(Конкурстық құжаттарды дайындау алдында осы нұсқаулықтармен мұқият танысып алғандарыңыз абзал)
1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
1.1. Үміткердің жеке ісі пластикалық тезтікпеде ұсынылуы тиіс. Тізімге енгізілмеген құжаттар іс жүргізуге қабылданбайды.
1.2. Академиялық оқуға үміткерлер үшін құжаттар (әр құжат міндетті түрде төменде ұсынылған тәртіппен орналастырылуы керек):
- Академиялық оқуға үміткердің сауалнамасы (2.1-т. қараңыз);
- Негіздеме-өтініш (доктор дәрежесі мен медициналық ғылымдар кандидатын алуға үміткерлер үшін эссе) (2.2-т. қараңыз);
- Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (2.3-т. қараңыз);
- жалпы орта/ортадан кейінгі/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат пен оның көшірмесінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (2.4-т. қараңыз);
- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын 1, 2 курс студенттері үшін шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (2.6-т. қараңыз);
- Салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
- Өз бетімен түскен немесе шетелдің жоғары оқу орындарында оқитын үміткерлерге шетелдің жоғары оқу орындарында тіркелгенін немесе оқитындығын растайтын құжаттарды тапсыру қажет (2.7-т. қараңыз);
- «Болашақ» стипендиясын тағайындауға конкурс шеңберінде квота алуға үміткер адамдар осы квота шеңберінде олардың конкурсқа қатысу құқықтарын растайтын құжаттарды қосымша тапсырады (2.8-т. қараңыз);
- Ол болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижелермен шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты қолданыстағы ресми куәліктің көшірмесі (2.9-т. қараңыз);
- Ол болған жағдайда, ұсыным хаттар;
- Ол болған жағдайда, грамоталардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері.
1.3. Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін құжаттар (әр құжат міндетті түрде төменде ұсынылған тәртіппен орналастырылуы керек):
- Ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған үміткердің сауалнамасы (2.1-т. қараңыз);
- Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (2.3-т. қараңыз);
- Негіздеме-өтініш (2.2-т. қараңыз);
- Жіберуші ұйымның ұсынымы (2.11-т. қараңыз);
- Сөзсіз шақыртылғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (2.7-т. қараңыз);
- Жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес құрылған ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының жобасы (2.12-т. қараңыз);
- Ғылыми жарияланымдардың немесе негізгі жұмыс орнының мөрімен бекітілген оқыту-әдістемелік/ғылыми әзірлемелердің тізбесі (2.13-т. қараңыз);
- Қосымшасымен дипломның (бакалаврдың, маманның, магистрдің, ғылым және/немесе доктор кандидатының) нотариалды куәландырылған көшірмесі (2.4-т. қараңыз);
- Шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (2.6-т. қараңыз);
- Салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
- Ол болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижелермен шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты қолданыстағы ресми куәліктің көшірмесі (2.9-т. қараңыз);
- Соңғы 3 жылға зейнетақы қорынан көшірме;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (2.14-т. қараңыз).
ІІ. ҚҰЖАТТАРҒА ТАЛАПТАР
2.1. САУАЛНАМА
Осы нұсқаулықтар «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлердің сауалнаманы толтыру кезінде қателіктер жібермеу мақсатына арналған.
- Сауалнама қатаң түрде белгіленген нысанда мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылуы керек;
- Сауалнаманың барлық бөлімдері толтыру үшін міндетті болып табылады. Ақпарат болмаған жағдайда сол жолға сызықша «-» қою қажет;
- Сауалнаманың барлық парақтары баспа әріптерімен қолмен толтырылуы тиіс;
- Сауалнама сұрақтарына жауаптар сол үшін бөлінген бағандарда болуы қажет;
- Сауалнама грамматикалық және орфографиялық жағынан дұрыс ресімделуі тиіс;
- Сауалнамада жазылған фактілер мен ақпараттардың сәйкессіздіктері немесе дұрыс еместігі анықталған жағдайда, үміткер конкурсқа қатысудан оның кез келген кезеңінде шығарылуы мүмкін;
- Сауалнама ақысыз таратылады және оның көшірмесін түсіруге болады.
