қалалық), облыстық деңгейдегi кәсiби конкурстарға қатысу нәтижелерi

3

Аудандық (қалалық), облыстық деңгейдегi пәндiк олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жеңiмпаздарын, жүлдегерлерiн (қатысушылар есебiнен) дайындау

4

Оқу-тәрбие үдерiсiнде инновациялық әдiстердi бiлу және қолдану

5

Әдiстемелiк құралдарды және оқу бағдарламаларын әзiрлеу немесе әзiрлеуге қатысу

6

Облыстық (республикалық) конференциялар, семинарлар, форумдар және т.б. дайындау және өткiзу барысында жұмыс тәжiрибесiн тарату (басылымдар, жинақтар, құралдар, ұсынымдар, көрме материалдары)

7

АКТ технологияларын, MS Windows, MS Office, электрондық пошта, интернет сервистерi саласындағы бiлiмдердi меңгеру

Бiрiншi (iлгерi) деңгей

 

Талаптар

1.

Педагогикалық өтiлi жетi жылдан кем емес жоғары педагогикалық бiлiм, педагогикалық өтiлi тоғыз жылдан кем емес техникалық және кәсiптiк бiлiм (орта кәсiптiк)

2.

Аудандық (қалалық), облыстық, республикалық (халықаралық) деңгейдегi кәсiби конкурстарға қатысу

3.

Аудандық (қалалық), облыстық, республикалық (халықаралық) деңгейдегi пәндiк олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жеңiмпаздарын, жүлдегерлерiн дайындаушылар

4.

Оқу-тәрбие үдерiсiнде инновациялық әдiстемелер мен педагогикалық технологияларды қолдану

5.

Әдiстемелiк құралдар мен оқу бағдарламаларын әзiрлеу немесе әзiрлеуге қатысу

6.

Педагогикалық басылымдардағы жарияланымдар

7.

Республикалық (халықаралық) конференциялар, семинарлар, форумдар және т.б. дайындау және өткiзу барысында жұмыс тәжiрибесiн тарату (басылымдар, жинақтар, құралдар, ұсынымдар, көрме материалдары)

8.

Жас педагогтер үшiн тәлiмгер болып табылатын аудандық, облыстық (қалалық), халықаралық деңгейдегi оқыту семинарларын, тренингтер өткiзу

9.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, MS Office, электрондық пошта, Internet қызметi саласындағы бiлiмдi озық пайдаланушы деңгейiнде меңгеру. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жеткiлiктi жоғары деңгейдегi функционалдық сауаттылығының бар болуы, кәсiби, әлеуметтiк және жеке мiндеттердi шешу үшiн бiлiм беру қызметiнде АКТ негiздi қолдану

      Ескерту: ұсынылған талаптарға сай болу, ол мысалы мынадай құжаттармен бекiтiлуi мүмкiн: ұсыным хаттар, сараптамалық қорытындылар, алқа органдарының шешiмдерi, өткiзiлген ашық сабақтарды талдау және бағалаудың материалдары мен нәтижелерi, тәжiрибенi қорыту бойынша материалдар, қатысушылардың жетiстiктерi мен прогрестерiн растайтын құжаттамалар, сауалнама жүргiзудiң және бақылаудың нәтижелерi, әдiстемелiк бiрлестiктермен, сонымен қатар ғылыми, пәндiк, бос уақыттағы үйiрмелер басшылары растайтын материалдар.

Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн
арттыруды ұйымдастыру    
жөнiндегi нұсқаулыққа    
2-қосымша          

нысан

                                           Оқу орнының басшысына
                                           аты-жөнi, тегi
                                           Тегi _____________________
                                           Аты ______________________
                                           Әкесiнiң аты _____________
                                           Лауазымы _________________

ӨТIНIШ

      Мен, ________________________________ Қазақстан Республикасының
                    аты-жөнi, тегi
педагог қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру аясындағы ______________
тiлiнде оқытылатын .......топта деңгейлiк бағдарлама бойынша ________
деңгейдегi курсқа қатысу үшiн менiң кандидатурамды қарастыруыңызды
сұраймын.

      ______________________

      «____» _______________

                  (қолы)                         (өтiнiш берген күнi)

Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн
арттыруды ұйымдастыру    
жөнiндегi нұсқаулыққа    
3-қосымша          

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн
арттыру курстарына қатысу
САУАЛНАМАСЫ

Аты-жөнi, тегi

 

Туған күнi, айы, жылы

 

Лауазымы

 

Бiлiмi

 

Бiлiктiлiк санаты
(жарамдылық мерзiмi)

 

Жалпы еңбек өтiлi

 

Педагогикалық еңбек өтiлi

 

Курстарда оқу тiлi

 

Ақпараттық технологияларды меңгеруi

 

Жарияланымдары
(тақырыптары)

 

Тұратын мекенжайы

 

Байланыс телефондары

 

e-mail

 

Алдындағы бiлiктiлiк арттыру курстары

Курс түрлерi және тақырыбы

Өткiзiлген орны

Курстың ұзақтығы

       
       
       

Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн
арттыруды ұйымдастыру    
жөнiндегi нұсқаулыққа    
4-қосымша          

