ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық 435 оқушы қалалық пәндік олимпиадада білімдерін тексерді
24-11-2020 11:41
Павлодарлық 435 оқушы қалалық пәндік олимпиадада білімдерін тексерді

   Алғаш рет 2020 жылдың 20 қарашасында 5 - 6 сынып оқушыларына математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, қазақстан тарихы пәндерінен қашықтық форматта қалалық олимпиада өткізілді. Мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзін-өзі танытуға ықпал ету, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін дарынды балаларды қолдау. Олимпиада тест түрінде өтті.

  Олимпиадада қаланың 39 жалпы білім беретін мектептерінен 5 - 6 сыныптардан 435 оқушы қатысты. Оның ішінде 206 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды - I орынды - 12 қатысушы, II орынды - 73, III орынды - 121 оқушы алды.

  Желтоқсан айында облыстық және республикалық олимпиадаларға қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысады: Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 5 сынып оқушысы Хамитова Амина, №2 ЖОМ 6 сынып оқушысы Пердебай Айнұр, № 37 ЖОМ 5 сынып оқушысы Рахымұлы Ахмет, № 14 ЖОМ 6 сынып оқушысы Гузеев Матвей, № 16 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Родителев Евгений,  № 38 ЖОМ 6 сынып оқушысы Алькеева Дильназ, №36 ЖОМ 5 сынып оқушысы Мусина Дамели, № 2 ЖОМ 6 сынып оқушысы Сатенова Данель№29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Жансеитов Алишер, №9 мектеп-гимназияның 5 сынып оқушысы Иманғұлов Арғын, № 39 ЖОМ 6 сынып оқушысы Байғожинов Рамиль, № 24 ЖОМ 5 сынып оқушысы Лемешинский Артем.