Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата-аналар назарына
Жалпақ табанның (май табан) алдын алу
 
     Жалпақ табан— адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі. Табан ойысының жалпаюына байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлай жалпақ табан болып ажыратылады. Біріншісінде табанғааяқтың 5 бақайшақ сүйегінің алдыңғысы ғана тірек болып, еденге (жерге) табанның басы ғана тимей тұрады. Ал екіншісінде аяқты басқанда, табан толықтай еденге тиеді, ал ондай жағдайда табан ойысының белгісі де қалмайды.
Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан. Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.), ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б. жарақаттануынан болады.
 
Жалпақ табанның (май табан) алдын алдын алу жаттығулар
Бірінші жаттығу:
Түзу ұсталған аяқпен отырып, тізе мен өкшені қосады да оң жақ табанды қатты иіп, сол жақ табанның алдыңғы жағын көтереді. Бұдан соң аяқтарды ауыстырып, жаттығуды қайталайды.
Оң жақ аяқ табанының ішкі жиегімен және өкше бетімен сол жақ балтырды сипайды, аяқтарды ауыстырып, қайталайды. 
Екіншіжаттығу:
Орындықтаотырып:
•    Табан саусақтарын ию.
•    Табандарды ішке қарату.
•    Табандарды ішке қарай айналдыру.
•    Екі табанмен допты ұстап, көтеру.
•    Аяқ саусақтарымен қарындашты ұстап, көтеру.
•    Аяқ саусақтарымен губканы ұстап, көтеру.
•    Аяқ саусақтарымен жұқа кілемшені тарту.
•   Табанмен оқтауды немесе диаметрі 5-7 см таяқты айналдыру керек.
Үшінші жаттығу:
Аяқтың ұшымен, табандар қатар тұрады:
•  Құммен немесе поролон кілемшемен саусақтарды бүгіп, табанның сыртқы жағына сүйеніп, жалаң аяқ жүру. 
• Шабылған шөптің үстімен табанның сыртқы жағына сүйеніп, жалаң аяқ жүру керек.
Ескерту:  Аталған жаттығулардың барлығы жалаң аяқ орындалады және әрқайсысын кемінде 8-12 реттен қайталау керек.

 

Ата - аналардың өзін-өзі диагностикалауы

    Бала көбінесе мектепке келгенде ғана алғашқы рет психологпен кездесетінін ескере келіп, қарапайым байқау мен жауаптардың нәтижесінде өзін өзі тексеруге болатын, американдық психолог Джеральдина Чейни әзірлеген сұрақтарды ұсынамыз. Ата-аналар мұны өздері де жүргізе алады.

Таным дамуын бағалау

  1. Бала негізгі ұғымдарды меңгерді ме, мысалы оң (сол), үлкен (кіші) т.б.?
  2. Жіктеудің ең жеңіл түрлерін бала түсінуге қабілетті ме, мысалы, дөңгелейтін заттар, дөңгелемейтін заттар?
  3. Қарапайым оқиғалардың соңын шеше ала ма?
  4. Бала кем дегенде үш нұсқауды есінде сақтап, орындай ала ма?
  5. Бала алфавиттің бас және кіші әріптерінің көпшілігін атай ала ма?

Баланың негізгі тәжірибесін бағалау

  1. Балаңыз сізбен бірге поштаға, жинақ кассасына, магазинге барды ма?
  2. Балаңыз кітапханада болды ма?
  3. Балаңыз ауылда, хайуанаттар паркінде, мұражайда болып көрді ме?
  4. Сіздің балаңызға үнемі кітап оқып немесе әңгімелер айтып беретін мүмкіншілігіңіз болды ма?
  5. Балаңыз бір нәрсеге аса қызығушылық байқата ма, сүйікті ісі (хобби) бар ма?