                               Аудандық (қалалық) бiлiм беру бөлiмiне

Бiлiктiлiктi арттыру курсына педагог кадрларды жiберу туралы
ХАТТАМА

      Педагогикалық кеңестiң 20__ жылғы «___» ______________ № ______
шешiмiне сәйкес _____________________________________________________
                              (жолдаушы ұйымның атауы)
      _____ деңгейдегi бағдарлама бойынша 201__ жылғы ________ бастап
__________________ аралығындағы мерзiмге бiлiктiлiктi арттыру курсына
_____________________________________________________________________
      (Қосымша бiлiм беретiн оқу бағдарламасын жүзеге асыратын
                            мекеменiң атауы)
_____________________________________________________ жолдама бередi.
                 (аты-жөнi толығымен)

_______________________________________________  ____________________
           Жiберетiн ұйымның басшысы                (Қолы) МО Күнi
_______________________________________________  ____________________
Аудандық (қалалық) бiлiм беру бөлiмiнiң басшысы     (Қолы) МО Күнi
_______________________________________________  ____________________
     Облыстық, Астана және Алматы қалалары          (Қолы) МО Күнi
      бiлiм беру басқармаларының басшысы

Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн
арттыруды ұйымдастыру    
жөнiндегi нұсқаулыққа    
5-қосымша          

нысан

      ПЕДАГОГ                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      КАДРЛАРДЫҢ                   БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
      БIЛIКТIЛIГIН                   МИНИСТРЛIГI
      АРТТЫРУ                  МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ
      ДЕҢГЕЙЛI                         И НАУКИ
      БАҒДАРЛАМАЛАРЫ             РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
                    УРОВНЕВЫЕ
                    ПРОГРАММЫ
                    ПОВЫШЕНИЯ
                    КВАЛИФИКАЦИИ
                    ПЕДАГОГИЧЕСКИХ
                    КАДРОВ

СЕРТИФИКАТ
_______________________________

Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының бiлiктiлiгiн
арттырудың деңгейлi
бағдарламалары аясында үшiншi
(базалық) деңгей бағдарламасы
бойынша мұғалiмдердi оқыту
курстарын аяқтады

окончил(а) курсы обучения
учителей по программе третьего
(базового) уровня в рамках
уровневых программ повышения
квалификации педагогических
кадров Республики Казахстан

Ұйымның атауы _______________________________________________________
Наименование организации

Ұйымның жетешiсi ____________________________________________________
Руководитель организации
                                                           Ш № 000000
                                                           III
Берiлген күнi: 20__ ж. “__” _______ Дата выдачи: “__” _______ 20__ г.

Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн
арттыруды ұйымдастыру    
жөнiндегi нұсқаулыққа    
6-қосымша          

нысан

      ПЕДАГОГ                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      КАДРЛАРДЫҢ                   БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
      БIЛIКТIЛIГIН                   МИНИСТРЛIГI
      АРТТЫРУ                  МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ
      ДЕҢГЕЙЛI                         И НАУКИ
      БАҒДАРЛАМАЛАРЫ             РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
                    УРОВНЕВЫЕ
                    ПРОГРАММЫ
                    ПОВЫШЕНИЯ
                    КВАЛИФИКАЦИИ
                    ПЕДАГОГИЧЕСКИХ
                    КАДРОВ

СЕРТИФИКАТ
_______________________________

Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының бiлiктiлiгiн
арттырудың деңгейлi
бағдарламалары аясында екiншi
(негiзгi) деңгей бағдарламасы
бойынша мұғалiмдердi оқыту
курстарын аяқтады

окончил (а) курсы обучения
учителей по программе второго
(основного) уровня в рамках
уровневых программ повышения
квалификации педагогических
кадров Республики Казахстан

Ұйымның атауы _______________________________________________________
Наименование организации

Ұйымның жетешiсi ____________________________________________________
Руководитель организации
                                                          II № 000000
                                                          II
Берiлген күнi: 20__ ж. “__” _______ Дата выдачи: “__” _______ 20__ г.

Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн
арттыруды ұйымдастыру    
жөнiндегi нұсқаулыққа    
7-қосымша          

нысан

      ПЕДАГОГ                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      КАДРЛАРДЫҢ                   БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
      БIЛIКТIЛIГIН                   МИНИСТРЛIГI
      АРТТЫРУ                  МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ
      ДЕҢГЕЙЛI                         И НАУКИ
      БАҒДАРЛАМАЛАРЫ             РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
                    УРОВНЕВЫЕ
                    ПРОГРАММЫ
                    ПОВЫШЕНИЯ
                    КВАЛИФИКАЦИИ
                    ПЕДАГОГИЧЕСКИХ
                    КАДРОВ

СЕРТИФИКАТ
_______________________________

Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының бiлiктiлiгiн
арттырудың деңгейлi
бағдарламалары аясында бiрiншi
(iлгерi) деңгей бағдарламасы
бойынша мұғалiмдердi оқыту
курстарын аяқтады

окончил (а) курсы обучения
учителей по программе первого
(продвинутого) уровня в рамках
уровневых программ повышения
квалификации педагогических
кадров Республики Казахстан

Ұйымның атауы _______________________________________________________
Наименование организации

Ұйымның жетешiсi ____________________________________________________
Руководитель организации
                                                           I № 000000
                                                           I
Берiлген күнi: 20__ ж. “__” _______ Дата выдачи: “__” _______ 20__ г.