Алғаш рет 2020 жылдың 20 қарашасында 5 - 6 сынып оқушыларына математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, қазақстан тарихы пәндерінен қашықтық форматта қалалық олимпиада өткізілді. Мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзін-өзі танытуға ықпал ету, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін дарынды балаларды қолдау. Олимпиада тест түрінде өтті.
Олимпиадада қаланың 39 жалпы білім беретін мектептерінен 5 - 6 сыныптардан 435 оқушы қатысты. Оның ішінде 206 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды - I орынды - 12 қатысушы, II орынды - 73, III орынды - 121 оқушы алды.
Желтоқсан айында облыстық және республикалық олимпиадаларға қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысады: Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 5 сынып оқушысы Хамитова Амина, №2 ЖОМ 6 сынып оқушысы Пердебай Айнұр, № 37 ЖОМ 5 сынып оқушысы Рахымұлы Ахмет, № 14 ЖОМ 6 сынып оқушысы Гузеев Матвей, № 16 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Родителев Евгений, № 38 ЖОМ 6 сынып оқушысы Алькеева Дильназ, №36 ЖОМ 5 сынып оқушысы Мусина Дамели, № 2 ЖОМ 6 сынып оқушысы Сатенова Данель№29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Жансеитов Алишер, №9 мектеп-гимназияның 5 сынып оқушысы Иманғұлов Арғын, № 39 ЖОМ 6 сынып оқушысы Байғожинов Рамиль, № 24 ЖОМ 5 сынып оқушысы Лемешинский Артем.