Телефон доверия
8-718-2-62-12-92
Адрес: Павлодар қ., Бакинская көш., 4
611290, 611296, 611297
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 16.00 - 17.00, Сейсенбі 16.00-17.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Жаңалықтар
«Абай оқулары»
«Абай оқулары»
28-02-2020 13:05
Бүгін, 28 ақпан күні, біздің мектепте «Абай оқулары» өтті. Сайысқа 5 -10-сынып оқушылары қатысты. Аталмыш байқаудың мектепішілік кезеңі 2 номинация бойынша өрбіп, оған жеті оқушы қатысты. Үміткерлердің әрқайсысы таланттарын танытып, шеберліктерін паш етуге тырысып-бақты. Жарыс соңында қатысушылар мадақтама қағаздарымен марапатталды
"Крутые перцы" КТК командасын І орынмен құттықтаймыз!
26-02-2020 13:33
"Жас Ұлан" ұйымының белсенділері, биология пәні мұғалімі Сакина Садиевна Ибрагимова бастаған КТК командасы ең көңілді, ең тапқыр болып, қала мектептерінің 17 командасы арасынан озып шығып, 1-ші орынға ие болды. "Крутые перцы" командасы "КТК" ауыспалы кубогының иегері атанды. Балаларды жеңістерімен құттықтаймыз! Жарайсыңдар!
"Мүбәрак Жаманбалинов оқулары"
29-01-2020 16:41
Бүгін, 29 қаңтар күні, біздің мектепте "Мүбәрак Жаманбалинов оқуларының" мектепшілік кезеңі өтті. Сайысқа бастауыш сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Мүбәрак атамыздың өлеңдерін оқып, сахналық көріністер көрсетті. Әділқазылар мен көрермендердің көзіне ерекше түскен 4-сынып оқушысы Нұрболат Қуаныш. Бұл оқушы жүлделі бірінші орынға ие болып, қалалық кезеңге жолдама алды.
Ата-аналар назарына!
Ата-аналар назарына!
28-01-2020 14:57
«№23 жалпы орта білім беру мектебі» ММ 2020-2021 оқу жылының 1 қыркүйегінде 1-қазақ сыныбын ашады.
"Отанды қорғау деген мансап бар"
22-01-2020 16:54
Бүгін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығы аясында мектебімізде "Патриоттық мұра" қоғамдық қорының өкілдері қонақта болды. Ола "Отанды қорғау деген мансап бар" циклі шеңберінде кезекті ашық сабақ жүргізді.
Адалдық сабағы
Адалдық сабағы
17-01-2020 11:00
Бүгін біздің мектебімізде Адалдық сабағы өтті, оның мақсаты жас ұрпақтың жеке тұлғаның негізін құрайтын адамгершілік ережелеріне оң көзқарасын тәрбиелеу, олардың құқықтық танымын және құқықтық мәдениетін арттыру, сыбайлыс жемқорлыққа қарсы бағдарламаларға сай әрекет етуіне үйрету болып табылады.
Darmen ТЕГIН қосымшасы
Darmen ТЕГIН қосымшасы
04-12-2019 09:41
Android Және iOS жүктеу сілтеме: Android https://play.google.com/store/apps/details?id=com.sannacode.android.serbiso iOS (iPhone) https://apps.apple.com/ru/app/darmen/id1293220771
ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!
ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!
03-10-2019 10:54
Құрметті ұстаздар, ұстаздар және педагогикалық еңбек ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Халықаралық мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке білім беру саласының ардагерлеріне, ұстаздарымызға терең ризашылықтарын білдіре отырып, бізді өз елінің патриоты болуға үйреткен алғашқы тәлімгерлерді еске алуға арналған тамаша оқиға. Мұғалім кәсібін әлемдегі басқа мамандықтармен салыстыруға болмайды. Ол білімді сапалы түрде беруді ғана емес, сонымен бірге адамның ерекше рухан
 Президенттік миль
Президенттік миль
13-09-2019 09:54
Бүгін мектебіміздің оқушылары "Президенттік миль" спорттық сайысына белсенді қатысты
"Мектепке жол" акциясы
05-09-2019 09:58
"Рубиком" демеушілер атынан "Мектепке жол" акциясы аясында көмекке мұқтаж отбасыларына, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетілді.
Білім күні
Білім күні
01-09-2019 12:04
Бүгін, 1 қыркүйек күні біздің мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!!!!
Таза жұма
Таза жұма
26-07-2019 15:44
Бүгін №23 ЖББОМ ұжымы "Таза жұма" жалпы қалалық сенбілікке шықты
"Люди в чёрном. Интернейшнл"
19-06-2019 10:43
Бүгін Ш.Айманов кинотеатрына "САМИ" профильдік лагерінің оқушылары келді. "Люди в чёрном. Интернейшнл" фильмінің кейіпкерлерімен бірге қиял әлеміне ұшырап, әлемді бөтен басып кіруден «құтқарған»
«Ең ақылды және ең жылдам»
«Ең ақылды және ең жылдам»
15-06-2019 12:01
Бүгін, 15 маусым күні мектеп жанындағы кәсіби лагерінің балалары "Ең ақылды және ең жүйрік" сайысына қатысты. Оқушылар екі топқа бөлініп, жұмбақтар мен тұрақты тіркестерді суреттер арқылы шешті. Мозайканы жинап, жабық көздерімен сурет салды. Сонымен қатар тағы әртүрлі ойындар өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, уақыттарын өте көңілді өткізді
Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы
Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы
14-06-2019 10:17
14 маусым күні мектеп жанындағы кәсіби легерінің балалары Потанин атындағы өлкетану музейіне барып, өз жерінің мәдениетімен, андронов дәуіріндегі жәдігерлермен танысты. Әсіресе, оқушыларды таңқалдырған - зіл пен қабанның қаңқалары.
"Танцор диско" сайысы
12-06-2019 09:23
Бүгін, 12 маусымда қалалық саябақта "Танцор диско" сайысы өткізілді. Мектеп жанындағы кәсіби лагерьдің балалары белсене қатысып, "Жасампаз" номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!!!
"Арақ ішудің, нашақорлықтың зияны" туралы дәріс
11-06-2019 13:58
Бүгін, мектеп жанындағы кәсіптік лагеріне наркологиялық орталық дәрігері келіп, оқушыларға шылым шегудің, арақ ішудің, нашақорлықтың зияны туралы дәріс өткізді. Оқушылар бейнефильмді көріп, дәрігерді мұқият тыңдап, ондай зиянды заттардан аулақ жүруге бел буды
"САМИ" профильдік лагері
04-06-2019 11:05
4 маусымда "САМИ" профильдік лагерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған викторина өткізілді. Балалар символдар саябағында мерекелік іс-шараға аттанды
1 маусым - балаларды қорғау Күні!
1 маусым - балаларды қорғау Күні!
01-06-2019 15:16
1 маусым - балаларды қорғау күні! Жаздың ең көңілді мерекесі! Кәсіби лагерьдің балалары жағажайға барып, қаланың ең дарынды балалардың шеруін тамашалады. Балалар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көтеріңкі көңіл күймен шеруді тамашалады.
Ата-аналар назарына!
Ата-аналар назарына!
31-05-2019 11:22
«№23 жалпы орта білім беру мектебі» ММ қазақ және орыс тілінде оқытылатын болашақ бірінші сынып оқушыларын 2019-2020 оқу жылына шақырады!