Сауалнаманың бірінші бетінде арнайы бөлінген орынға Сіздің 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі түсті фотосуретіңіз (сауалнама толтыру сәтінде фотосуреттің түсірілген мерзімі бір жылдан аспауы тиіс) жапсырылуы тиіс.
Кеңсе желімімен желімделгеннен басқа, фотосуреті жапсырылмаған степлермен немесе басқа да тәсілдермен бекітілген сауалнамалар қарауға қабылданбайды.
Сауалнаманың әрбір беті нөмірленуі және парақтың төменгі оң жағына өз қолының қойылуы тиіс.
2.2. НЕГІЗДЕМЕ-ӨТІНІШ НЕМЕСЕ ЭССЕ.
Негіздеме-өтініш – бұл еркін нысанда жазылатын шығарма, онда таңдап алынған мамандық пен оқу елінің пайдасына дәлелдер мен дәйектемелер келтіру арқылы Сіздің жеке көзқарасыңыз бен пікірлеріңіз қамтылады.
Негіздеме-өтініш жазған кезде мынадай талаптарды ескеру қажет:
- негіздеме-өтінішті А4 форматтағы қағазға 2 бетке дейінгі көлемде стандартты жолдармен (2 см.) басып шығару қажет;
- 1,5 жоларалық интервалмен Times New Roman 14 қаріпі;
- негіздеме-өтініш соңында толтырылған күні мен жеке қол міндетті түрде қойылуы керек.
Негіздеме-өтініштің кіріспе бөлімінде өзіңіз туралы қысқаша ақпаратты жазуыңыз керек, бұл ретте мынадай сұрақтарға назар аударған абзал:
- Неліктен Сіз осы конкурсқа қатысуға шешім қабылдадыңыз?
- Сіз табысқа және алдыңызға қойған мақсаттарға жету үшін не істер едіңіз?
- Сіздің мектептегі, жоғары оқу орнындағы, еңбек және қоғамдық қызметтегі жеке жетістіктеріңіз қандай?
- Оқу елін таңдауға не негіз болды және сол елдің білім беру жүйесі мен сапасы туралы Сіздің пікіріңіз қандай?
Негіздеме-өтініш жазу барысында негізгі бөлімде мынадай сұрақтарға жауап беру қажет:
- неліктен осы мамандықты таңдадыңыз, бұған Сізді не (мәртебе, кәсіпке қызығушылық, қабілет, еңбекақы молдығының мүмкіндігі, отбасылық дәстүр) итермеледі?
- қызықтырып отырған мамандық туралы қажетті ақпаратты қайдан алдыңыз?
- өз ісінің шебері болу үшін қандай қасиеттер болу керек?
- мемлекетіміздің дамуына қандай үлесіңізді қосасыз?
Қорытындыда «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы өз ойыңызды жазыңыз.
Ескерту: Шетелдік жоғары оқу орнына өз бетімен түскен адамдар қосымша түрде осы оқу орнын таңдау себептерін, осы университеттің ресми және бейресми халықаралық (ұлттық) рейтингтердегі орны туралы жазуы тиіс.
Эссе – бұл көлемі шағын, бірақ сұрақты күрделі пысықтауды талап ететін белгілі бір тақырыптағы жазбаша жұмыс немесе шығарма. Эссе белгіленген ережелер бойынша жазылады және ресімделеді, атап айтқанда:
- эссе көлемі 1-2 беттен аспауы тиіс;
- эссе тақырыбын қысқаша әрі анық ашу;
- үміткерден алған білімдері мен ерікті ойлауы негізінде белгілі бір проблемалар бойынша өз ұстанымын құру және дәлелдеу үшін сыни ойлау дағдыларын көрсету талап етіледі.
Эссе құрылымы мынадай міндетті компоненттерді қамтиды:
Кіріспе. Кіріспеде негізгі терминдерге (3-4 терминнен аспауы тиіс) қысқаша анықтама беру ұсынылады;
Негізгі бөлім (жинақталған материал негізінде тақырыптың дәлелді ашылуы). Негізгі бөлімде әрбір параграф бір негізгі ойды қарауға арналуы тиіс;
Қорытынды (жинақтау және қорытындылар). Қорытындыда қаралып отырған проблеманың практикалық мәні көрсетіледі, нәтижелер мен қорытындылар көрсетілуі қажет.
Негіздеме-өтініш пен эссе грамматикалық және орфографиялық жағынан дұрыс ресімделуі тиіс.
2.3. ЖЕКЕ КУӘЛІКТІҢ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ТӨЛҚҰЖАТТЫҢ НОТАРИАЛДЫ КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КӨШІРМЕСІ
Конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну қажет. Ол болған жағдайда, төлқұжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қосымша ұсынылуы керек.
2.4. ЖАЛПЫ ОРТА/ОРТАДАН КЕЙІНГІ/ЖОҒАРЫ/ЖОҒАРЫ ОҚУ ОНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМІ ТУРАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛГІДЕГІ ҚҰЖАТЫ МЕН ОНЫҢ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ НОТАРИАЛДЫ КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КӨШІРМЕСІ
«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер қосымша беті бар жалпы орта білімі туралы аттестатының не қосымшасы бар дипломының (бакалавр, маман, магистр, ғылым кандидаты және/немесе доктор) нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы тиіс. Аттестат немесе диплом көшірмесінің оң жақ жоғарғы бұрышында жүздікке дейін дөңгелектелген қосымшасы бойынша орташа балы қызыл сиямен жазылуы керек.
Білімі туралы құжат шетелдің жоғары оқу орнында берілген болса, нотариалды куәландырылуы және орыс немесе қазақ тіліне аударылуы талап етіледі.
2.5. АҒЫМДАҒЫ ҮЛГЕРІМІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
Құжаттарды тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының 1, 2 курстарында оқитын үміткерлер мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі мен оқуының барлық кезеңі үшін үлгерімінің орташа балы туралы ақпаратты көрсететін белгіленген нысандағы анықтаманы ұсынады. Анықтаманың үлгісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында (www.edu-cip.kz – Үміткер-конкурсқа қатысу үшін құжаттарды дайындау – Ағымдағы үлгерімі туралы анықтаманың үлгісі) орналастырылған.
2.6. ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАТЫН АДАМДАР ҮШІН ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерге өңірлер бойынша анықтама беру мақсатында бекітілген Медициналық мекемелердің тізіміне сәйкес шетелге шығатын адамдар үшін 0-82/У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы ұсынуы керек.
Медициналық мекемелердің тізімі де «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында (www.edu-cip.kz – Үміткер-конкурсқа қатысуға құжаттарды дайындау – Медициналық мекемелердің тізімі) орналастырылған.
2.7. ӨЗ БЕТІМЕН ТҮСКЕН НЕМЕСЕ ШЕТЕЛДІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ОҚИТЫН ҮМІТКЕРЛЕР қосымша түрде:
1) шетелдік жоғары оқу орнына академиялық оқуға сөзсіз түскендігін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін (қаржылық жағдайларды қоспағанда);
2) бар болған жағдайда, шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжат;
3) бар болған жағдайда, мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, сол жоғары оқу орында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ жоғары оқу орнындағы ағымды үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы ұсынады.
ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕР ғылыми тағылымдамаға қабылдайтын ұйымның сөзсіз шақыртуын (қаржылық шарттар мен шет тілін білу деңгейін талапқа дейін арттыру шартын қосапағанда) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынулары қажет. Шақыртуда Басым мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандық, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімдері, және тілдік дайындықтан өту қажет болған жағдайда, үміткер тілдік курстардан өту кезеңінде жетуі тиіс деңгей көрсетілуі керек.
Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылуы тиіс.
2.8. «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУҒА КОНКУРС ШЕҢБЕРІНДЕ КВОТА АЛУҒА ҮМІТКЕРЛЕР қосымша түрде мынадай құжаттарды:
Жоғары арнаулы білім немесе бакалавр дәрежесін алу үшін ауылдық елді мекендердегі бастауыш, негізгі орта және жалпы орта жалпы білім беру бағдарламаларын немесе техникалық және кәсіптік білім берудің бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарында кемінде 9 жыл оқығандығын растайтын, жергілікті атқарушы органдар берген ресми анықтаманы;
Анықтаманың үлгі нысаны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында орналастырылған (www.edu-cip.kz – Үміткер-құжаттарды конкурсқа қатысуға дайындау – ауылдық мектептерде кемінде 9 жыл оқыған адамдар үшін анықтама үлгісі).
Магистр дәрежесін алуға және клиникалық ординатурада оқуға еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (2.14-т. Қараңыз), сондай-ақ соңғы үш жылға зейнетақы аударымдарын төлегенін растайтын ресми анықтаманы (зейнетақы қорынан жазба) ұсынады.
2.9. ШЕТ ТІЛІН БІЛУ СЕРТИФИКАТЫ
Олар бар болған жағдайда, үміткерлер шет тілінен емтихан (TOEFL немесе IELTS, DALF/DELF, DSH және т.б.) тапсырғаны туралы нақты ресми сертификаттың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткердің сауалнамасының белгіленген бағанында тесттің ресми нәтижелерін көрсетуі керек.
2.10. ГРАМОТАЛАРДЫҢ/ДИПЛОМДАРДЫҢ/СЕРТИФИКАТТАРДЫҢ және т.б. КӨШІРМЕЛЕРІ
Үміткер мақтау грамоталарының, сертификаттарының, дипломдары мен олар бар болған жағдайда, таңдаған мамандығы бойынша тиісті құжаттарды ұсына алады.
2.11. ЖІБЕРУШІ ҰЙЫМНЫҢ ҰСЫНЫМДАРЫ
Жіберуші ұйымдардың ұсынымдары Орталықтың сайтында берілген форматта орындалады, және үміткердің зерттеу тақырыбының өзектілігін жаңартуды және олардың жүргізген зерттеулерін растауды білдіреді. Ұсынымға жіберуші ұйымның бірінші басшысы қол қойып, мөрмен бекітіледі.
Ұсынымның үлгі нысаны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында орналастырылған (www.edu-cip.kz – Үміткер-құжаттарды конкурсқа қатысуға дайындау – Жіберуші ұйымның ұсынымы).
2.12. ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ
Бағдарлама жобасын үміткер оның мазмұнына қойылатын талаптарға (сайттан қараңыз) сәйкес құрады, оған сондай-ақ жоспарланатын іс-шараларды өткізу мерзімдерді және пайдаланатын әдістер мен технологияларды қамтитын жоспар-кесте қосыша беріледі. Жоба жіберуші ұйыммен (мемлекеттік ғылыми ұйыммен немесе Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнымен) және ғылыми тағылымдамаға қабылдайтын ұйыммен (шетелдің жоғары оқу орнымен, ғылыми орталығымен немесе зерханасымен) келісілуі тиіс.
Бағдарлама жобасына талаптар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында орналастырылған (www.edu-cip.kz – Үміткер-құжаттарды конкурсқа қатысуға дайындау – Ғылыми тағылымдама бағдарламасының жобасына талаптар).
2.13. ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАР немесе ӘДІСТЕМЕЛІК/ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕЛЕР ТІЗБЕСІ
Ғылыми жарияланымдар тізбесі соңғы үш жылғы жарияланымдарды қамтуы тиіс және қолданыстағы талаптарға сәйкес ресімделеді, ұйымның мөрімен куәландырылады.
2.4. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТЫҢ НОТАРИАЛДЫ КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КӨШІРМЕСІ
Жұмысшының еңбек қызметін растайтын құжат ретінде мыналардың кез келгені болуы мүмкін:
1) еңбек кітапшасы;
2) жұмыс берушінің күні туралы белгісі бар еңбек шарты және оны тоқтату негіздемесі;
3) жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатуын растайтын актілерден жазба;
4) жұмысшыларға еңбекақы төлеу ведомостынан жазба;
5) басшы қол қойған, ұйымның мөрімен не нотариалды куәландырылған қызметтік хат (жұмыс, жұмысшының еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
6) жұмысшының еңбек қызметі туралы мәліметтері қамтылған мұрағаттық анықтама.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қабылданады
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік көш., 29/1, Сол жағалау, «Дипломат» бизнес орталығы, 1 қабат, № 4, 6 кабинеттер
Тел.: +7 7172 550 124, 550 125, 550 126, 550 127


