Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы инновациялық технологиялардың рөлін арттыру, оқушылардың мобильді платформаларға арналған қосымшаларды жобалау және бағдарламалау саласындағы білімі мен қабілетінің деңгейі нарттыру мақсатында «The Best Mobile App - 2020» мобильді қосымшалардың облыстық қашықтық байқауы өткізілді. Байқауға облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 8 - 11 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың ұйымдастырушысы облыстық білімберу басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы болып табылады.
Байқауға 10 жұмыс ұсынылды, бағалау критерийлеріне сәйкес үздік 6 жұмыс анықталды, авторлар облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды.
III дәрежелі диплом иегері Павлодар қаласының № 9 гимназия-мектебінің 8 сынып оқушысы Алейник Никита болды. Байқауға «Meme Up» мобильді қосымшасы ұсынылды. Бұл қосымша Android (4+нұсқасы) мобильді платформаларында жұмыс істейді. «Meme Up» қосымшасы Unity компьютерлік ойындарының платформа аралық даму ортасы үшін әзірленген. Жетекшісі Сәбитова Рымгүл Оразқызы, информатика пәнінің мұғалімі.


