ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Эстрадалық вокал бойынша халықаралық байқаудың лауреаты
20-11-2020 09:55
Эстрадалық вокал бойынша халықаралық байқаудың лауреаты

   Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОМ 1 сынып оқушысы Нурия Тукебаева эстрадалық вокал бойынша VII халықаралық «Astana Grand-Prix» байқау-фестивалінің ІІ дәрежелі лауреаты атанды. Байқау 2020 жылдың 30 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасының және Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana Stars» халықаралық фестивалінің қолдауымен өтті.

   Байқауда Э. Калашниковтың «Күлкі қайда тұрады?» әнін орындады. Ол вокалмен 6 жасынан бастап Павлодар қаласының «Altyn kids» балалар оқу орталығында айналысады. Вокал бойынша жетекшісі Царенко Нонна Кировна. Сондай-ақ, осы орталықта Нурия гимнастикамен және қосымша ағылшын тілімен айналысады.

   Мектепте жақсы оқиды, сабақта оқу пәндеріне қызығушылық танытады, түрлі іс-шараларға қатысады. Есентай Ерботиннің 80 жылдығына арналған мектеп сайысында «Пайдалы» өлеңін оқып, облыстық оқуларда Мүбәрәк Жаманбалиновтың«Қоңырауды кетті үзіп», «Ұстазыма», «Ара» өлеңдерін орындап, мақтау қағаздарымен марапатталды. Қалалық «Менің отбасым» бейнероликтер байқауында «My family» әнін орындап, «Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қашықтық олимпиадасында «Сауат ашу» пәні бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.