ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
114 оқушы облыстық іріктеу турына ғылыми жобаларды ұсынады
23-10-2020 10:12
114 оқушы облыстық іріктеу турына ғылыми жобаларды ұсынады

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2020 жылдың 15 - 22 қазан аралығында  қашықтықтан жалпы білім беру пәндері бойынша 8 - 11 сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар конкурсы өткізілді.

Конкурс төрт бағытта өтті: «Ғылыми-техникалық прогресс- экономикалық өсудің негізгі сілтемесі» (секциялар: физика, техника, Ғарыш пен Жер туралы ғылым), «Экономикалық және әлуметтік процесінде математикалық модельдеу» (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика), «Қазақстан - 2050 стратегияны іске асыру негізі -сау табиғи орта» (секциялар: биология, химия, адам саулығы мен қоршаған ортаны қорғау), «Қазақстанның ескерткіштері мен перспективалы туристік бағыттар» (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, адам мен қоғам, тіл білімі, әдебиет).

Конкурсқа Павлодар қаласының 36 жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен 19 секция бойынша 200 зерттеу жұмыстары ұсынылды, қоршаған ортаны қорғау (24), өлкетану (19), этномәдениеттану (17), физика (17) секцияларында жобалар көп болды.

Конкурс қорытындысы бойынша ғылыми-техникалық бағыты бойынша   № 2, 7, 18, 20, 27, 30, 35, 36, 37, Б. Момышұлы, Кенжекөл, Жетекші мектептері  15  орын алды.

Математикалық бағыты бойынша № 20, 21, 34, К. Макпалеева, Б. Момышұлы, Жетекші мектебі 12 орын алды.

Қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша № 1, 11, 17, 20, 21, 24, 25, 29, 32, 36, 37, 39, 41, Б. Момышұлы 28 орын алды.

Қазақстанның тарихи  ескерткіштері туралы  бағыт бойынша № 1, 2, 6, 7, 11,13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 21,25, 26, 27, 28, 29, 34, 35, 36, 37, 39, 40, К. Бекхожин, Б. Момышұлы,  Кенжекөл мектебі  63 орын алды.

 І дәрежелі дипломмен 20 оқушы марапатталды: № 11 ЖОМ 11 сынып  оқушысы Алимов Никита; Козина Дарья (№ 16 лицей-мектебі, 9 сынып), Березовская Дарья (№ 17 ЖОМ, 11 сынып), Апушева Дина, Гомар Амина (№ 20 лицей-мектебі, 9 сынып), Холодько Арина (10 сынып),  Мигачева Дарья (9 сынып), Канапья Айнара (10 сынып ) Кайкенова Данель (11сынып ) № 21 ЖОМ,  Ирсаева Карина (8 сынып) Б. Момышұлы атты мектеп,  Жансеитова Аружан (10 сынып), Наурызбай Іңкәр (9 сынып) № 25 ЖОМ, Сафронова Анастасия (8 сынып) № 26 ЖОМ, Мартынов Илья (10 сынып), Любкивская Камила (8 сынып) № 29 ЖОМ, Юрьевич Семен (8 сынып) № 34 ЖОМ, Ғұмар Ернұр (11 сынып), Ахметова Шолпан (10 сынып), Базарбаева Дильназ (11 сынып)  № 37 ЖОМ, Никитенко Ксения (№ 41 ЖОМ, 10 сынып).

ІІ дәрежелі дипломмен 37 оқушы № 2, 7, 11, 14, 17, 18, 21, 25, 27, 28, 34, 35, 37, 39, 40, 41, № 20 лицей-мектебі, Б. Момышұлы, Кенжекөл ЖОМ марапатталды.

III дәрежелі дипломмен 59 оқушы № 1,  7, 11, 17, 18, 19,  21,  24, 25, 26, 27, 28, 30, 32, 34, 36, 37, 39, 40, 41, № 20 лицей-мектебі, № 16 лицей-мектебі, К. Макпалеев Б. Момышұлы, Кенжекөл, Жетекші ЖОМ марапатталды.

Ең жас қатысушы, конкурс жеңімпазы Юрьевич Семен былай дейді:

- Мені  үнемі адамның ақпараттық-коммуникациялық сала қызметімен байланысты мәселелер қызықтыратын. Информатика оқытушысы А. А.  Матюшевамен бірлесіп мектептің автоматтандыру басқармасы порталын құру басталды. Негізгі мақсаты ыстық тамақты ұйымдастыру және мектеп асханасындағы кезекті  жою. Тағы бір бағыты - кез-келген уақытта қажетті  ақпарат алу. 2019 - 2020 оқу жылының  аяғында портал табыспен құрылды, өкінішке орай эпидемиологиялық жағдайға байланысты  толық  қабылдаудан өткен жоқ.

           «Проблемы формирования экологической культуры общества в современных условиях на примере Павлодарской области» өз жобасында конкурс жеңімпазы Алимов Никита ұсынылған үлгіні жүзеге асыру  бойынша ықтимал белсенді агент қызметі ретінде,оқушылар және олардың ата-аналары, студенттер және кәсіпкерлер, қоғамдық    және  мемлекеттік ұйымдардың   әлеуметтік өзара қызметін ұсынды.Жобада Павлодар облысы тұрғындарының қоғамдық санасын жетілдірілген формасы ретінде экологиялық мәдениеттің ерекше  жерінің  қалыптастуын қамтамасыз ететін, мықты өндірістік және ғылыми әлеует,  Баянауыл ұлттық саябағы, Ертіс өзені «Гусиный перелет» археологиялық жайылма ретінде, осындай аймақ ресурстарын пайдаланды.

         Болашақ жұмыста осы мәселелермен Қазақстан аймақтарында экологиялық мәселелерді шешу бойынша жол картасын толығымен қарастыру, сонымен қатар біздің облыста және ересек тұрғындардың мәдениеті мен экологиялық білімінің әлеуметтік зерттеу деңгейіне арналған аудиторияны кеңейту. 1, 2, 3 орын алған оқушылар облыстық іріктеу турына қатысады.