Тіл дамуын бағалау

  1. Балаңыз өзін қоршаған негізгі заттарды атай ала ма?
  2. Үлкендердің сұрағына жауап беру балаңызға оңай тие ме?
  3. Әр түрлі заттардың : щетканың, шансорғыштың, тоңазытқыштың қандай қызмет ететінін балаңыз түсіндіре ала ма?
  4. Балаңыз заттың қайда тұрғанын: үстелдің үстінде немесе үстелдің астында тұрғанын түсіндіре ала ма?
  5. Өзімен болған оқиғаны немесе әңгімені айтып беруге балаңыздың шамасы келе ме?
  6. Балаңыз сөзді анық айта ма?
  7. Грамматика тұрғысынан балаңыздың тілі дұрыс па?
  8. Жалпы әңгімеге қатысуға, үй спектаклінде ойнауға, бір жағдаятты көрсетуге балаңыздың қабілеті бар ма?

Сезімдік (эмоциональдық) даму деңгейін бағалау

  1. Балаңыз көңілді ме?
  2. Балаңызда бәрін істей алатын өзінің адамдық бейнесі қалыптасқан ба?
  3. Балаңызға қалыпты күн тәртібі өзгергенде басқа жағдайға "ауысу", жаңа мәселені шешу оңайға түсе ме?
  4. Балаңыз өз бетімен жұмыс істей ала ма, бір тапсырманы орындағанда басқа балалармен жарысқа түсуге қабілетті ме?

Қарым-қатынас жасай білуін бағалау

  1. Басқа балалармен ойынға араласа ма, өз ойыншықтарын, т.б. бере ме?
  2. Қажетті жағдайда кезек күте ала ма?
  3. Сөзін бөлмей, өзгелерді тыңдай ала ма?

Дене дамуын бағалау

  1. Балаңыз жақсы ести ме?
  2. Жақсы көреді (көру қабілеті) ме?
  3. Белгілі бір уақыт өткенше тыныш отыруға қабілеті бар ма?
  4. Қозғалыс дағдыларының координациялауы дамыған ба, мысалы, доп ойнай ала ма, секіре ала ма, баспалдақпен жоғары - төмен түсе ала ма?
  5. Баланың қызығушылығы мен сергектігі байқала ма?
  6. Балаңыз дені сау, қарны тоқ, дем алған болып көріне ме?

Көргенін айыра білуі

  1. Балаңыз ұқсас және ұқсас емес заттардың бірдей қасиеттерін таба ала ма? Мысалы, басқаларға ұқсамайтын картинаны таба ала ма?
  2. Балаңыз әріптер мен қысқа сөздерді ажырата ала ма?

Көргенін есте сақтай білуі

  1. Егер үш картинадан тұратын серияны көрсетіп, сосын біреуін алып тастап көрсетсе, біреуінің жетіспейтінін байқай ала ма?
  2. Бала өз атын және тым болмаса күнделікті өмірде кездесетін алты заттың атын біле ме?

Көргенін қабылдай алуы

  1. Баланың картиналардың сериясын дұрыс ретпен қоюға қабілеті бар ма?
  2. Сөздердің солдан оңға қарай оқылатынын біле ме?
  3. Өздігінен , біреудің көмегенсіз он бес элементтен басқатырғыш (головоломка) жасай ала ма?
  4. Балаңыз картинаны түсіндіре ала ма:негізгі ойын, байланыстарын аша ала ма?

Есту қабілетінің деңгейі

  1. Балаңыз сөздерді ұйқастыра ала ма?
  2. Әр түрлі дыбыстардан басталатын сөздерді айыра ала ма? Мысалы: қол - сол
  3. Үлкен адамдардың артынан бірнеше сөз немесе цифр қайталай ала ма?
  4. Балаңыз негізгі ойын жоғалтпай, оқиғалардың ретін сақтап, әңгімелеп бере ала ма?

Кітапқа көзқарасын бағалау

  1. Балаңызда кітапты өзі көргісі келетін ойы бола ма?
  2. Дауыстап оқып бергенде зейін қойып, ынтамен тындай ма?
  3. Сөздер туралы сұрақтар қоя ма?

