
"Читающая школа" қалалық жобасы аясында біздің мектеп "Сыныппен бірге оқимыз"атты жаңа челленджді іске қосады.
"Сыныппен бірге оқимыз-читаем всем класом»

«Биік талғамды ұрпақ» жобасы шеңберінде біздің мектептің 3 «А» және 3 «Б» сыныптарында «Отбасылық бюджет – дұрыс жоспарлау» бірыңғай сабағы өтті. Мұнда отбасылық бюджетті құрастырды, табыстарды өсіру және шығыстарды азайтудың тәсілдерін ұсынды. Мұндай танымды сынып сағаттар балалар үшін қарапайым экономикалық білім береді.

2021 жылы 16 Наурызда 11-сынып оқушылары арасында VII Республикалық "Сардар" кешенді олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. "Сардар" олимпиадасы оқушыларға өздерін көрсетуге, таланттарды ашуға және ой-өрісін кеңейтуге, қызығушылықтарын анықтауға және өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Мектептен 11 "А" сынып оқушысы Тасамбаев Тамерлан қатысты. Бұл олимпиада 2 турда өткізілді: теориялық және практикалық. Теориялық құрамына математика, физика, алғашқы әскери дайындық, орыс тілі және Қазақ

26 февраля, в рамках проекта "Биік талғамды ұрпақ" прошло мероприятие на параллели 8 классов, где ребятам предложили поразмышлять над темой, связанной с таким явлением как "прагматизм". Первая оценка со стороны восьмиклассников была резко отрицательной. Однако в ходе активной беседы удалось объяснить, насколько важно "включать" это качество в повседневной жизни, ведь много ошибок и просчётов из-за неумения вовремя обуздать свои эмоции.

22-26 -ақпан аралығында мектебімізде ағылшын тілі апталығы өтті. Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың бойында шет тілін үйренуге деген қызығушылықтарын баулу, оқушылардың мәдени көкжиегін кеңейту, олардың шығармашылық белсенділігін, эстетикалық талғамын дамыту, нәтижесінде тіл үйренуге деген ынталарын арттыру.
Пән апталығын өткізу және ұйымдастыру кезінде шет тілі мұғалімдері оқушылардың қызығушылықтарын басшылыққа алды. Ағылшын тілі апталығы жақсы деңгейде өтті. Әр түрлі іс-әрекеттерді қамт

Орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында 24 ақпан күні 7-сыныптардың паралелінде «Таза орыс тілінде» атты лингвистикалық форум өткізілді. Форум барысында сөйлеу мәдениеті мәселелері талқыланды. Сауаттылық туралы ән тыңдап, қызықты бейнебянды тамашалағаннан кейін, өздерін сырттай көгендей болды. Сөйлеу мәдениетіне жатпайтын сөздерден аулақ болу туралы ой қозғады. Сонымен қатар, оқушылар сөйлемлерді сауатты құру және жалпы қолданыстағы сөздерді дұрыс дыбыстауды үйренді.

29 қаңтар күні «Биік талғамды ұрпақ» жобасы және «Салауатты өмір салты» айлығы аясында мектеп психологы О.А.Тортопиди 3-сынып оқушылары үшін «Мен және менің денсаулығым құндылық ретінде» тренингтік сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар «құндылық» сөзінің анықтамасын ашты және денсаулық компоненттерін атап өтті. Мультфильм көру барысында балалар денсаулық сақтаудың әдістерін білді. Кездесу соңында 3-сынып оқушылары «Денсаулығыңды ерте жастан күт!» деген шешім жасады.

2021 жылы Павлодар қаласыөз 65-жылдығын атапөтуде. Павел Васильев мұражай үйі Павлодарлық ақындардың "Жыл мезгілдері" тақырыбы нажазылған өлеңдері енетін альмонах құруды ұсынды.

Биыл қазақ елінің мәртебесі биік ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы. Атаулы мерекеге орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар өтуде. Мектебіміздің 8 – сынып оқушысы Солоденко Анастасия ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді жаттап, ақынның 90 жылдығына орай өткізілген «Шығармашылық мұра» атты халықаралық қашықтықтан білім беру орталығының қашықтық байқауына қатысты. Қазылар алқасының шешімімен Анастасия жүлделі 1 орынды иеленді. Бұл Анастасияның мәнерлеп оқу бағыты бой

«Маған барлығы қызық», – дейді Павлодар қаласы №43 ЖОББМ-нің 5 «В» сынып оқушысы Реснянский Елисей.

