ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсететін балаларға жағдай жасау және қолдау
25-12-2020 11:02
Қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсететін балаларға жағдай жасау және қолдау

 Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен   әртүрлі қызмет түрлерінде қабілеттерінің жоғары деңгейін немесе ерекше дарындылығын көрсететін балаларға жағдай жасау және қолдау үшін жұмыс жүргізіледі. Орталықтың әдістемелік қызметі әртүрлі бағыттағы қалалық олимпиадаларды, ғылыми жарыстарды, зияткерлік және шығармашылық конкурстарды ұйымдастыру мен өткізуде әртүрлі формалар мен әдістерді қолдануға бағытталған.

  Қосымша зияткерлік білім беру міндеттері 2 қосымша білім беру мектебінің қызметі арқылы шешіледі. 9 - 11 сыныптарға арналған «Алтын сын» олимпиадалық резерв мектебі барлық жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушыларды қалалық олимпиадалар мен жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау үшін ұйымдастырылған. 6 - 7 сыныптарға арналған «Жас ғалым» мектебі оқушылардың жасөспірімдер қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларда нәтижелілігін арттыру, ғылыми жобаларды әзірлеуге және қорғауға, шығармашылық конкурстарға қатысу, жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру мақсатында жұмыс істейді.

  Жеке тұлғаны дамыту уәждемесін қалыптастыру және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау орталықтың ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамымен, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдерімен ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Бірлескен қызметтің түпкі нәтижесі 2020 жылы 4814 оқушының қатысуымен 44 қалалық іс-шара өткізілгенін, оның ішінде 1813 жүлделі орын белгіленгенін көрсетеді. Облыстық деңгейде 557 қатысушыдан түрлі конкурстардың, олимпиадалардың, ғылыми жобалардың 259 оқушысы жеңімпаз атанды. Республикалық деңгейде 813 қатысушыдан түрлі конкурстардың, олимпиадалардың, ғылыми жобалардың 410 оқушысы жеңімпаз атанды. Пандемия жағдайында павлодарлық оқушылар әл-Фараби атындағы жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша халықаралық олимпиадада табысты өнер көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша 176 жүлдегер, оның ішінде 44 алтын, 65 күміс және 67 қола медаль. Мектеп оқушыларының ең көп жүлделі орындары  № 9, 11, 16, 17, 20, 25, 29, 34, 37, 39.

  Павлодар қаласының командасы он жылдан астам уақыт бойы көшбасшылық позицияны сақтап келеді және «Үздік олимпиадалық команда» номинациясының иегері болып табылады. Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысы Тілеубекұлы Мұстафа, № 38 негізгі жалпы білім беретін мектептің 9 сыныпоқушысы Борецкий Никита, №9 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Троян Леонид, №16 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Семенов Александр, №34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Абишев Нариман, №17 ЖОМ 9 сынып оқушысы Смағин Александр бірнеше дүркін жеңімпаздарын ерекше атап өткен жөн. Лингвистикалық олимпиаданың бірнеше мәрте жүлдегері  №14 ЖОМ 8 сынып оқушысы Богомолова Дарья. Қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау және оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі шығармашылық байқаулар өткізіледі. № 38 ЖОМ 10 сынып оқушысы Сурумбетова Камилла, №30 ЖОМ 10 сынып оқушысы Кеңес Ажар, №25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Мажитова Аделия республикалық шығармашылық байқауларда сәтті өнер көрсетіп, күміс және қола медальдарға ие болды.

  - Қоғамның қазіргі кезеңдегі дамуы елдің барлық құрылымдарына аса дамыған, ерекше ойлайтын адамдарды тартуды талап етеді. Әр баланың қабілеттерін, ең алдымен, дарынды балалардың бірегей қабілеттерін анықтау және дамыту оларды дамытудың, білім беру мен тәрбиелеудің барлық сатыларында жүзеге асырылуы тиіс, - дейді орталық басшысы Мұхаметжанова Ақмарал Люлятқызы.