ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ресей мәденит және ғылым орталығының музыка мектебіне сыйлығы
17-11-2020 09:30
Ресей мәденит және ғылым орталығының музыка мектебіне сыйлығы

   2020 жылғы 10 қарашада Павлодар қаласы балалар музыка мектебінің кітапхана қоры XIX - XX ғасырлардағы отандық музыка, халық мәдениеті, музыкалық-этнографиялық зерттеулер бойынша жаңа кітаптар мен оқу-әдістемелік құралдардың керемет коллекциялық басылымдарымен толықтырылды. «Біздің мектеп мұндай сыйлыққа «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру  бойынша «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында Алексей Анатольевич Коропченконың басшылығымен болған Ресей мәдениет және ғылым орталығымен тығыз ынтымақтастықтың арқасында ие болды», - дейді мектеп басшысының м. а. Ольга Леонидовна Бобровская.

  23 кітап пен оқу-әдістемелік құралдардың көлеміндегі жарқын, ақпараттық басылымдар музыкалық-теориялық цикл педагогтары, аспаптық және хор ұжымдарының жетекшілері жұмысына ақпараттық көмек көрсетеді, оқушылармен білім беру үдерісіне ықпал етеді.