ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тиімді менеджмент - қызмет нәтижелері сапасының негізі
25-11-2020 09:06
Тиімді менеджмент - қызмет нәтижелері сапасының негізі

  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің «Директор мектебінің» кезекті отырысы 24 қарашада семинар-практикум форматында «Нормативтік талаптар аясында мектеп жұмысын талдау мен жоспарлаудың технологиялық тәсілдері»  атты тақырыбында өтті. Семинарға қала мектептерінің директорлары мен директорлардың орынбасарлары қатарынан 65 басшы қатысты.

  «Менеджмент - бұл ұйымдастырылмаған топты тиімді, мақсатты және өнімді топқа айналдыратын ерекше қызмет түрі», - деп жазды П. Друкер, қазіргі заманғы менеджменттің ірі зерттеушісі, эмпирикалық мектептің негізін қалаушылардың бірі. Білім берудегі менеджмент қойылған міндеттерге қол жеткізу және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құралдардың бірі болып табылады. Мектептің дұрыс құрастырылған және дамыған жұмыс жоспары, сондай-ақ осы құжатт көрсетілген талаптар мен іс-шаралардын ақты орындау - сәттіліктің кепілі. Жоспарлау оқу-тәрбие процестерін жақсартуға және педагогтердің әдістемелік дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мектептің оқу жоспары орындалған жұмыстың сапасын уақытында талдауға және қажет болған жағдайда қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 Мектеп директорларына мектеп жұмысын талдау және жоспарлаудың тиімді тәсілдері мен технологиялары, жылдық жоспар құрылымына қойылатын талаптар, жаңа оқужылына мақсаттар мен міндеттерді қоюдың пәрменді тәсілдері, Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына сәйкес жоспарлаудың нұсқалары ұсынылды.

  Семинардың практикалық бөлімінде мектеп басшылары оқу жылындағы білім беру мекемесінің жұмысын талдауды бағалау критерийлері және мектептің жылдық жұмыс жоспарын оқытудың ұсынылған бағдарламасы негізінде жоспарлау мен талдаудың практикалық дағдыларын жетілдірді.