2020 жылдың 2 желтоқсанында мектеп кітапханасында "Әдеби өлкетану" жобасы аясында ZOOM платформасы арқылы тілші, ақын, ұстаз Елена Валентиновна Вайбертпен кездесу өтті. Ол кездесуге Павел Васильев мұражай үйінің қор сақтаушысы Т.С.Корешковамен бірге келді. 6 "А" сынып оқушылары Елена Валентиновнаның өлеңдерін жатқа оқыды. Автор өзінің шығармашылығы жайлы естеліктерімен және болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

"Ертісөңірі: табиғат және біз" атты мектеп жобасы аясында ZOOM платформасы арқылы Еуропаға байланысты қызықты викторина өткізілді. 7 "Б", "Г", "Д" сыныптары ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып Еуропа елдері жайлы өз білімдерін көрсетті. Елдің туына қарапоның астанасын, көрікті жерлерін және танымал адамдарын атапшығу керек болды. 7 "Б" сыныбы жеңімпаз атанып, екінші орынды 7 "Г" сыныбы, ал үшінші орынды 7 "Д" сынып оқушылары иеленді.

2020 жылы 5 қараша күні 5 "Г" сыныбында "Бұл кітаптар бәрін біледі" тақырыбына қызықты кітапханалық сағат өтті. Мақсаты: оқушыларда ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу, реферат, баяндамалармен жұмыс жасағанда кітаптарды қолдануға баулу. Анықтамалардан, энциклопедиялардан және ғаламтор желісінен іздегенде ортақ және өзгешеленетін белгілерді анықтау.
Міндеттері: тақырыптық сұраныстарды шешудегі кітапхана мүмкіндіктерін көрсету; алған білімдерін тәжірибеде жандандыру.

Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасының аясында түркі және түркітілдес мәдениетті насихаттау мақсатында 6-7 сынып оқушыларына арналған «Яссауи және оның мұрасы» атты іс-шара өтті. Оқушылар түркі халықтарының рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Яссауидің өмірбаянымен және мұрасымен танысты. Іс-шара барысында балалар зияткерлік және танымдық тапсырмаларды орындап, Қожа Ахмет Яссауи туралы бейнероликті тамашалады. Балалардың пікірлері бойынша ақпарат өте қызықты

Мектеп ұжымы педагогикалық еңбек ардагері Николай Захарович Семиганы 75-жылдық мерейтойымен құттықтайды!
Николай Захарович педагогикалық қызметпен 50-жылдан аса айналысып келеді. 36-жыл бойы №108, 43 мектепке басшылық етіп келді. Осы уақыт ішінде ол көптеген мектеп түлектерін, жас педагогтар мен ата-аналарды лайықты ұрпақ етіп тәрбиелеп келеді.
Құрметті Николай Захарович! Сізді шын жүректен құттықтаймыз: денсаулығыңыз мықты, өмір жасыңыз ұзақ болсын!

Ағымдағы жылдың 29 қазанында "Павлодар қаласы № 43 жалпы орта білім беру мектебі" ММ-де Қамқоршы күні аталып өтті. Осы іс-шара аясында ZOOM форматында "Бала өміріндегі қамқоршының рөлі" атты дөңгелек үстел өткізілді. Осы шараға мектебіміздің директоры К.К.Молдабеков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Бейсекеева, педагог-психолог Т.Н. Великая және О.А. Тортопиди, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі инспектор Д.М.Бектурсынова, әлеуметтік педагог С.З.Каирбаева, қамқоршылар және

Мектебімізде тілдер айлығы шеңберінде 30.09.2020 күні 8 – сынып оқушылары арасында «Полиглот» ойыны өткізілді. Ойынның қорытынды кезеңіне іріктеуден өткен тіл меңгеруге икемі бар 8 оқушы қатысты. 4 кезеңнен құрастырылған ойынның алғашқы кезеңі – таныстыру болды. Бұл кезеңде оқушылар өздерін таныстырып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де көрсетті: бірі – өлең оқыса, бірі – ақпараттық технологияны тиімді пайдалану дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар, оқушыларға жұмбақтың шешімін табуға, 3 ті

2020 жылдың 30 қыркүйек күні «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты тілдер апталығы шеңберінде № 43 орта мектептің 5- сынып оқушыларының арасында «Кім жүйрік?» атты жаңылтпаштар сайысы өтті. Сайыс барысында оқушылар өздері талаптарға сай айтуға тырысты. Сайыс қорытындысы ZOOM платформасында ойын түрінде өтті. Осындай сайыс сабақтар оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, тілдік дағдыларын дамытады. Жаңылтпашты үздік оқығандар: Рамазан М. (5 «Б»), Давыдов Е

Қыркүйектің 29-нда №43 орта мектебінде «Тілдер апталығы» шеңберінде 2-сынып оқушыларына «Абаймен танысу» әдеби-танымдық сағаты ұйымдастырылды. Бұл іс – шара барысында презентация, кітап көрмесі, викторина өткізілді.
Кіші сынып оқушылары ұлы ақынның өнегелі өмірімен, шығармашылығымен жақын танысып, Абайдың даналығы, рухани асыл-мұралары туралы ой-өрісін кеңейтті.