ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Облыстық Мағжан оқуларының жеңімпазы
23-10-2020 15:37
Облыстық Мағжан оқуларының жеңімпазы

«Толқынмен толқын сырласып...» бағытында облыстық Мағжан  оқуларының қорытындысы бойынша К. Макпалиев атындағы мектептің 5 сынып оқушысы Сүлеймен Нұрфараби, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқуларда Нұрфараби  «М. Жұмабаев шығармаларындағы экологиялық білім» өзінің шығармашылық жұмысын ұсынды, М. Жұмабаев шығармашылығына өзінің дүниетанымын жазды. Нұрфараби әдебиетке поэзияға жақын, бос уақытында балаларға арнап жазған атасының шығармаларын оқиды. Атасы Баязитов Сүлеймен белгілі ақын, журналист болған. Сонымен қатар оның сүйікті  ісі  футбол.

Оқу онлайн режимде «Ертіс дарыны» қосымша білім беру өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен өткізілді. Мақсаты - дүниетанымын, ойын, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға әсер ететін ақын шығармасының негізінде М. Жұмабаев шығармаларын оқушылар арасында насихаттау. Конкурс үш бағытта өткізілді: «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - М. Жұмабаев шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу, «Толқынмен толқын сырласып ...» - зерттеу жұмыстары, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар конкурсы.