 

Ал енді, балаңызды мектепке дайындығын өзіңіз тексеріп көріңіз. Ол үшін, балаңыз мектепке барғанда психолог қоятын сұрақтарға жауап беріңіз. Сіздің балаңыз мыналарды орындай ала ма:

  1. Өзіне қажетті нәрсені саусақпен көрсетіп емес, сөздердің көмегімен айта ала ма: кәмпит, куртка, балапан?
  2. Байланыстыра сөйлей ала ма, мысалы "Маған ............ көрсетші"?
  3. Оқып берген нәрсенің ойын (мағынасын) түсіне ме?
  4. Атын анық айта ала ма?
  5. Мекен жайы мен телефонын есте сақтай ма?
  6. Қарындашпен немесе бормен жаза ала ма?
  7. Құрастырылған әңгімеге сурет салып, не суреттелгенін түсіндіріп бере ала ма?
  8. Шығармашылықпен өзін көрсетуге пластилинмен, бояумен, қарындашпен жұмыс істей ала ма?
  9. Ұшы доғал қайшымен өзін жарақаттап алмай, түзу қия ала ма?
  10. Берілген нұсқауларды тыңдап, орындай ала ма?
  11. Біреумен сөйлескенде зейінмен тыңдай ала ма?
  12. Алынған тапсырманы орындау үшін, тым болмаса он минут ойлана ала ма?
  13. Оған дауыстап оқығанда немесе әңгімелегенде қуана ма?
  14. "Мен бәрін де істей алатын адаммын" дегенді дұрыс бағалай біле ме?
  15. Үлкендер тақырыпты ауыстырғанда, бейімделе ала ма?
  16. Өзін қоршаған заттарға қызығушылық таныта ма?
  17. Басқа балалармен тіл табыса ала ма?

Соңында, балаңыз екеуіңіздің қарым - қатынасыңызды бағалайтын келесі сұрақтарға шын көңіліңізбен жауап беріңіз:

  1. Балаңыз өзіңізге ұнай ма?
  2. Балаңыз сөйлегенде тыңдайсыз ба?
  3. Балаңыз сөйлеп тұрғанда, сіз оған қарайсыз ба?
  4. Балаңыздың айтып тұрғанының мәнділігін сездіруге тырысасыз ба?
  5. Баланың сөзін түзейсіз бе?
  6. Балаңызға қателік жасауға рұқсат бересіз бе?
  7. Балаңызды мақтайсыз ба? Құшақтайсыз ба?
  8. Қосылып бірге күлесіз бе?
  9. Күнде балаңызға кітап оқып беруге және әңгімелесуге көңіл бөлесіз бе?
  10. Балаңызбен қосылып әр түрлі ойындар ойнайсыз ба?
  11. Балаңыздың қызығушылығы мен әуестілігін мадақтайсыз ба?
  12. Балаңыздың тым болмаса 1 - 2 жеке кітабы бар ма?
  13. Үйде балаңыздың өзінің бұрышы бар ма?
  14. Газет, журнал,оқып, балаңызға үлгі көрсетуге тырысасыз ба?
  15. Өзіңіз оқыған кітаптың қызықты жерін балаңызбен, отбасымен талқылайсыз ба?
  16. Балаңыз ауызын ашқанша, ол үшін айтып беруге тырысасыз ба:
  17. тіс дәрігерінде;
  18. дүкенде?
  19. Балаңызбен теледидар көресіз бе?
  20. Балаңызға теледидардан көргенінің мағынасы туралы сұрақ қоясыз ба?
  21. Балаңыздың теледидар көретін мүмкіншілігіне шек қоясыз ба?
  22. Балаңыздың шектен шықпай, өз сезімін сыртқа шығару үшін, "бұлшық етін сынауға", мысалы, ойнағанда сазбалшықты қысуға, илеуге, лақтыруға мүмкіндігі бар ма?
  23. Балаңызбен серуенге шығуға тырысасыз ба?
  24. Балаңызды театрға, хаюанаттар бағына, мұражайға апарасыз ба?

