Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182546323
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
ЖАДЫНАМА Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру және қарастыру рәсімі

 

Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрлігі

ЖАДЫНАМА

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру және қарастыру рәсімі

Ұлттық тестілеу орталығы

1Апелляцияға өтініш беру

·        Тестілеу нәтижесі бойынша апелляцияға өтінішті берушінің өзі тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 14.00-ге дейін береді және ол өтінішті апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

·        Апелляцияға өтініш ұлттық біріңғай тестілеу өткізу пунктінде (ҰБТӨП) тестілеу тапсыру орны бойынша беріледі.

·        Өтініш беруге қажеттіқұжаттар:

-         жеке басын куәландыратын құжат:

-         ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) кіруге рұқсаттама:

·        Өтініш берубарысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебі мен негіздемесін) көрсету керек.

 

2. Апелляцияның түрлері:

·        Апелляция ҰБТ қорытындысыбойынша екі түрлі болуы мүмкін: тест тапсырмаларының мазмұны бойынша және техникалық себептер бойынша.

·         Тест тапсырмаларыныңмазмұны бойынша апелляция мынадай жағдайларда  беріледі:

-         тест тапсырмасы дұрыс  құрылмаған;

-         дұрыс жауабы жоқ;

-         бірнеше дұрыс жауабы бар.

 

·        Техникалық себептербойынша апелляциякелесі жағдайларда қарастырылады:

-         дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;

-         дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.

 

3. Апелляцияға өтініш беру үлгісі

·        Апелляцияға өтініш арнайы үлгі бойынша беріледі:

1.    тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтініш;

2.    техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш:

·        Апелляцияға берілетінөтініш үлгісін бекітілген өтініш беру мерзімінде ҰБТӨП-тен алуға болады.

                          

 

                

 

 

        4. Апелляцияны қарау тәртібі.

·        Апелляциялықкомиссия бітірушілердің өтініштерін     тестілеу  нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14.00-ден бастап  қарайды.

·          Апелляциялықкомиссия әр бітірушімен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Бітіруші апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

·          Шешім тек бітірушіапелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмалар қарастырылмайды. Апелляциялық комиссия апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгерте алмайды.

·         Егер бітіруші өзідұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» шешімін қабылдайды.

·         Тест тапсырмаларыныңмазмұны бойынша апелляцияға берілген өтініш қанағаттандырылған жағдайда, балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады:

-            Жергілікті жердегі апелляциялық  комиссия бекітілген нысанға сәйкес мәліметті толтырып Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

-            республикалық апелляциялық комиссия апелляцияға берілген тест тапсырмаларын қарастырады және шешім қабылдайды, қабылданған шешімді ҰБТӨП-тегі жергілікті жердегі апелляциялық комиссияға жібереді.

-             Республикалық апелляциялықкомиссияның шешімі соңғы    шешім болып саналады.

·         Жергіліктіапелляциялық комиссияның шешімімен техникалық себептер бойынша апелляцияға берілген өтініш қанағаттандырылған жағдайда, балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады:

-           апелляциялық комиссия қажетті мәліметті Ұлттық тестілеу орталығына (ҰТО)     жібереді.

-           ҰТО барлық мәліметті қарап шешім қабылдайды, қабылданған шешімді ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияға жібереді.