kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2624223
Бір айда255098
Бір аптада61426
Кеше15932
Тәулік10422
Павлодар оқушыларының пандемия кезінде қашықтықтан оқуы
18-11-2020 16:59
Павлодар оқушыларының пандемия кезінде қашықтықтан оқуы

   Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 46 мыңнан астам оқушы бар, олардың 14 мыңы мектептерге сабаққа келеді, қалған балалар қашықтықтан оқиды. Облыс коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «қызыл» аймаққа түсуіне байланысты, екінші тоқсанда павлодарлық оқушылар жыл басындағыдай оқиды: бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді, ал қалған оқушылар қашықтықтан білім алады.

   Екінші тоқсанда баланы кезекші сыныпқа ауыстырғысы келетіндер саны артты. Оқу жылының басында 14339 бастауыш сынып оқушысы мектепке барды, қазір - 14448 оқушы мектепте білім алуда. Кезекші сыныптарда бос орындар болған жағдайда ата-ананың өтініші бойынша оқыту форматын өзгертуге болады. Кезекші сыныптарға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі. Мектептегі сабақтарға COVID-19 науқастарымен байланыста болғандар, қарт адамдар мен жүкті қызметкерлер қатыса алмайды. Үш күннен артық жұмыста болмаған мұғалімдер учаскелік терапевттің анықтамасыз жұмысқа жіберілмейді және шетелден келген адамдар екі апта бойы карантинде қалуы керек.

  Павлодар қаласының білім беру бөлімімен жүргізілген мониторинг, оқушылардың қашықтықтан білім алуы бағдарламадан қалыс қалмайтынын көрсетті. Жалпы балалар үйренді. Білім беру платформалары штаттық режимде жұмыс істейді. Балалар интерфейс пен платформалардың жұмысына үйренді. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Павлодарда 19 кезекші сынып пен № 34 мектеп карантинге жабылды. Бүгінгі күні олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеуде.