ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыс мұғалімдеріне құрмет көрсету
Облыс мұғалімдеріне құрмет көрсету

2014 жылғы 3 қазанда Естай атындағы ҚМС-да Павлодар облысының әкімі Қ.А.Бозымбаевтың қатысуымен Ұстаздар Күніне орай «Мектептің жүрегі - мұғалім» атты облыстық мереке өтті. 

Мерекеде мына номинациялар бойынша ұстаздарды марапаттау рәсімі өткізілді:    

«Аялы алақан» (мектепке дейінгі білім беру ұстаздары): Павлодар қаласының №53 сәбилер бақшасының тәрбиешісі  - Пантелеева Ирина Анатольевна.

«Креатив және шығармашылық»  (қосымша білім беретін педагогтар): Томм Вера Михайловна - Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінің қосымша білім беру ұстазы,     

 «Даналық шыңы» (жалпы орта білім беру мектептерінің педагогтары): Чайка Наталья Семеновна - Павлодар қ. № 17 жалпы орта білім саралап оқытудың бағдарлы мектебінің  биология және химия мұғалімі.

«Көшбасшылық және тиімді менеджмент» (білім беру мекемелерінің басшылары мен басшы орынбасарлары): Самал Оспанқызы Айтқазина - Павлодар қаласының № 25 орта жалпы білім беру мектебінің директоры, Гүлсина Шайдуллақызы Шиндлярская - Павлодар қ. білім беру бөлімі басшысының орынбасары.

«Жыл мұғалімі – 2014» облыстық конкурсына 23 облыс мұғалімі қатысты. «Жыл мұғалімі – 2014» облыстық конкурсының жеңімпаздары мен номинанттары марапатталды: Гран-при – Поляков Илья Олегович, Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі ЖОМ информатика мұғалімі. Поляков Илья Олегович – шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім, дарынды педагог, «Жыл мұғалімі – 2013» қалалық сайысы «Үміт» номинациясының жеңімпазы. 

Мереке номинанттары облыс әкімінің атынан наградалар мен бағалы сыйлықтар алды.

Илья Олеговичті дайықты марапатпен құттықтаймыз!

Оның педагогикалық әрекетінде шығармашылық табыс пен ізденістерді тілейміз!

Нұрахметова Ш.С.,

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі