ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Халықаралық шығармашылық байқаудағы педагогтің жеңісі
19-11-2020 09:53
Халықаралық шығармашылық байқаудағы педагогтің жеңісі

   2020 жылғы 1 тамыз - 30 желтоқсан аралығында өтететін «Абай әлемі»  атты халықаралық шығармашылық онлайн байқауға қосымша білім беру педагогтары, жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері қатысты, олардың ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер»  балалар - жасөспірімдер клубының «Балшуак» бөлімшесінің педагогі Сабитова Бибигуль Тулегеновна қатысты.

   Байқау қорытындысы бойынша «Видео» номинациясында Бибігүл Төлегенқызы І орынды иеленіп клубтың қоржынын тағы бір дипломға толықтырды. Конкурсқа «Өлсем, орным - қара жер болмай ма?» атты шығармасымен «Абайдың өлеңі» видеосы жіберілді. Видеода ол Абайдың өлеңін жатқа оқып және «Балшуақ» клубындағы Абайдың 175 жылдығына арналған көрмені көрсетіп бейнежазбасын жасады. 

    Бибигуль Тулегеновна екінші санатты педагог, «Жігер» балалар жасөспірімдер клубында 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, қазақ тілін дамыту үйірмесін жүргізеді. Республикалық, облыстық, қалалық деңгейлердегі түрлі сайыстарға қатысады. Қазан айында оның тәрбиеленушісі Глезко Эрика, №29 ЖОМ 5 сынып оқушысы Ebilim.kz республикалық әдістемелік сайты ұйымдастырған қазақ тіліндегі онлайн байқауда «Коронавирус бізге нені үйретті?» атты эссесімен ІІ орынды иеленді.