Астана қаласының туған күніне орай "Сені мақтан тұтамыз, Астана!" атты ертеңгілік өтті.
Балабақшада «Біз – Ұлы Отан Жеңісінің мұрагерлеріміз!» тақырыптық көрме өтті. Көрмеде соғыс тақырыбына арналған әр түрлі суреттер мен қолдан жасалған бұйымдар ұсынылған: солдаттар, теңізшілер, танкілер, ұшақтар, кемелер, жауынгерлік шайқастар, қаза тапқан каһармандар, құттықтау хаттар.
2018 жылғы 4 мамырда біздің балабақшада музыкалдық жетекшісі Л.Н. Безрукова және ересек, даярлық топтарының балаларының көмегімен «Жеңіс Күніне» арналған іс-шара өтті. Балалар соғыс тақырыбына ән айтып, өлең оқыды. Балалар соғыс жылдарының атмосферасына үңілді. Мерекеден кейін «Өшпес полк» акциясы өтті. Мұнда балалар Ұлы Отан соғысында қайтыс болған ардагерлерінің портреттерімен жүріп өтті. Мереке үлкен әсер қалдырды.
4 мамырда Отан Қорғаушылар Күні қарсаңында «Біз солдаттармыз!» спорттық іс-шара өтті. Мұнда естияр «А» және естияр «Б» топтары қатысты. Ойын-сауықта балалар өзінің спорттық қасиеттерін –шапшандығын, күшін, шыдамдылығын көрсетті. Әскери-спорттық ойындарға қатысты. Ойын-сауық кішкентай солдаттарға үлкен жігерлік сыйлады.
3 мамырда №111 және 112 балабақшаларының ата-аналары мен балаларына арналған бірлескен іс-шара өткізілді. Іс-шара «Денсаулығыңды жастайынан сақта» жобаларын құрылауына бағытталды. Жоба мақсаты: Балалар мен ата-аналарға салауатты өмір салты туралы түсінік беру, шабыт беру. Салауатты өмір салты – бұл денсаулық пен жақсы көңіл-күйдің кепілі.
Отан Қорғаушылар Күні қарсаңында балабақшада ересек топтары арасында «Біз өз еліміздің қорғаушыларымыз!» спорттық іс-шара өтті.
Балабақшада 1 Мамыр мерекесіне арналған апталығы керемет өтті. Барлық мерекелер жоспарға сәйкес өткізілді. Барлық жастағы топтарда «1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ» мерекесіне тақырыптық сабақтар өтті.
Балабақшада өрт қауіпсіздігі ережелерін бекіту бойынша тақырыптық сабақтар өтті. Тақырыптық сабақтарға ұстаздар «От - дос, от - жау» оқыту ЛЭПБУКТЕР дайындаған. 2 «А» сәбилер тобының ата-аналары тақырыптық сабаққа өрт қауіпсіздік бойынша шағын тақта жасаған.
12 сәуір бүкіл әлемдік «Ғарышкерлер күні» болып есептеледі. Спорттық мереке естияр топтарының арасында өткізілді. Мұнда балалар тек қана ғарышпен ғана танысып қоймай, ғарышқа алғаш рет ұшқан адамдардың есімдерімен танысты. Бұл мереке балаларға достық өзара қарым-қатынас, ғарышқа деген сүйіспеншілік пен жақсы көңіл-күй сыйлады. Мереке соңында балаларға «Ғарышкерлер мектебі» курсын өткені туралы дипломдар табыс етілді.
2018 жылы 10 сәуірде «№112 сәбилер бақшасында» «Мектепке дейінгі балаларда оқытудың әр деңгейлі технологияларын қолдану» атты тақырыбында Павлодар қаласының мектепке дейінгі естияр топтарының тәрбиешілеріне арналған қалалық семинар өткізілді. Семинарға 32 ұстаз қатысты. Тәрбиешілерге мыналар ұсынылды:
-ҚМТК бойынша естияр тобында әр деңгейлі тапсырмалары мен тәрбиеленушілерге жеке тұрғыдан келуін қолдануымен «Орманға саяхат» атты ашық сабақ өтті (тәрбиеші К.Б. Исакова)
-әдіскер Н.А. Коваленконы
7 сәуірде балабақша және жақын арада орналасқан аймақты тазалық пен тәртіпке келтіру үшін сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік - көктемгі ауада, бейресми жағдайда барлығымыз бірге өзара—қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Сенбіліктер біздің өмірімізге қажет, себебі тазалық адамда ғана емес, айналасында да болу керек. Жақсы көңіл-күйге, еңбек ерлігіне, тырысуға жақсы ауа райы да ықпал етті. Сенбіліктің қорытындысы – аймағымыз таза! Осындай сенбіліктен кейін, біздің қолымызбен жасалған еңбектің
Біздің балабақшаға Қазақстан Республикасы Павлодар облыстық қызыл жарты ай қоғамдық бірлестігінің өкілі келді. Балабақша ұстаздарымен кездесу өте пайдалы болды. Ұстаздар волонтер көрсеткен алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік тәсілдірін еске түсірді. Бұл өте қажет, себебі әр ұстаз тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауапты.
Наурыз мерекесі мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында даярлық топтардың демалысы кезінде «Ұлттық ойындарды жаңғырту» атты қазақтың ұлттық ойындар күні өтті. Бұл іс- шараның мақсаты: қазақтың ұлттық ойындарын жаңғырту, балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру. Шараны қазақ тілі мұғалімі Ж.К. Ахмадиева өткізді. Балалар қазақтың ұлттық ойындары: «Асық ату», «Теңге алу», «Қыз қуу», « Тақия тастамақ», «Орамал тастамақ», «Соқыр теке» ойындарын ойнады.
Балалар ойындарды қ
Көктемгі демалыс кезінде даярлық топтарда «Көктем аруы» атты көңілді жарыстар өтті. Жарысқа тек қана қыздар қатысып, өздерінің шапшаңдылығын, спорттық тапқырлықтарын көрсетті.
2018 жылғы 30 наурызда біздің балабақшада музыкалық жетекшісі Л.Н. Безрукова және даярлық топтарының тәрбиеленушілерінің көмегімен «Мен - талант» концерті өтті. Балалар ән айтты, би биледі, өлең оқыды, көркем гимнастика және спорттың жауынгерлік түрі бойынша өз өнерлерін көрсетті. Концерт соңында кішкентай жұлдыздар мерекелік флэшмобқа шақырды. Бұл мереке балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады.
Наурыз мейрамы көктеммен келеді. Бұл кезде табиғат оянады. Осы мереке өмірімізге жаңа, жақсы жаңалықтар әкелсін.
2017 жылғы 20 наурызда біздің балабақшада Наурыз мерекесі өтті, мерекені музыка жетекшісі Л.Н. Безрукова, қазақ тілі мұғалімі Ж.К. Ахмадиева өткізді. Мерекеге2сәбилер «Б», ересек және даярлық топтарының балалары қатысты.
Бұл мерекеге: сатушы, Бай, Ер-Төстік, Қыдыр-Ата, Әже, Көктем, Жалмауыз Кемпір кейіпкерлері келді, ал балалар олармен: «Бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тарту», «Қазан» сияқты әртүрлі қазақтың ұлттық ойындарын ойнады, әндер шырқады, өлең оқыды, қазақтың ұлттық«Қамажай», «Қара жорға