ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектепке жол» акциясы шеңберінде балаларға көмек көрсету
20-10-2020 09:20
«Мектепке жол» акциясы шеңберінде балаларға көмек көрсету

«Мектепке жол» республикалық акциясын іске асыру шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі жалпыға міндетті оқу мен демеушілер қаражатына, мектепте білім алу үшін аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті заттар, кеңсе тауарларын сатып алады. Акция барысы туралы материалдар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, қала мектептерінің сайттарында орналастырылды. Білім беру бөлімінде азаматтардың өтініштерін тіркеу үшін «жедел желі телефоны жұмыс істейді.

Бүгінгі күні бюджеттен тыс қаражат есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 4338 балаға жалпы сомасы 13245379 теңге материалдық көмек, бюджет қаражаты есебінен 3482 оқушыға 42 774308 теңге сомасында көмек көрсетілді.

Акцияға қалалық мәслихат депутаттары белсенді қатысты. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 110 бірінші сынып оқушыларына кеңсе тауарлары салынған мектеп сөмкелері табыс етілді. «Бірінші сыныпқа бірінші рет» акциясы шеңберінде 234 бірінші сынып оқушысы «NFCKazakhstan» ЖШС, Халық банкі, Павлодар қаласының добряковтар клубы, Красный полумесяц қоғамы, ішкі саясат бөлімінің қатысуымен кеңсе тауарлары бар мектеп рюкзактарын алды. Демеушілік қаражат есебінен интернетке қосылу түрінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 73 оқушысына көмек көрсетілді.

Короновирусқа қарсы күресте өтеусіз көмек ретінде Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы Елшілігінің ғимаратында Корея Республикасы Үкіметінің қаржылық қолдауымен KOICA түлектер қауымдастығынан Павлодар қаласының 42 мектебі үшін 416 дана дозаторлар мен антисептиктерді беру рәсімі өткізілді. Сыйлықты Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок және қауымдастық президенті Садықова Гүлдана табыс етті. Диспенсерлерді Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар қаласына тасымалдауға, оларды беру мен мектептерге орнатуға Ұлттық волонтерлік желісі көмек көрсетті. Барлық мектептерге Ұлттық волонтерлер желісі атынан байланыссыз термометрлер, аспаптар мен антисептиктер, дозаторлары бар 416 санитайзер таратылды.