Телефон доверия
87182546323
Адрес: Павлодарская область, город Павлодар, ул.Лермонтова 129
8(7182)549580
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 16.00 до 18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

Қоржын.

       Ертеден келе жатқан қазақ елінің тойларда сыйлық ретінде тарататын қобдишасы. Қоржынды тігуге әр түрлі маталар және жіптер алынады, ортасында қызыл ою ойып кестеледі, оны әшекей алқа жіппен өткіземіз, айналасына сары түсті жібек материалымен тігіледі. Төрт бұрышында моншақтарымен әдемілейді.

 

 

Домбыра.

       Домбыра қазақ жерінде өте әйгелі сазды аспаптарының бірі. Қазіргі кезде домбыра дыбысы қазақ еліне үшін айбасты. Домбырамен күй тартқанда немесе ән айтып және домбыраны шерткенде өте көңілді естіледі, жүректі де тербетеді, бір талай ой-сезім тудырады. Әр адамға домбыра тілін білу керек  және өмірінде өте қажет болады. Домбыраның тілін білген қазақ «Қазақпын» деп айтуға болады. Домбыра ағаштан істелініп оған екі ішегі тартылады.

 

Тақия.

       Тақияны қазақ елінде әсіресе ер адамдар киеді. Ол ертеден келе жатқан қазақ ұлтының бас киімі. Оны тігу үшін азғана мата, жіп және ою ойып алу керек. Матаны өлшеп кесіп, екі жағын айналдыра қосады, төбесін кішкене үш бұрыш етіп шығарады, ішінен қатты мата мен қаптап, сыртына ою өрнекпен әшекейлеп қояды.

 

 

 

Киіз үй.

       Киіз үй – бұрын біздің ата-бабаларының тұрған үйлері. Киіз үй уық, кереге, шаңырақтан тұрады. Іші сырттың әр-түрлі кигіздермен қапталған, жапқыш есігін оюларымен әшекейленген. Киіз үйдің ішінде сандық, жастық, құрақ көрпе, кілемдер және т.б. нәрселер болды. Ертеде жайлауға шыққанда киіз үйді жинап алып қолайлы болды.

 

 

Сәукеле және бешпент.

       Сәукеле және бешпент нағыз қазақ қызының көркем киімдерінің бірі. Оны дайындап тігу үшін бір түсті мата, қазақ елінің ою өрнегі, жіп, түйме керек. Сәукелені әшекейлеуге әр-түрлі моншақтар, мата, жіп керек. Қыз – келіншіктер тұрмыс құрмай тұрғанда осы киім – кешекті киеді.

 

Кесе

       Қазақ ұлтының ыдыстарының бірі – кесе. Кесені саздан немесе шыныдан жасайды. Олар пішіндері және әшекейлері әр-түрлі болады. Әшекейлерді ою негізінде немесе қазақ белгілерін қарастыруға болады. Оны сорпа, шай, айран, сүт т.б. ішімдіктерге қолданылады.

 

Қазақ қызының киімі.

       Алдымызда қуыршақтағы көрікті көйлек пен алтын алқалармен безіндірілген бешпентті және сәукелені қазақ қызына кигізгенде өте әдемі, көрікті болады. Ұзын қызыл көйлек әсем желбіреуіштермен әшекейленген. Бұрын осы киім кешекті қыз ұзатар кезде қыз балаға кигізген.

 

 

 

Кішкене алаша

       Бұны ыстық табақ немесе басқа ыдыстардың қоюға пайдаланылады. Кішірек матаны алып екі қабаттап, үстіңгі жағын әдемілеуге болады. Ортасына ою-өрнек ойып тігіледі. Алашаның шетін жіңішке мата кесіп алып айналдыра кесіп алып айналдыра әшекеленеді. Ертеде әжелеріміз әр-түрлі ала түрлерін жасаған.