ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
59 павлодарлық оқушылар облыстық конкурста шығармашылық жобаларын корғады
04-12-2020 08:14
59  павлодарлық оқушылар облыстық конкурста шығармашылық жобаларын корғады

   2020 жылдың 23 - 30 қараша аралығында 8 - 11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жоба конкурсының  қашықтықтан облыстық іріктеу кезеңіне Павлодар қаласының 24 жалпы білім беру мектебінен 59 оқушы қатысты. Қатысушылар 16 секция бойынша 59 зерттеу жұмысын ұсынды. Көптеген жобалар қоршаған ортаны қорғау - 7, физика - 7, химия - 5 секциялары бойынша болды.

   Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 32 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде I орын - 1 қатысушы, II орын - 8, III орын - 23. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  «Ертіс дарыны» аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. «Проблемы формирования экологической культуры общества в современных условиях на примере Павлодарской области» жобасы үшін I орынды  №11 ЖОМ 11 сынып оқушысы Алимов Никита иеленді. Никита өз жобасында ұсынылған үлгі бойынша ықтимал  белсенді агентқызметі ретінде, оқушылар мен олардың ата-аналары, кәсіпкерлер мен студенттер, мемлекет және қоғам ұйымдарының әлеуметтік өзара қызметін  ұсынады. Жобада  Баянауыл ұлттық паркі, «Гусиный перелет» археологиялық ескерткіші, Ертіс өзенінің жайылмасы, қуатты индустриялық және ғылыми потенциал ретінде аймақ ресурстары бейнеленген, ол облыс тұрғындарының қоғамдық сана модернизацияланған түрін, экологиялық мәдениет ерекшеліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Болашақта аталмыш жұмыстың шешуі Қазақстан аймағының экологиялық проблемаларын шешу бойынша жол картасын егжей-тегжейлі зерттеуді  жоспарлайды.

   ІІ дәрежелі дипломға №7 ЖОМ 8 сынып оқушысы Кошкеев Дияр, №16 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Козина Дарья, № 21 ЖОМ 9 сынып оқушысы Мигачева Дарья, № 29 ЖОМ 10 сынып оқушысы Крачковская Анастасия, 8 сынып оқушысы Любкивская Камила, 10 сынып оқушысы Мартынов Илья, №37 ЖОМ 11 сынып оқушысы Базарбаева Дильназ, 9 сынып оқушысы Нұрболат Аружан ие болды. ІІІ орынға  лицей-мектебінің №16,  № 17 (4), 19, 21 (2), 25 (4), 26, 27 (2), 30, 35 (2), 36, 37, Кенжекөл ЖОМ (2) мектептерінен 23 оқушы ие болды.

   Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 6 секциясы бойынша көп ұпай жинаған 12 жобаның авторы  мен алдын ала сараптама өткен, жаратылыстану-математикалық бағыттағы 9 - 11 сынып оқушылар қатарынан ең жақсы жоба авторлары конкурстың республикалық кезеңіне  қатысады.