Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Алдыңғы педагогикалық іс-тәжірибе

     Мектебіміз 2005 жылдан бастап «Қызмет ету және қоғам» халықаралық бағдарламасын қолдана отырып, «Қоғамға қызмет ету» жобасы негізінде жұмыс істей бастады. Аталмыш жобаны игеру оқушыларды өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған ортаны, табиғатты бағалай білуге, оларға дұрыс қарауға, қоғамға пайда келтіруде маңызы зор. Қазақ тілін оқытудың өзекті мәселесі – оқушыларды қазақ тілінде сөйлету, білік дағдыларын қалыптастыру, тілдік білім жүйесін қазақ халқының, рухани және материалдық мәдениеті, тұрмысын таныту негізінде тілге қызығушылығын арттыру.

     Жалпы қоғамға пайда келтіруге негізделген білім беру жүйесі адам мен қоршаған әлем арасында үйлесімділік жасайтын болады. Оны оқып үйрену, өмірге енгізу – бүгінгі өмірдің негізгі мәселесі.

     «Қоғамға қызмет ету» жобасы арқылы оқушыларға интеллектуалды ақпарат береміз, екінші жағынан, ақпарат беру үрдісінде сөздік қорын молайтамыз. Бұл екі бағыттағы жоспар бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі, оқушылар сөйлеу жағдаятына келеді.