ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Шахматтан облыстық «Белая ладья» турниріндегі біріншілік
19-10-2020 09:05
Шахматтан облыстық «Белая ладья» турниріндегі  біріншілік

Шахматтан Абай Құнанбаевтың  175 жылдығына  арналған  «Белая ладья» турнирінің облыстық іріктеу кезеңіне облыстың қалалары мен аудандарының жалпы  білім беретін мектептерінен,  дарынды  балалар үшін мамандандырылған мектептерінен 140 оқушы қатысты. Онлайн форматында www.lichess ойын платформасын қолданумен  турнирді ұйымдастырушы- облыстық білім басқармасы дене тәрбиесінің Аймақтық оқу-практикалық  орталығы.

Турнир қорытындысы бойынша  кіші жас тобында  1 орынға  Павлодар қаласы № 9 гимназия-мектебінің  командасы  ие болды. Команда құрамында Малыгин Владислав, 7 сынып оқушысы, Суенова Мария, 6 сынып  оқушысы, Луцик Степан, 4 сынып оқушысы, Акгюн Мұрат, 7 сынып оқушысы. 

Олардың барлығы әртүрлі шахмат турнирлерінің  бірнеше мәрте  қатысушылары.  Оқушылар шахмат Үйінде жаттықтырушы У. В. Захаровада айналысады. Мария, Степан, Владислав Нұр-Сұлтан қаласында өткен   республикалық  шахмат турнирінің жеңімпаздары (2018 жыл), Владислав Чехияда өткен (2018 жыл), Омбы, Алматы қалаларында өткен халықаралық турнирлердің  жеңімпазы  және  жүлдегері (2019 жыл).

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері орталықтың мадақтамаларымен, грамоталарымен  марапатталады. Турнирдің жеңімпаздары қараша айында республикалық «Ақбозат 2020» турниріне  қатысады.