Мектепке дейінгі жеке дара тұлғаның дамуына көбінесе табиғат пен адам арасындағы байланыс әсер етеді. Қоршаған ортамен байланыс тәжірибе жағынан баланы дүние танымын тұрғызып, қалыптастырады ең маңыздысы – тәжірибе жасауда және ізденушілікте.
Баланың қоршаған ортасы – өте таңғажайып, қызық, балалық шақтың көрмеген әлемі, мұнда барлығы алғашқы рет болады: баланың алғашқы қадамы, алғаш айтқан сөзі, өзінің есімін білуі, алғашқы достарын табуы. Бала судың ылғалды екенін, қардың суық екенін, оттың кез – келген затты жаға алатынын тағы басқаны біледі. Бұл шақта балалар мыңдаған сұрақ қояды, сондықтан бұл кезді «Сұрамшақ» кезі деп атайды. Әрине баланың сұрақтарына тез жауап беруге болады, бірақ оған өзінің жауап табуына, ізденуіне мүмкіндік берген жөн. Олар өздері ойланып, ойы арқылы қоршаған ортаны және оның заңдарын біледі.
Тәжірибелік – зерттеу әрекетті ұйымдастыру барысында келесі міңдеттер шешіледі:
1. Байланыс жүйесіндегі көп түрлілікті көру қабілетін қалыптастыру.
2. Баланың ойлау, құрастыру және бейнелеу қызметтерін қосу.
3. Көрнекілікті көбейту (рәміздер мен шартты орынбасарлар).
4. Ізденушілік қызметін, таным қызметін кеңейту, баланың ойын қолдау, тырысу, өзін – өзі сөгу, өз бетімен болуды қолдау. Қойылған міндеттерге жету үшін ата – ана мен мұғалімдердің тығыз байланыста болғаны керек.
Тәжірибелік – зерттеу әрекетті келесі батыттар бойынша бөлінеді:
1. Тірі табиғат: жыл мезгілдерінің сипаты,түрі, ағзаның және олардың қоршаған ортадағы тіршілігі.
2. Өлі табиғат ( ауа, су, жер, магнит, дыбыс, жарық).
3. Адам: ағзаның қызметі, қолдан жасалған әлем, материалдар мен олардын қасиеттері.
4. Заттардың басқа бейнеге бейнеленуі. Бұл тәжірибелік - экспериментке ешқандай күш, арнайы жабдық керексіз, шығынсыз тәжірибені алуға болады. Барлық керек нәрсе қол астында: су, құм, пластикалық стақан, йогурт пен қаймақтың ыдысы, жіп, қағаз, фломастер, қарындаш, өлшемдік қасық, тағы басқа лактырылатың заттарды алуға болады.
Үлкендердің бұл тәжірибедегі орны қандай? Ең аз мөлшерде. Түгел қауіпсіз нәрсені бала өзі орындайды, стақанға су құю, мұзға тұз шашу тағы басқа. Бала өзі істей алады. Үлкендер эксперименттік тәжірибені ұйылдастыруы ғана керек: қызықтыру, ұсыну, керек материалмен қамтамасыздандыру, егерде бала өзі орындауға қиналса, тәжірибені түсіндіру. Ең тиімдісі, тәжірибенің түсінігін және қорытындысын бала дербес немесе үлкеннің бағыттаушы сұрақтарымен өзі тапты.
Қорыта келіп, ежелгі қытай мақал – мәтелін еске алғым келеді: « Айт – ал мен ұмытамын, көрсет – мен есте сақтаймын, істеуге мумкіншілік бер – мен түсінемін».
Тек іс - әрекет арқылы бала қоршаған ортаның түрлілігің танып, оның ішінде өзінің орнын табады.
