ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақ тілін меңгеру – тілді білмейтіндерге қойылатын бүгінгі күннің басты талабы. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін және мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі үйірме жұмыстарының нәтижесін байқау, сонымен қатар қазақ тілін жетік білетін оқушыларды анықтау, оларды өзгелерге насихаттау, қазақ халқының тілін, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеу, мемлекеттік тілді ұлықтау конкурстың негізгі мақсаты болды.

№ 29 жалпы орта білім беру мектебінің ұлты қазақ емес 8 сынып оқушылары қатысқан «Арман» тобы облыстық конкурста І жүлделі орынға ие болды. Артта барлық Павлодар облысы аудандары және облыстық мектептер қалды.

Павлодар қаласы мектептері осымен екінші рет жеңісті қанжағасына байлады.

Келешекте дендеріне саулық, бастарына амандық тілейміз. Жеңістері құтты болсын!