Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Павлодар педагогтары облыстық байқауда 17 жүлделі орынға ие болды
28-12-2020 15:15
Павлодар педагогтары облыстық байқауда 17 жүлделі орынға ие болды

«Менің Қазақстаным» бейнелеу өнері бойынша шығармашылық жұмыстардың XV облыстық байқауына облыстың 200-ден астам педагогтары қатысты, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру ұйымдарынан 17 қатысушы: жалпы білім беретін мектептерден 10 мұғалім, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 2 педагог, қосымша білім беру ұйымдарынан 5 педагог. Мақсаты - педагогтардың шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау, ең талантты және ерекше шығармашылық тұлғаларды анықтау және қолдау.

Байқау жұмыстары түрлі бейнелеу өнерімен ұсынылды: киізден жасалған суреттер, пейзаждар, графика, қабықтан жасалған панно, ағаш пен металдан жасалған мүсіндер, тұрмыстық заттар және қазақ ұлттық киімдері. Облыстың танымал суретшілері мен қолданбалы өнер шеберлерінің қазылар алқасы қатысушылардың байқау жұмыстарын жоғары бағалады. Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының барлық 17 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде: І орын - 5, ІІ орын - 5, ІІІ орын - 7.

I орынды алған педагогтар Қалиякбарова Ардақ Бостауқызы (№26 ЖОМ), Бектасова Гүлсім Айтмұханбетқызы (№12 ЖОМ), Смыков Дамир Серікұлы, Аткина Анна Валерьевна (балалар көркемсурет мектебінің педагогі), Шишлова Юлия Валерьевна (№ 86 сәбилер-балабақша).

II орынды алған педагогтар Жанпейісов Жанабай Жүсіпбекұлы (№ 22 ЖОМ), Құсайынов Дамир Құсайынұлы (М. Әуезов атындағы ЖОМ), Нүкенов Қайрат Аманжолұлы (№ 43 ЖОМ), балалар көркемсурет мектебінің педагогтары Ловина Ольга Ивановна, Решетова Наталия Владимировна алды.

III орынды алған педагогтар Мухтарова Марина Набиевна (№2 ЖОМ), Байцым Елена Александровна (№ 14 ЖОМ), Смағұлов Қуаныш (№ 12 ЖОМ), Хайрутдинова Елена Анатольевна (№11 ЖОМ), Найманова Жанар (№27 ЖОМ), Заречная Инна Алексеевна (№86 сәбилер-балабақша), Солтанқұлова Самал Абдоллқызы («Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы) мұғалімдері иеленді