ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодарлық балалар суреттеріндегі театр өнерінің әлемі
21-10-2020 12:12
Павлодарлық балалар суреттеріндегі театр өнерінің әлемі

2020 жылдың қазан айында Брянск қаласында өткен «Сенің рухани қазынан...» атты XI халықаралық балалар бейнелеу шығармашылығы фестивалінің «Маэстро» байқауының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің 5 жас суретшісі жеңімпаз атанды. Байқау театр жылына арналды. Байқауға мектептің 46 оқушысы қатысты, олардың суреттерінде «Театр», «Суретшілер туралы суретшілер» атты тақырыптары көрсетілді.

II дәрежелі дипломды аралас техникада орындалған «Музыкант және клоунесса» жұмысы үшін 13 жастағы Бусарова Алина, жетекшісі Бамбуляк Анжелика Николаевна, «Үзілісте» (графика) жұмысы үшін 13 жастағы Нұрланқызы Томирис, «Клод Моне шабыты» (гуашь) жұмысы үшін 9 жастағы Усик Алиса, жетекшісі Кузнецова Лариса Алексеевна алды.

III дәрежелі дипломды гуашьпен орындалған «Ван Гог» жұмысы үшін 8 жастағы Әсетқызы Әсел, «Ұлы Рембрандттың туындысы» (гуашь) жұмысы үшін 9 жастағы Карпенко Кристина алды, жетекшісі Кузнецова Лариса Алексеевна.

«Жұмыс барысында қатысушылар театр өнері әлемімен танысып, әлемнің танымал суретшілерінің, театр қайраткерлері мен актерлердің шығармашылығымен танысты. Оқушылар шығармашылығының басында әлемдік деңгейде жүлделі орындарға ие болды», - деп атап өтті мектеп директорының орынбасары Гүлнара Мерғалымқызы Мұхаметкалина.