Кілт:
Әрбір "үнемі" деген жауапқа өзіңізге 4 ұпай,
"кейде" - 2 ұпай,
"ешқашан" - 0 ұпай.

Барлық ұпайларды қосыңыз. Егер қосынды
88 ұпай болса - тамаша!
44 ұпай - жаман емес.
22 ұпайдан аз болса - ойланыңыз.

 

 

 

  1. Жағдай.«Сенің ойыңда не бар?». Ата-ананың біреуі «бала». Басқалары – «ата-аналар». «Бала» бірдеңеге ренжулі. Не болғанын білу үшін ата-аналар кезекпен сұрақ қояды. Баланың тапсырмасы – үндемей қою, ата-ана балаға әсер ететіндей сұрақ қойып, сөйлетуі тиіс.
  2. Жағдай.«Бәрібір осылай жасаймын». Екі ата-ана «бала». Басқалары – «ата-ана». Балалар жерге отырып алып қағаз жыртады, бәрібір жыртамын деп отырып алады. Балалардың жасаған ерсі қылықтарын тоқтату үшін ата-ана қандай іс-әрекет қолдануы керек?
  3. Жағдай. «Бұл мен емес». Ата-ананың біреуі «бала», қалғандары ата-ана. Бала жаман қылық істеп қойды. Ата-анасы сұраса, бала мойындамайды. Осы жағдайда ата-анасына бала шындықты айтатындай әрекет жасауы керек?
  4. Жағдай. «Мені Олжас ренжітті». Ата-ананың үшеуі «бала»: біреуі «қыз», екеуі «ұл». Балалар кезек-кезек «Мені Олжас ренжітті, не істеймін?» деп шағым жасайды. Ата-ананың міндеті – балаларды Олжастың қалай ренжіткенін біліп, ақыл-кеңес беріп, осы жағдайдан шығудың жолдарын табу.
  5. Жағдай. «Бұл затты мен тауып алдым». Ата-анасы «баласының» қолынан бөтен ойыншық көреді. Сұраса, «тауып алдым» деп жауап береді. Осы ойыншықты тауып алды ма, әлде біреуден рұқсатсыз алды ма? Шындықты білу – тағы да ата-ананың еншісінде.
  6. Жағдай. «Сендер жамасыңдар, мені сендерді жек көремін». Ата-ананың біреуі «бала», ол бұрышта отырып: «Сендер жамансыңдар, мен сендерді жек көремін!» деп қайталай береді. Ата-ананың мақсаты – баланың неге ренжігенін білу, оны өзінің жақсы көретінін айтып, сездіру.

 

 

 

 

 

Отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы

 

     Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы; қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиемен, қарапайым біліммен қаруландыратын, шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады.

     Отбасы мен педагогикалық ұжым ынтымақтастығы – баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады.

     Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары – баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады. Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптар мен бірыңғай білім беру кеңістігі қамтамасыз етеді.

 

Шағын орталықта бала денсаулығын қорғау және дамыту жолдары

   Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала шағын орталықта тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Дені сау бала ақылды, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтыны айқын. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалысты дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

     Баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдың, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі мен оқу іс-әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Дене тәрбиесі балалардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады.

     Отбасында тәрбие міндеттеріне, баланың дене, танымдық дамуына жағдай жасау, балаларды өзіне өзі қызмет етуіне, жақындарына көмектесуге үйрету, баланың бейімді қызығушылығын дамытуға, тілдік-қатынастық дамуына жан-жақты жағдай жасауға міндетті. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, ата-аналардың шағын орталықпен байланысын дұрыс жолға қою мақсатында тиісті жұмыстар жүргіземіз.