ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Павлодарда Мұзафар Әлімбаев атында мектеп ашылды
29-12-2020 10:38
Павлодарда Мұзафар Әлімбаев атында мектеп ашылды

   Заманауи мектептің салтанатты ашылу рәсімі 2020 жылдың 29 желтоқсанында өтті. Облыстың бейне-конференциясы арқылы Әбілқайыр Сқақов оқушыларды маңызды оқиғамен құттықтады. Мектеп Павлодар облысының Шарбақты ауданында дүниеге келген атақты жерлесіміз Мұзафар Әлімбаевтың құрметіне аталған. Ақын, жазушы, «Балдырған» журналының негізін қалаушы болған. Оның шығармалары 38 тілге аударылған.

   - Менің барлық  сыныптастарым мен мектебіміздің оқушылары сияқты біз де жаңа мектептің ашылуын және жақсы жағдайда оқу мүмкіндігін асыға күттік. Мен достарымды тезірек көргім келеді және бұл жаңа мектепте болатынына қуаныштымын. Жасалған жағдайлар бізге оқуда бұдан да жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Біз туған ұстаздарымыздың бізбен бірге көшетініне қуаныштымыз. Бізде ең жақсы спорт залы болады деп естідік. Мектеп үшін үлкен рахмет, - деді 6 сынып оқушысы Әнел Солтанбаева. Сондай-ақ, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Кузьменко Юлия  жауап сөз сөйледі.

   Оқу орнын пайдалануға берудің арқасында қаланың басқа мектептері түсіріледі, сондай - ақ № 13 ЖОМ 5 - 11 сынып оқушылары ауыстырылады. Құрылыспен «ГСУ Құрылыс» ЖШС айналысты. Мердігер барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтағанын атап өткен жөн. Мектеп 600 оқушыға арналған және Затон шағын ауданында орналасқан. Оқыту тілі қазақ және орыс тілдері болып табылады. Балалар екі ауысымда оқиды. Мектеп заманауи құралдармен жабдықталған. «Е-portfolio» орнатылды-онда педагогтардың барлық жетістіктері мен атқарымдары жүктеледі, «Е-kitaphana» толық автоматтандырылған кітапхана жүйесі жұмыс істейді, оның көмегімен келушілер қажетті әдебиеттерді оңай және тез таба алады. Асханада e-pit жүйесі орнатылған, оның көмегімен балалар дайындалған тағамның сапасын бағалай алады. Сондай-ақ кітапханада презентациялар, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізу үшін «Со-Working» жабдықталған.

   Жаңа мектептің ерекшелігі - оның өлкетану бағыты. Оның аясында мектеп пен Павлодар география үйі арасында бірлескен жұмыс жүргізіледі, онда балалар география үйінің бірегей экспонаттары - этнографиялық, геологиялық, тарихи жәдігерлерге сүйене отырып, туған өлкесінің ерекшеліктерін зерттейтін болады. Бүгін оқушылар жаңа мектеп қабырғасында офлайн оқуға қайта оралуды асыға күтуде.