ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
30-10-2020 09:39
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп 2020 жылғы 29 қазан күні онлайн режимде (ZOOM платформасында) «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға логопед және психологтардың психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласының «Жүйелік аналитика және модельдеу академиясының» директоры, «Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және Қазақстан халықтарының академиясы» кафедрасының профессоры, әдіскер, аналитик Валерий Иванович Цойдың қатысуымен ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Семинарда Павлодар қаласының білім беру бөлімінің қызметкерлері мен Инновациялық Еуразия университеті профессор-оқытушылар құрамы арасынан 100 қатысушы, педагог-зерттеушілер, 33 логопед (жалпы білім беру мектептен 17 логопед және балабақшалардан 16 логопед), 57 психолог (42-мектеп және 15-балабақша), 10 мектептің педагог-асистенттері  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда психолог және логопедтердің қызметінің функционалдық моделін қарастырды, шығармашылық зертхананы, № 26 мектептің психолог және логопедінің шеберлік сағатын  тамашалады.

Пленарлық бөлімде Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменовна Нурахметова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға логопед және психологтардың психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі» тақырыбында, Валерий Иванович Цой «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда психолог және логопедтердің қызметінің моделі» тақырыбында сөз сөйледі.

Практикалық бөлімде семинар қатысушылары №26 мектептің шығармашылық зертханаларын тамашалады. Мектеп психологы, педагог-зерттеуші Ирина Владимировна Карпова ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен және ата-аналармен жұмыс жасауда пайдаланатын тренинг, сабақ материалдарын ұсынды.  Мектептің логопеді, педагог-зерттеуші Юлия Анатольевна Пшенко ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған дидактикалық ойындар, тренажерда жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері туралы қатысушылармен логопедия бойынша сабақ өткізді. Әдістемелік ұсыныстар берді.

Семинар нәтижесінде психологтарға арналған «Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік бейімделуіне тиімді әдістері», логопедтерге арналған «Логопедиялық түзету арқылы жазу компоненттерін қалыптастыру» қалалық шығармашылық топтары құрылды. Семинар материалдары қала мектептеріне жұмыс барысында қолдану үшін жіберілді.